5.2.6.1. оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу.
5.3.2.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
САНДАР НЕ СЫРДЫ ЖАСЫРЫП ТҰР?
Жалпы сандар сиқыры көне антикалық дәуірден бері адам өмірінде маңызға ие болып келеді. Ежелгі ғалымдар сандардың ерекше әрі таңғажайып қасиетке ие екенін зерттеп шыққан. Бұл үрдіс діни нанымдарда да көрініс тапты. Киелі жазбаларда болашақта болатын оқиғалар мен қилы тағдырлар жайын сандар құпиясымен жеткізілген. Алғаш рет сандардың сиқырлы қасиетін ежелгі мысырлықтар, үндістер және халдейлер зерттеген. Олар өздерінің жаңалықтарының бәрін көзайым ете бермеген. Антикалық иудейлердің «Жаратылыстың бастауы» кітабындағы бейнелеулерге құлақ ассақ, сандар мен әріптер арқылы әлем жаратылған.