183
Тіршілік
қырық жылға жуық жұмыс істеген ұжымымда, шәкірттердің алдында,
туған-туыстар
арасында бетім жарық, арым таза.
Абитуренттік күннен таныс болған, заңгерлікте оқитын Гүлжауһар
Шәмшиевамен жақсы дос болып кеттік. Бөлмелес достарым- Жұмагүл
Саухатова, Жұпар Қожақова, Гүлниса Әлімбаева деген қыздармен өмір
өтіп жатты. Жұпар, Гүлниса, Теңлік, Жұмагүл және мен бір бөлмеде
тұрдық. Теңлік тарих факультетінен. Ересек, бізге қарағанда салиқалы,
салмақты бойжеткен біздерге күн көрсетпейтін болды. Аузына
келгенін айтады. Бір күні тағы сондай сәттің бірінде Жұпар шыдамай
Теңлікті ұрып жығып, төсегінің үстіне құлаған күйінде қылғындырып,
төмпештеп жатыр. «Клара,
сен есікті қарап тұр, біреу келіп қалмасын,
мен мынаның сөзін не қойғызайын, не өлтіріп тындырайын» дейді.
Бас жақтағы көлденең төсекте Гүлниса кітап оқып жатқан, сабаздығы
сонша, айналасында түк болмағандай сол кітапты әрі қарай оқи берді.
Мен Теңлік өліп қала ма деп зәрем қалмай, ажыратып жүрмін. Содан
бәріміз сабаққа кеттік, кешке келсек Теңлік киім-кешегін алып пәтерге
кетіп қалыпты.
* Алғашқы курсты тәмәмдадық. «Барахолка» деген базар болады
екен» дегенді естідік. «Блат»
деген нәрсе болатын көрінеді, оған ақша
береді екенсің, сонан соң қалағаныңды, тауып алады екенсің» деген
әңгімелерді алғаш естіген кездеріміз. Ішіміздегі пысықтау Жұмагүл
еді. Үлкен қызметтер атқарып, кейіннен денсулығына орай үйде отыр.
Жолдасы Алдан Смайылов жазушы, халық таңдаған Парламент депу-
таты болды. Жүкеңнің және Светаның көмегі тиген еді жатақтан бөлме
алуыма.
Сол пысықтығымен көбімізге қол ұшын беріп жүретін еді Жұмагүл.
«Алғашқы махаббаттар» пайда бола бастады. Ілияс деген жігіт
Жұмагүлге сөз салды. Бірақ көп ішетін... Сонан соң Жұмагүл көрегендік
танытып, Алданға мойын бұрды. Қазір
керемет тамаша отбасы болып
отыр, арамыз қызметтік дәрежеде алыстап кетті.
* Мақұлбек пен Дәметкен, Бағдат пен Гүлниса сияқты жұптар
шықты. Мақұлбек Жамбыл облыстық газетінің Бас редакторы бо-
лып, Дәметкен облыстық әйелдер қоғамында қызмет істеді. Әйтеуір,
екеуінің бірге жасасып, жетістіктерге жетіп келе жатқандарын естіп,
марқайып қалатынмын. Жастықтың, бақытты дәуреннің куәгерлері
ғой... Куәсі демекші, үйленген соң, тек қана материалдық емес, ағза
да биологиялық өзгерістерге түсіп, небір
қиындықтар басталды да
кетті. Жерік деген бәлені кім естіпті? Сол менің басыма үйіріліп, оның
ішінде «итжерігіне» ұшырап, әбден қиналдым. Ішкен-жегенім бойы-