«Ұйқыдан кейінгі жаттығулар»



Дата07.02.2022
өлшемі38,61 Kb.
#88732
Байланысты:
son





«Ұйқыдан кейінгі жаттығулар»
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, дене бітімін жақсарту, балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерді оятуға арналған. Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдың іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: ілгекті жолдар, тастар, денсаулық кілемшілері, табандар, әтеш киімі.

Музыка әуенімен әтеш бейнесіне еніп тәрбиеші кіреді.
Тәрбиеші: Ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку.
Балапандарым кәне ұйқыдан тұрайық.
Тәрбиеші: Түс мезгілі, түс мезгілі.
Балапандар ұйқыға кірісті.
Балапандар көреді түсті,
Ғажайып сиқырлы әлемді.
Балалар ұйқыдан оянады.

Тәрбиеші:
Көзімізді ашайық,
Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық,
Жаттығулар жасайық.

Жалпы жетілдіру жаттығуы:
1. Балалар төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады.
2. Балалар төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму.
3. Балалар төсекте жатып, велосипед тебу.
4. Қолтырауын болып, бір қырынан төсек үстінде аяқ - қолды созу.
5. Балалар төсекте отырып, бір - біріне қарап сәлемдесу.
Тәрбиеші: Балалар кәне шеңбер құрайық.

Тыныс алу жаттығуы:
Ку - ка - ру, ку - ка - ри – ку, ку - ка - ри - ку.
Табанды шынықтыру массаждары:
1.«Балапандар серуенге шықты» шиқ - шиқ - шиқ.
2. Табанға арналған денсаулық кілемшелерімен жүру.
3. Ілгекті жолмен жүру.
4. Тастардың үстерімен жүру.
5. Кірпі тікенектеріне ұқсас төсеніштермен жүру.
6. Табандар арқылы жүру.

Тәрбиеші: Балалар енді беті - қолымызды жылы сумен жуып, сүлгімен сүртінейік.
Тәрбиеші: Балалар кәне жарты шеңберге тұрайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық.
Тәрбиеші: Осымен ұйқыдан кейінгі жаттығуларымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп - көп рахмет.

ақырыбы: Ұйқыдан кейінгі сауықтыру-шынықтыру шаралары
Мақсаты: Балалардың дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына, қан айналымының жақсартуына, көздерін дем алтуға, балалардың арқалары, қолдарындағы, табандарындағы нүктелерді оятуға арналған жаттығуларды жасату. Суық тиюге және майтабанға қарсы жаттығулар жасау арқылы балалардың денсаулығын нығайту, дене сымбатын жетілдіру, қимыл - қозғалыс дағдыларын дамыту. Балалардың көңіл - күйін көтеру, мәдени - гигиеналық талаптарды орындау, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түскі ұйқыдан кейін баланың сергек болуы тәрбиешінің ерекше назар аударуын талап етеді. Түскі ұйқыдан кейін баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді. Ұйқыдан ояну кезі келгенде ақырын, ырғақты әуен қоямыз, оянудың міндетті шарттарын сақтай отырып баланың оянуына мүмкіндік береміз – бастапқы күйде – арқасынан жатады, қолы денесінің бойымен ұзыннан созылып, денені еркін ұстап, тыныштықта болады. Гимнастика кешені тұрақты. Ай барысында әуен ауыстырылмайды, ал жаттығулар ойын түрінде жүргізіледі, жаттығуларды 1 - 2 айдан кейін ауыстырып отырамыз. Түскі ұйқыдан әрбір бала жеке оятылады. Біздің топта ұқсастықтары бойынша ең жеңіл, қарапайым жаттығулар жүргізіледі.
Тәрбиеші балаларды көтеріңкі көңіл-күймен ояту керек. Өйткені ұйқыдан оянған баланың бірінші көретіні - ол күлімдеген жылы жүзді адам.
Ұйқыдан ояту шараларын баланың жас ерекшелігіне сай 7 минуттан бастап 15 минутқа дейін жүргізуге болады. Ал ересек топ балалары үшін 20 минутқа дейін созылуы мүмкін.
Ұйқыдан кейінгі сергіту жаттығуларының түрлері:
1. Төсек үсті жаттығулар мен өзін - өзі массаж
2. Ойын түріндегі массаждар
3. Әр түрлі массажды құралдарды пайдалану арқылы жаттығу жасау
4. Табанға арналған кілемшелер үстімен жүру
5. Шынықтыру - сауықтыру
6. Музыкалы - ырғақты жаттығулар

Сергіту жаттығулары аяқталған соң міндетті түрде мәдени - гигиеналық талаптар (жуыну, ауыз қуысын тұзды сумен шайқау) орындалу керек.

Түскі ұйқыдан ояну шаралары кезінде қолданылатын тақпақтар жинағы:

Бойымызды жазайық
Қолымызды созайық
Жаттығулар жасайық
Ұйқымызды ашайық!

Балапандар ұйқыға кірісті.
Балапандар көреді түсті,
Ғажайып сиқырлы әлемді.
Балалар ұйқыдан оянады.

Көздеріңді ашыңдар,
Кірпіктеріңді көтеріңдер.
Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,
Бір - біріңе жымиыңдар,
Бастарыңды оңға, солға бұрылыңдар,
Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер,
Іштеріңді тартыңдар,
Көңіл күй көтерілді,
Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар,
Жұдырықты қысыңдар,
Енді біраз ашыңдар,
Керіліңдер, созылыңдар,
Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар.

Әдемі ирек жолдармен
Лақтарша біз ойнақтап
Тастан - тасқа секіріп
Жалаң аяқ жүреміз.
Табанға біз нүктелі
Массаж жасау білеміз.

Бірге секірейік.
Бірге созылайық.
Бірге қолымызды созайық.
Бірге еңбектейік.
Бірге тіземізді ұстайық.

Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың.

Сүлгі
Ақ мақтадай түгі бар,
Қызыл - жасыл гүлі бар,
Жұмсақтығы мамықтай,
Сүртінесің жалықпай,
Тазалықтың досы -
Сүлгі деген осы.

Міне, бүгін ойнадық
Ойнадық та, ойладық.
Көжектер боп жүгіріп,
Сәбіздерді жинадық.
Бүгін жаттығу жаңаша
Қалмадық біз оңаша
Біздің балабақшада
Күнде осындай тамаша!

Ұйқыдан кейінгі жаттығу түрлері:

I. Төсек үсті жаттығулары.
Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Балалардың жалпы физиологиялық жетілуін жақсарту, қимыл қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоцияналды көңіл күй ортасын жасау.
1. Велосипед жаттығуы. Қол мен аяқты жоғары көтеріп. аяқты кезекпен сермеу.
2. Қайық жаттығуы. Ішпен жату, қолдар иектің астында. Жоғары тартылып, еңкею, тербелу.
3. Ауыр тастар көтеру. Алақанды жұмып, қолды жартылай көтеріп - түсіру
4. Шаңғы жаттығуы. 2 аяқты тізеге бүгіп, кезекпен созып - жинау. Табанды төсек үстіне үйкеу.
5. Ашулы мысық. Тіземен тұрып, белді бүкірейтіп, басты төмен түсіру.
6. Мейірімді мысық. Белді бүгіп, басты жоғары көтеру.

II. Жалпы дене жаттығулары.
Жалпы денеге арналған жаттығу - балалардың денсаулығын нығайтып, дене бітімін жақсы қалыптастырады.
1) Арқаға арналған «Ауа - райы» жаттығуы. Балалар бірінің артына бірі тұрып, алдыңғы тұрған балаланың арқасына әт түрлі массаждар жасайды.
2) Басқа және қолға арналған массажды қолғаптармен жасалатын жаттығулар
3) Мойынға арналған массажды жөкемен жаттығу

III. Алақан мен аяққа арналған жаттығулар.
Ұсақ саусақ маторикасын дамытуға және майтабанның алдын алуға зор әсер етеді.

1) Алақанға арналған «Кірпі» жаттығуы. Тікенек допты алақанға салып, айналдыру.
2) Табанға арналған жаттығу.
3) Бақайға арналған жаттығу

IV. Нүктелі массаж.
Суық тиюге және тұмауға қарсы жаттығулар жасау арқылы балалардың денсаулығын нығайту, дене сымбатын жетілдіру, қимыл - қозғалыс дағдыларын дамыту.

А) Тамағымыз ауырмау үшін, қолымызбен тамағымызды жоғары - төмен уқалаймыз
Б) Түшкіріп, тұмауратпау үшін, нұсқаушы саусағымызбен танауымыздың екі жағын кезектеп үйкейміз.
В) Қолымызды маңдайымызға қойып уқалаймыз.
Г) Құлағымызда ауырмау үшін, нұсқаушы және ортаңғы саусағымызбен құлағымызды алдынан және артынан уқалаймыз.
Керемет балалар, бізге ешқандай суық тию кедергі болмайды (алақанын уқалау)

V. Тыныс алу жаттығулары
Тыныс алу жаттығулары өкпенің жұмысын жетілдіріп, қан айналымын жақсартады. (үрлеу әдісі)

VI. Кедір - бұдыр жолдармен жүріп отыр.
Табанға массаж - өте тиімді пайдалы денені шынықтырудың түрі. Бұл табан бөлігіндегі активті нүктелерге қалыптасу үшін керек, майтабанның алдын алу үшін пайдалы.

Құмды, тасты, сулы жерлермен жүріп өту. Әр түрлі кедергілері бар кілемшелерді басып жүру.

алауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға,
дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі, алкогольді тұтынуымызды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. бағытталған.
Н. Ә. Назарбаев

Алғы сөз!
Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі.
Сондықтан, балалардың дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір сүрудің құндылығына, қажеттілігіне баланың көзін жеткізіп, оны іске асыру жолдарын көрсетіп, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек.
«Баланың саулығын сақтау» жөніндегі ақыл кеңестерді денсаулықты сақтауға үйрететін толық құрал ретінде қарауға болмайды.
Әйткенмен, осында айтылған шараларды орындап тұрса, жас буынның тазалықты сақтап, бойларын күтуіне едәуір себеп болар еді деген ойдамыз.
«Ауырып – ем іздегенше, ауырмайтын – жол іздейік.»


Ұйқыдан кейінгі жаттығулар.
Күн сайын күндізгі ұйқыдан кейін. (ұзақтығы 5 - 10 минут)
Таңертең ояна салып, бірден тұрып, жуынып, сабаққа не жұмысқа жинала бастайсыз. Толыққанды ояну үшін мына жаттығуларды жасап, ағзаңызды жаңа күнге дайындаңыз.
Оянған бойда төсектен тұрмаңыз. 5 минут шамасында демалып, жай жатыңыз. Ал осы уақытта мына жаттығуларды орындаңыз.
Көзіңізді жұмып, бірнеше рет тартылыңыз. Денеңіздің әр бұлшық еті созылып - тартылғанын сезініңіз.
Бірнеше рет терең дем алыңыз. Мұрынмен дем алғанда, ішті жоғары көтеріп, дем шығарғанда ішті барынша тартыңыз.
Алақандарыңыз бен аяқтарыңызды айналдырыңыз.
Көзіңізді қатты жұмып, бірден ашыңыз.
Жаттығулардан кейін жаныңызға жақын адамдар, жылы жерлер, жалпы жақсы заттар туралы ойлаңыз. Осылайша денеңіз бен ойларыңыз жаңа күнге дайын болады.

Шапалақ.
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.
Балалар сендердің көңіл - күйлерің қандай?
Сендер көңіл - күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл - күйлеріңді көрсетіңіздерші.
Көңілді болғанда не істейміз?
Ренжігенде...
Қорыққанда...
Қуанғанда...
Таң қалғанда...
Шапалақты тыңда
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.
Қанша дыбыс естідіңдер?
Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.
Гүл
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады (қолдарын жан - жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).

Кім әлі ұйқыда?
Тұру керек.
Асығыңдар жаттығуға.
1. Балалар төсекте, арқаға жатып, қолын жанына созу, демдерін бірнеше секунд іште ұстап, еркін шығару.
2. Балалар төсекте, арқаға жатып қолды екі жаққа созу, жұдырықтарын жұму, қолдарын алға созып айқастыру, демалу.
3. Балалар төсекте, арқаға жатып қолдарын бастарына қойып кезекпен сол аяқтарын, он аяқтарын көтеру, екеуін бірге ұстап, жайлап түсіру.
4. Балалар төсекте, арқаға жатып шынтақтарын тіреп иілу, кеуделерін жоғары көтеру, басты тік ұстау 3 - 5 секунд
5. Балалар төсекте, ішке жатып, қолдарын иыққа қою, аяқтары еденде.
6. Балалар төсекте, ішке жатып қолдарын иыққа қою, иілу, шынтақтарын тіреп, мойындарын созу.
Созылу.
Балалар төсекте, бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Жауырынды тік ұстап созылу.
Қоңырау, қоңырау сылдырла,
Ұл мен қызды оятып.
Оянсаңдар егер де,
Бір - біріңе күліңдер.

Кемпірқосақ сал.
Бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Жауырынды тік ұстап созылу.
Оң аяқты көтеріп ауада жарты шеңбер жасау, дәл солай сол аяқты көтеріп жарты шеңбер жасау.
Қандай ғажап керемет,
Әсем есік ашылды.
Түрлі - түсті бояулар,
Аспанда жайылып шашылды.

Найзағай.

Бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Аяқтарын кеудеге жеткізу, қолдарымен құшақтау. Түзелу.
Аспанда найзағай жарқырады,
Балалар қорқып қашады.

Қайық.
Ішпен жату, қолдар иектің астында. Жартылай тұрып, еңкею, тербелу.
Жерде бұлақ жүреді,
Қағаздан қайық жасайық.
Суға оны жіберіп,
Қайықпен бірге жүзейік.

Мысық.
Терезенің қасында,
Орындықты тауып ап,
Мысық ұйықтап жатады,
Оян, қане мысығым,
Жаттығуды жасайық.
Бір бүйірден екінші бүйірге аунау.

Оянайық бәріміз.
Тәрбиешінің айтқанын орындайды.
Көздеріңді ашыңдар,
Кірпіктеріңді көтеріңдер.
Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,
Бір - біріңе жымиыңдар,
Бастарыңды оңға, солға бұрылыңдар,
Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер,
Іштеріңді тартыңдар,
Көңіл күй көтерілді,
Кеуделеріңді алақанмен сипаңдар,
Жұдырықты қысыңдар,
Енді біраз ашыңдар,
Керіліңдер, созылыңдар,
Енді ояндыңдар, төсектен тұрыңдар.

Әтеш ұйықтап жатыр.
Арқасымен жату, қол басында, аяқ бірге.
Аяқ пен қолды жоғары көтеру,
Әтеш оянды.
Әтеш бидай іздейді.
Отыру, аяқты бірінің үстіне бірін қою.
1. Басты оңға бұру
2. Қалыпқа келу
3. Басты солға бұру
4. Қалыпқа келу
5. Сол жаққа қайталау.

Басты бұру.
Төсекте отыру, қол белде, басты оңға бұру,
Қалыпқа келу.
Қайталау, сол жаққа
Қалыпқа келу.

Алақаныңды көрсет.
Қолдары иықта,
Қолдарды алға созу, алақан көрсету.
Қалыпқа келу.
Қайталау, сол жаққа, алақан төменде.
Қалыпқа келу.

Мысық бірде жақсы, бірде жаман.
«Төрт аяқтап» тұру.
Арқасын бірде бүгіп, бірде түзеу.

Аяқ ұшымен тұру.
Кереуеттің қасында тұру.
Өкшелер екі жақта, аяқ ұшымен тұру.

Бәріміз бірге еңкейейік.
Велосипед.
Бірге секірейік.
Бірге созылайық.
Бірге қолымызды созайық.
Бірге еңбектейік.
Бірге тіземізді ұстайық.
Бір орында секіру.
Тыныс алу.

Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары
«Көңілді қоңыздар» массаж түрлері 
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы қалыптастыруға, қан айналымын жақсартуға, көздерін демалтуға, балалардың арқасындағы, қолындағы, табандағы нүктелерді оятуға арналған. Ағзаның көптеген қызметтерін жақсартады. 

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету. 

Көрнекілік: ілгекті жолдар, тастар матрастар, қоңызда киімі, ойыншық қоңыздар. 

balalarМузыка әуенімен балалар залға кіреді. 

Тәрбиеші: Түс мезгілі, мезгілі, 
Қоңыздар ұйқыға кірісті 
Қоңыздар көреді түсті 
Әдемі сиқырлы әлемді. (балалар ұйқыдан оянады) 

balalar1Көзімізді ашайық 
Тәрбиеші: Аунап, қунап алайық , 
(жалпы денеге арналған жаттығу) Бойымызды жазайық. 
Қолымызды созайық 
Жаттығулар жасайық, 
balalar2Ұйқымызды ашайық 

(көзге арналған жаттығу) Қоңыз, қоңыз, қоңызым, 
Ағашқа ол өрмелеп Бұтаққа келіп отырып, 
Күнге көп қарайды, Қоңыз,қоңыз,қоңызым 
Тербеледі таяқта 
Тынығады, ұйқтайды. 
balalar3 
(Табанды шынықтыру массажы) 
balalar4Оң қолға ұстап тарақты, 
Түрлі массаж жасайық. 
Сол қолға ұстап тарақты, 
Табанға массаж жасайық. 

balalar5 
(арқаға арналған массажы) Қыбыр-қыбыр жүріспен, 
Қоңыздар қырға шығады. 
Төмен қарай сырғанап, 
Қайта өрмелеп шығады. 
(Қолға арналған массаж) Қоңыз шықты ағашқа, Артында оның баласы. Бір мезгілде жаңбыр жауды Қоңыз жерге құлады. Қүн шапағын шашады 
Қоңыз үйге қайтады. 
(ілгекті жолмен жүру) 
Әдемі ирек жолдармен 
Лақтарша біз ойнақтап 
Тастан-тасқа секіріп 
Жалаң аяқ жұреміз. 
Табанға біз нұктелі 
Массаж жасау білеміз. 
Балалар жарты шеңбермен тұрып, қонақтар мен қоштасады) 
Қол үстасып тұрайық, 
Шеңберді біз құрайық, 
Көріскенше күн жақсы 
Сау саламат болайық!.


үскі ұйқыдан кейінгі ояту жаттығулары; 
оянғаннан кейін ұйқысұрауды ашады; 
көңіл-күйді көтереді, өзін жақсы сезінеді; 
ақыл-ой және физикалық қабілеттілігін арттырады; 
өкпе мен жүрек қызметін жақсартады; 
бүкіл ағзаны шынықтырады. 
Түскі ұйқыдан кейінгі жаттығулардың үш негізгі кезеңін атап айтуға болады: 

жаймен ояту; 
төсектегі жаттығулар; 
ойын түріндегі жаттығулар мен массаждар. 
Тәрбиешінің түскі ұйқыдан кейінгі сергіту гимнастикасын дұрыс таңдауы баланың дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер беріп, күні бойы сергек жүруіне ықпалын тигізеді. Ұйқыдан ояту кезінде 1-1,5 минут ақырын, ырғақты әуен қойып, оянудың міндетті шарттарын сақтай отырып, баланың жәймен оянуына мүмкіндік беру керек. Бала бастапқы қалыпта – арқасына жатады, қолын денесінің бойымен ұзыннан созып, денесін еркін ұстап тыныштықта болады. Алдымен төсекте орындалатын қарапайым керілу жаттығуларын жасатып, содан соң «Вилосипед», «Мысық», «Ит», «Кемпірқосақ», «Қайық» секілді күрделі қол мен аяқтарын көтеру арқылы жасалатын жаттығуларға көшкен дұрыс. Тұрақты құрылған гимнастика кешені мен музыка жинағын 1-2 айда ауыстырып, төсектегі жаттығуларды ойын түрінде жүргізу баланың жалпы дене бұлшықерттерінің икемді қозғалысқа келуіне өз септігін тигізеді. 3-5 минут уақыт аралығында тиімді жүргізілген төсек жаттығуынан кейін баланы төсектен тұрғызып, түрлі жолдар арқылы сергек адыммен ойын бөлмесіне өткізу керек. Ойын бөлмесіне өтуге түрлі жолдарды, яғни, қабырғалы, түймелі, тастақ, тұзды-сулы жолдарды қолданамыз. 
Ойын жаттығуларын өткізетін бөлме баланы оятар алдында алдын ала желдетіледі. Бұл жаттығуды шынықтырумен біріктіру болып саналады. Ұзақтығы 2-3 минутқа созылатын температурасы 17-19 градус болатын ойын бөлмесіндегі жаттығуды алдымен баяу жүруден бастаңыз. Жүрудің түрлері әр-түрлі болады: өкшемен, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп жүгіру, жартылай отырып жүру, табанның ішкі, сыртқы қырларымен жүру. Содан кейін шаңғышылар, конькишілер жаттығуларын орындатамыз. Жаттығуларды орындау кезінде баланың денесін дұрыс ұстауын қадағалаңыз. Егерде сіздерде массажды кілемше болса тіптен жақсы. Массажды кілемшені аптасына 2-3 рет ұзын жол жасап, 5-7 минут уақыт аралығында жалаңаяқ баяу қарқынмен жүріп бастап, жүгіруге ұластыру керек. Сондай-ақ ойын бөлмесінде жүргізілетін жаттығулар кешенін құрал пайдаланып өткізу балалардың қызығушылықтарын арттырады.Гимнастикалық жаттығуларды аяқтап, беті қолын салқын сумен жуу, су сүлгілермен денесін ысқылау, т.б. сумен шынығу және ауыз-мұрын қуысын шаю процедураларын орындауға нұсқау беріліп, баланы ұйқысынан толық ояту жұмыстары аяқталады. 

Кіші топтарында ұйқыдан кейінгі орындалатын төсек жаттығуы. 
(Ұзақтығы 5-8 минут) 
«Көз қыспа» 
Орындалуы: Мұрынның ұшына қарау (20 секунд). 

«Көңілден» 
Орындалуы: Төсекте отырып, басты оңға-солға бұру (1-3 рет), күлеміз. 

«Тасбақа» 
Орындалуы: Төсекте ішімен жатып, қол шындақтан бүгулі, иек тұсында, аяқтарын кезек-кезек жоғары көтеру (1-2 рет). 

«Тышқандар» 
Орындалуы: Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен өз-өзін айналады (8 секунд) 

«Өрмелеу» 
Орындалуы: Түрлі жолдармен жүру (1-2 минут). 

Тұзды-иодты ерітіндімен ауыз,мұрын қуысын шаю. 

Ортаңғы топтарында ұйқыдан кейінгі орындалатын төсек жаттығуы. 
(Ұзақтығы 8-10 минут) 
«Жоғары-төмен қара» 
Орындалуы: Басты қимылдатпай жоғары-төмен қарау (3-4 рет). 

«Созылу» 
Орындалуы: Төсекте бірқалыпта-аяқтары бірге, қолы денесінің қалпымен жоғарыға созулы арқасымен жатып, керілу (3-4 рет). 

«Найзағай» 
Орындалуы: Төсекте арқасымен аяқтары бірге қолдары денесінің қалпымен төмен созулы. Аяқтарын тізеден бүгіп, кеудесіне жеткізу, қолдарымен аяқтарын құшақтау, б.қ. келу. (3-4 рет). 

«Қайық» 
Орындалуы: Төсекте ішпен жатып, қолды иекке таяп қою. Жартылай тұрып, оңға-солға тербелу (3-4 рет). 

«Кемпірқосақ» 
Орындалуы: Төсекте арқамен жатып, аяғы бірге ауада шеңбер жасау (3-4 рет). 

«Өрмелеу» 
Орындалуы: Түрлі жолдармен жүру (1-2 минут). 

Тұзды-иодты ерітіндімен ауыз,мұрын қуысын шаю. 

Ересек топтарында ұйқыдан кейінгі орындалатын төсек жаттығуы. 
(Ұзақтығы 8-15 минут) 
«Көзбен ойнау» 
Орындалуы: Басты қимылдатпай, көзқарасты оң, сол, жоғары, төмен бағытта айналдыру (5-6 рет). 

«Алақан» 
Орындалуы: Төсекте ішпен жатып қол мен аяқты созу (5-6 рет). 

«Көпір» 
Орындалуы: Төсекте арқамен жатып, баспен аяққа тіреліп, кеудені көтеру. 

«Велосипед» 
Орындалуы: Төсекте арқамен жатып, қол шынтақтан бүгулі кеуде тұсында, аяқты тізеден бүгулі жоғарыда ұстап, 5-6 рет қайталай отырып, аяқпен кезек-кезек ауада доңғалақ тебу. 

«Тышқандар» 
Орындалуы: Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен өз-өзін айналады (5-6рет). 

«Өрмелеу» 
Орындалуы: Түрлі жолдармен жүру (1-2 минут). 

Тұзды-иодты ерітіндімен ауыз,мұрын қуысын шаю.

Карточка №1 

Аяқ сәл алшақ, қол иықта алға, артқа есу. 

Қолды алға созып, қайшылау. 

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір, сағаттың тіліндей иіліп солға бір 

Аяқ сәл алшақ, тізелері түзу, аяқтың ұшына қол тигізу, БҚ қа келу. 

Қоян секіреді, ат шабады, құс ұшады, аю қорбаңдайды, адам жүреді 

Кілемге жатып аяқты көтеру, велосипед тебу, қалыпқа келу. 

Жерге жатып, балықша жүзу, қолдарын сермеу, қалыпқа келу. 

Аяқтың ұшына көтерілу, демді ішке тартып, қайта шығару 


Карточка №2 

Аяқ бірге, қолдарын алға созу, жоғары көтеру, жанға созу 

Қол белде, оңға, солға иілу. 

Отырайық жүрелеп, 

Гүлді үзіп алайық. 

Орнымыздан түрегеп 

Басқа гүлге барайық. 

Қолдары белде. Оң аяқпен бес рет, сол аяқпен бес рет секіру 

Қолдары иықта.Алға, артқа есу. 

Кілемге жату, аяқты созу, қайшылау, түсіру. 

Саппен жүріп өту. 

«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет» 

Карточка №3 

Шеңберде аяқтың ұшымен өкшелеп жүру. 

Қол белде, оңға, солға бқрылыстар жасау. 

Қолдарын екі жаққа жайғызып, «Көбелек» жаттығуын жасату: ұшады, гүлге қонады, шырынын сорып, қайта ұшады. 

Қолдарымен күбідегі қымызды піскендей әрекеттер жасайды. 

Оң және сол қолдарын кезек көтеріп, еседі. 

Кілемге жатып, аяқты жоғары көтеріп, велоспипед тебу. 

Аяқ бірге,қолдарын еңкейіп аяқ ұшына тигізу, қайта тіктелу. 

Карточка №4 

«Маған қарай жүгіріңдер» ойыны.Топтасып бір бағытта жүгіреді. 

«Торғайлар болып ұшайық»: жан жаққа жеңіл жүгіреді. 

Тәрбиешінің көмегімен шеңбер жасап тұрады. 

Шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, «қоянша» секіру. 

Тік тұрып қолды алға созу, тік тұрып қолды жоғары созу 

«Құстай қанат самғайық» жаттығуы 

Тік тұрып, қолды бүйірге қойып,аяқты алшақ етіп тұрып оңға және солға иілу. 

Аяқтың ұшымен шеңбер бойы жеңіл жүру. 

Тәрбиешінің артынан жеңіл үйіріліп жүгіру. 

Карточка №5 

Сапта тұрып, бірінен кейін бірі тізіліп жүру, жүгіру, аяқ ұшымен жүру. 

Шеңбер жасап тұру 

Тік тұрып, қолды алға, жоғары, жанға созу,төмен түсіру. 

Екі қолды жайып, көбелекке ұқсап ұшу, бір орында ақырын айналу, қону. 

Қоянша секіру, аюша қорбаңдау. 

«Балапандар жем шоқыды» жаттығуы: Отыра қалып саусақтарымен еденді тырсылдату 

Дем алып, дем шығарып, жай жүріспен шеңбер бойы жүру 

Карточка №6 

Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, бірінің артынан бірі тұру. 

Қоянша секіру, аюша қорбаңдау, құсша қанат қағу. 

Шеңбер құрып тұру. 

Басымен оңға, солға, алға, артқа иілу. 

Қолдарын алға, жоғары көтеріп, төмен түсіру. 

Аяқ алшақ, екі қолдарымен бүйірлерін таянып алып оңға, солға иілу. 

«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!» 

Карточка №7 

«Маған қарай жүріңдер» ойыны.Бір бағытта топтасып жүру. 

«Торғайлар болып ұшайық»: Әртүрлі бағытта жеңіл жүгіру, қайта жиналу. 

Шеңбер құрып тұра қалу. 

«Біздің қолымыз қайда?» жаттығуы:Балалар қолдарын артқа жасырып, аяқтарын сәл ашып тұрады. «Қолдарың қайда?» деп сұраған кезде, «Міне,біздің қолымыз!» деп көрсетеді. 

«Тик-так» жаттығуы.Сағат тіліндей екі жаққа кезек иілу. 

«Күнге қол созамыз». 

Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру. 

Карточка №8 

Тәрбиешінің артынан шеңбер бойы жай жүру, аяқ ұшымен жүру. 

Қолды алға созу, жоғары созу, жанына түсіру. 

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір, сағаттың тіліндей иіліп солға бір. 

Баспен оңға,солға, алға, артқа иілу. 

«Қарлығаш боп ұшайық» 

«Қоянша секірейік»: Бір орында тұрып, екі қолдарын кеуделеріне қойып секіру. 

Жай жүру, дем алу. 

Карточка №9 

Психогимнастика: «Күлімдеп амандасайық». 

«Саусақтар амандасады»: Екі қолдың саусақтарын біртіндеп түйістіру. 

Массаж немесе уқалау: 

«Қолымызды жуамыз»: Екі қол бір бірін сипайды. 

«Қайырлы күн, көздерім»: Қабақтарын сипайды. 

«Оянамыз, көздерім»: Бинокльге қарау. 

«Қайырлы таң, қолдарым»: Шапалақтау. 

«Қайырлы таң, аяқтарым»: Аяқтарын сипау. 

«Оянамыз, аяқтарым»: Бір орында жүру. 

Карточка №10 

«Ысқырғыш»:Бірінен соң бірі сапта тұрып бағыт өзгерте жүру. 

«Шапалақ»: Бытырап жүгіру. 

Қолдарын алға, артқа тербету. 

Оңға бұрылып қолды артқа созу, солға бұрлыпы қолды артқа созу. 

Түзу тұрып, аяқты алшақ қойып, қолды шынтақта бүгу: «насоспен» дөңгелекке жел үрлегендей қимылдар жасау. 

Арқаға жатып, дене бойымен қолды созу, аяқтарын кеудеге тартып тізеден қолмен шапалақтау, қайта қалыпқа келу. 

Бір орында секіру. 

Саппен бірінің артынан бірі жай жүріспен жүру, тыныс алу. 


Карточка №11 

Тізбек қатарға тұру.Қолды белде ұстап аяқ ұшымен жүру. 

Қолды жанына, жоғары, алға, артқа созу, қалпына келтіру. 

Қолдарын желкеге айқастыра ұстап, кеудені еңкейту, көтерілу. 

Қолды алға созып отыру, тұрғанда төмен түсіру. 

Өкшелерді қосып тұру, отырып тұру. 

«Ағаш шабушы» жаттығуы: аяқтары алшақ, екі қолды түйістіріп балтамен ағаш шапқандай әрекеттер жасау. 

Шеңбер бойы жай ғана тыныстап жүру. 

Карточка №12 

Тізбекте бір қатармен тұру, жүру, шашырау 

Жүру, звеноларға бөліну. 

Аяқ алшақ, екі қолды жанынан көтеріп, керілу. 

«Маятник» жаттығуы: Кеудені солға, оңға тербелту. 

«Ағаш шабушы» жаттығуын қайталау. 

Жұптасып қол ұстасып бірінің артынан бірі жүру. 

Бір орында немесе жан жаққа шашырап секіру, қайта ортаға жиналу. 

«Көбелек» атты тыныс алу жаттығуы. 

Карточка №13 

1.Жүру,жұптасып жүргізу,бір қатарға тұрып жүру,аяқтың ұшымен жүріп келе жатып қолды жоғары күнге қарай созу. 


2. «Қол жаттығуы». 

Екі аяқты иық денгейіне қою.Оң қолды көтеріп түсіру..Сол қолды көтеріп түсіру. 

3. «Тербелу» жаттығуы. 

Еденге отыру.Аяқтар иық кеңдігінде.Екі қолды артқа қойып тербелеміз. 

Оң аяқты көтеріп,аяқтың ұшымен түзейміз..Сол аяқты көтеріп,аяқтың ұшын түзейміз. 

4. «Алға еңкею». 

Саусақтарды айқастыра ұстап,жерде отыру.Алға иіліп,аяқтың ұшына жету. 

5. «Секіру» жаттығуы. Оң және сол аяқпен кезек-кезек секіру. 

7.Тыныс алу жаттығуы: 

«Гүлдерді үрлейміз» 

8.Саусақ жаттығуы: 

Кел,кел қыздар келіңіздер, 

Жүннен киіз басайық. 

Алты қырдан асайық

Ақ текемет басайық. 

Карточка №14 


1. ″Түсіріп алма» 

Қазақша молдас құрып отыру,Доп қолда.Допты жоғары көтеру, 

Қолды бүгіп,бастан асыру.Допты жоғары көтеру 

2. ″Допты бастан асырып ұстау» 

Тізерлеп отыру,доп төменде,допты көтермелеп қолды алдыға созу.Қалыпқа келу. 

3. «Құлау» 

Аяқ иық кеңдігінде,қол доппен төменде. 

1. допты алға созып,оң аяқпен құлау.2..Б-Қ -қа келу. 

4 .«Еңкею» 

Кілемге отыру, аяқ алшақ,доп ұстаған қолды бүгіп,кеуде тұсында ұстау. 

Алға оң(сол) аяққа шалу,қолды түзу ұстау.Қалыпқа келу. 

5. «Допты айнала жүгіру» 

Түзу тұру, аяқ алшақ, доп еденде. 

Белгі бойынша допты айналып,жүгіріп,тізерлеп отырып,алақанмен допты бір ұру. 

Әр жаққа қайталау. 

6.Тыныс алу жаттығуы:«Гүл» 

7.Саусақ жаттығуы: «Көбелек» 

Көбелек-ау,көбелек, 

Әдемісің керемет. 

Алақанға қона ғой, 

Өзіңде гүл бола ғой




КАРТОЧКА № 1
1. Аяқ сәл алшақ, қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет)
2. Қолды алға созып, қайшылап қозғалту
(3 - 4 рет)
3. «Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір».
4. Аяқ сәл ашық, тіземіз түзу, аяқтың ұшына қолымызды тигізу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).
5. Қоян - секіреді; ат - шабады; құс - ұшады; аю - қорбаңдайды; адам - жүреді.
6. Кілемге жатып, аяқты көтеріп, велосипед тебу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).
7. Жерде жатып, балықша жүзу, екі қолды сермеу, қалыпқа келу (3 - 4 рет).
8. Аяқтың ұшымен көтерілу, демді жұтып
шығару (3 - 4 рет).

КАРТОЧКА № 2
1. Аяқ бірге, қолды алға созу, жоғары көтеру, жанға созу (3 - 4 рет).
2. Қол белде, оңға, солға иілу (3 - 4 рет).
3. «Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге барайық».
4. Қолымыз иықта, алға, артқа есу (3 - 4 рет).
5. Қол белде оң аяқпен 3рет, сол аяқпен 3 рет, қос аяқтап 3рет секіру.
6. Кілемге жатып, аяқты созып, бірге көтеру қалыпқа келу (3 - 4рет).
7. Аяқты алға созып көтеру, қайшылау, түсіру.
8. Саппен жүріп өту.
«Денсаулығым керемет, Жаттығуға рахмет!»

КАРТОЧКА №3
1. Шеңберде аяқтың ұшымен, өкшемен жүріп өту.
2. Қол белде, оңға, солға бұрылыстар жасау (3 - 4рет).
3. Қолымызды екі жаққа жайып, көбелек болып ұшамыз, гүлге қонамыз, шырын сорып, қайта ұшамыз.
4. Қолымызды қимылдатып, күбідегі қымызды піскендей боламыз, қалыпқа келеміз (3 - 4рет).
5. Оң қолды, сол қолды жоғары көтеріп, есеміз (3 - 4рет).
6. Кілемге жатып, аяқты жоғары көтеріп, велосипед тебеміз.
7. Аяқ бірге, аяқтың ұшына қолымызды тигіземіз, қалыпқа келеміз (3 - 4рет).

Карточка № 4
1. Ойын. «Маған қарай жүріңдер» - топтасып бір бағытта жүргізу.
2. «Торғайлар болып ұшайық» - жан – жаққа жүгіру (жеңіл жүгіру).
3. Тәрбиешінің көмегімен шеңбер құрып тұрамыз.
4. Шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, «қоянша» жүгіру.
5. Тік тұрып, қолды жоғары көтеру. (3 - 4 рет)
6. Тік тұрып, қолды алға созу. (3 - 4 рет)
7. Торғай болып қанат қағып ұшамыз.
8. Тік тұрып, аяқты алшақ қойып, бүйірді таянып, оңға – солға иілу. (3 - 4 рет)
9. Аяқтың ұшымен жеңіл жүру.
10. Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру.

Карточка № 5
1. Сапта тұрып, бірінен кейін бірі тізіліп жүру, жүгіру, аяқтың ұшымен жүру.
2. Шеңбер жасап тұру.
3. Тік тұрып, қолды алға жоғары, жаңға созу, төмен түсіру. (3 - 4 рет)
4. Екі қолды жайып, көбелекке ұқсап ұшу, бір орында тұрып жайлап айналу, қону.(3 - 4 рет)
5. Қоянша секіру, аю сияқты қорбаңдау.
6. Балапандар жем шұқыды, саусақтарымен еденді соғу. (3 - 4 рет)
7. Дем алып, дем шығарып, жәй жүріспен кету.

Карточка № 6
1. Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, бірінің артынан бірі тұру.
2. Қоянша секіру, аю сияқты қорбаңдау, құсша ұшу.
3. Шеңбер құрып тұру, тәрбиешінің көмегімен.
4. Басымен оңға, солға иілу.
5. Қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру.
6. Бүйірді таянып, оңға, солға иілу.
7. Психогимнастикалар.

Карточка № 7
1. Ойын. «Маған қарай жүріңдер.» - бір бағытта топтасып жүру.
2. «Торғайлар болып ұшайық» - әртүрлі бағытта жеңіл жүгіру.
3. Тәрбиешінің көмегімен шеңбер құрып тұрамыз.
4. Қалыпты жағдай – тік тұрып, аяқты алшақ қойып, қолды артымызда ұстап.
Тәрбиеші: «Біздің қолымыз қайда?», балалар қолды алға қарай созады «Міне біздің қолымыз!»
5. Қалыпты жағдай - аяқты алшақ, қолды белге. «Тик - так» - сағаттың тіліндей оңға, солға иілу.
6. Қалыпты жағдай – аяқты алшақ қою, қол төменде, екі қолды жоғары көтеру «Күнге қол созамыз».
7. Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіру.
8. Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру.

Карточка № 8
1. Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жай жүру, аяқтың ұшымен жүру.
2. Б. қ. – аяқты алшақ қойып, қолды төменде,
1 - қолды алға созамыз.
2 - қолды жоғары көтереміз.
3 - бірінші қалыпқа келеміз. (3 - 4 рет)
3. Б. қ. – аяқты алшақ, қолды белге қойып,
«Сағаттың тілі»
1 - оңға иілеміз
2 - солға иілеміз
Бірнеше рет қайталаймыз.(5 - 6 рет)
4. Б. қ. – аяқты алшақ, қолды төмен басымызбен оңға, солға иілу. (4 - 5 рет)
5. «Қарлығаш» болып ұшамыз
6. «Қоян» сияқты секіреміз.
7. Жай жүру, дем алу.

Карточка № 9
Психогимнастика.
Мақсаты: Балалардың психо - эмоционалдық көңіл – күйлерін тудыру жаттығуды пайдалана.
1. «Саусақтар амандасады.» массаж жасаймыз –«қолды жуамыз».
2. «Қайырлы күн, көздерім!» Қабақты сипаймыз.
«Оянамыз көздерім!»- бинокльге қараймыз.
3. «Қайырлы таң құлақ!» - құлақты сипаймыз,
«Оянамыз, құлақтар!» - алақанды тосамыз.

4. «Қайырлы таң, қолым!» - алақанды сипаймыз.
«Оянамыз, қолымыз!» - шапалақтаймыз.
5. «Қайырлы таң, аяғым!» - аяқты сипау.
«Оянамыз, аяғым!» - қаз - қаз басамыз.

Карточка № 10
1. «Сықырғыш» - Бiрiнен сон бiрі сапқа тұрып бағытты өзгертiп жүру. «Шапалақ» - Бытырап жүгiру.
2. Сапта аяқтың ұшымен, өкшемен жүру.
З. Тұзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Қолдарды артқа - алға тербеп, жан - жақтан көтеру, оған қарап, ақырындап орнына түсiру. (6 - 7 рет қайталау)
4. Түзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Оңға бұрылып, қолды артқа созу, оған қарап, бұрынғы қалыпқа қайта келу. Соны сол қолмен қайталау.
(2 - З рет қайталау)
5. Түзу тұрып, аяқты сәл алшақ қою. Қолды алдыға созып, шынтақты бүгеді,
«насос» ұстағандай түру. Машинаның дөңгелегiн ауаға толтырғандай алға, төменге еңкею, өз қалпына келу.(5 - б рет қайталау)
6. Аркаға жатып, дене бойымен қолды созу. Аяқты кеудеге тартып, тiзеден қолмен шапалақтау, өз қалпына қайта келу.(5 - б рет қайталау )
7. Түзу тұрып, қолды белге қою. Бiр орында тұрып, секіру. (4 - 5 рет қайталау)
8. Сапта тұрып бiрiнен соң бағытты өзгертiп жүру.

Карточка№11
1. Тізбекте қатарымен тұру және жүру. Аяқ ұшымен жүру, қолды белге ұстау.
2. Жеңіл аяқ ұшымен жүгіру.
3. Б. қ.: қолды белге ұстау, аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолды жанға созу, жоғары көтеру, аяқ ұшымен тұру, қолды жанда ұстау.
4. Б. қ.: қолды желкеде саусақты айқастырып ұстап, аяқ арасын алшақ, ашып тұру, кеудені еңкейіп, қолды аяқ ұшына тигізу.
5. Б. қ.: өкшені қосып аяқ ұшын ашып, қолды белге қойып тұру. Қолды алға созып отыру, тұру.
6. Б. қ.: аяқ ұшын ашып, өкшені қосып қолды белде ұстап тұру. Оң аяқты алға созып, аяқ ұшын қою жанға, артқа созу, б. қ. келу.
7. Б. қ.: өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, оң аяқты жанға, қолды жанға ұстау, оң қолды төмен түсіру, сол қолды жоғары көтеру, екі қолды да жанға ұстау, оң аяқты қосып, б. қ. келу.
8. Б. қ.: өкшені қосып аяқ ұшын ашып тұру, қолды төмен түсіріп тұру, секіріп аяқ арасын ашу, қолды жанға ұстау секіріп аяқ арасын қосу.

Карточка№12
1. Тізбекте бір қатармен тұру, жүру, шашырап жүгіру.
2. Жүру, звеноға бөліну.
3. Б. қ.: қолды жанына түсіріп тұру, аяқ арасын сәл ашып тұру, қолды жанынан жоғары көтеру, керілу.
4. Б. қ.: аяқ арасын сәл ашып, қолды түсіріп тұру, «маятник» кеудені кезектестіріп солға, оңға иілу, әр жанға.
5. Б. қ.: аяқ арасын алшақ ашып тұру, қолдың саусақтарын айқастырып, бастан жоғары ұстау. «Ағаш жару»- жылдан алға еңкею, қолды алға, төмен, б. қ. келу.
6. Б. қ.: еденде тізеңе бүгіп отыру, қолды артқа тіреп отыру, аяқты алға созу, жоғары көтеру, түсіріп алға созу, б. қ. келу.
7. Бір орында тұрып немесе шашырап секіру.
8. Жұптасып жүру.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет