21
Тіршілік
Әр бұрышта майда-шүйде сатып жүрген баласы бір контейнер
қойып алсам, дұрыс сауда жасасам, табыс көбейер еді деп емеурін
білдірген соң қолда бар қаржысының
жартысын берген болатын
келініне көрсетпей.
– Бір үш-төрт айда қайтарамын, – деді ол.
Ал қалған ақшасын мың салсаң бірнеше есе ғып қайтаратын бір
компанияға салды. Ақша қайтаратын уақытты күтіп жүргенінде ол
компания халықты алдап, жерге қаратып, шетелге кетіп қалыпты.
Ұлының жаңа қойған сауда орнын бәсекелестері өртеп жіберіпті.
Сондай сәтсіздіктерден кейін үй ішіндегі қайшылық ұлғая түсті. Келін
қабағын ашпайды, үйіне
келіп кіріп алған, ақшасын бермей қойған
енесі көз алдында сүйелдей болып тұрып алды. Қабағын ашпаудың
соңы ене мен келіннің жұлысып тынуына әкелді. Балалардың төбелесіп
қалғаны түрткі болды. Келін ұлына, бұл жиен немересіне жақтасты.
Ақыры бірінің шашынан бірі ұстап тұрған екеуін ұлы ажыратты.
Әйелін балконға сүйреп апара жатқан баласын көрген Салиха жан
дәрмен келінге болысуға ұмтылды. Ашу үстінде
лақтырып жіберсе
өмірі түрмеде өтпей ме?!
Оқиға қылмыссыз аяқталды. Салиха түнімен көз ілмеді. Өзінің бұл
үйге симайтынын түсінді. Ұлы үшін уайымдады. Ішетін әйел, тірлігі күл-
талқан. Ашудан бірнәрсеге ілігіп кетер ме?... Жиен қызды шешесіне
апарып бермек боп шешті, өзі жалдануға жұмыс іздемек болды да,
азын-аулақ жол қаражатымен кетіп қалды.
«Жетім бұрышқа» барып күні
бойы тұрып, енді үмітін үзіп, қайда
барарын білмей тұрғанында әлде бір жаңа қазақ үй шаруасына әйел
іздеп жүргенін айтып еді, бес-алты адам оны қаумалап алды. Оның көзі
жинақы, сүйкімді жүзді, оқу-тоқуы барлығы білініп тұратын Салихаға
тоқтады. Сөйтіп,
құдай қолдап, далаға қалмаған әйел үй жинаушы
болғанына риза болды.
Бұл бір ірі банк қызметкерінің үйі екен. Үй жинап, тамақтарын дай-
ындап, кішкентай еркетотай қызына қарап күні бойы жұмыс таусыл-
майды. Тамақтың сәнін келтіріп жасайтын Салиха оларға ұнап жүрген...
Қолындағы толып жатқан азық-түліктен аздап-аздап қымқырып,
қызына көмектеспек болып, жинап жүретін. Соны біліп қойған үй иесі
әйел:
– Сізді мен жұмыстан қуамын. Барыңыз, – деді.
– Мен жоғары білімді мұғаліммін. Ұры емеспін.
Ендігі әрі қай та ла-
май мын, – деді жыламсырап.
– Жоқ, сенімнен шықтыңыз, – деді бір сөзді әйел.