Бөлім: Түзулердің
өзара орналасуы
Тақырыбы: Параллель түзулер, олардың
белгілері және қасиеттері
Сынып: 7
Есеп.
Тас жол мен темір жол суретте көрсетілгендей 40
0 бұрыш жасап қиылысады. 𝑥, 𝑦 және 𝑧 тап.
Шешуі:
Суреттегі есептеуге қажет бұрыштарды 𝑚 және 𝑛
деп белгіле. Сонда 𝑚 бұрышы мен 40°-қа тең
бұрыш
сыбайлас бұрыштар болғандықтан, 𝑚 = 180° − 40° = 140°.
𝑚 және 𝑦 –
сәйкес бұрыштар, ал тас жолдың жиектері арқылы жүргізілген түзулер
параллель болғандықтан,
𝑚 = 𝑦 = 140°.
Темір жолдың жиектері арқылы жүргізілген
түзулер параллель болғандықтан, сәйкес бұрыштар ретінде 𝑚 = 𝑥 = 140°.
Ішкі тұстас бұрыштар ретінде 𝑥 + 𝑛 = 180°.
Бұдан 𝑛 = 180° − 140° = 40°. Ал, 𝑛 және 𝑧
бұрыштары
вертикаль болғандықтан, 𝑛 = 𝑧 = 40°.
Жауабы: 𝑥 = 140°, 𝑦 = 140°, 𝑧 = 40°.