Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет98/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

АРМАНҒА САПАР
Түнi бойы көз iлмей, науқастың беті әлде қайтедi деген оймен 
отырған көршi – қолаң, туған-туысқандар таң алакеуiм, бейуақытта 
абыр-сабыр боп, iле-шала таңғы бей-жай тыныштықты қақ жара дау-
ыс естiлдi. Балғын жүрек дiр еттi. «Құдай қосқан қосағым едiң ғой, бiздi 
тастап шынымен кеткенiң бе-ай...» Жарқышақтанып, тарғылданып 
шыққан әкесiнiң дауысын анық естiдi. Япырмай, жылап отыр ғой… 
Бiр жамандықты сезгендей тұла бойы түршiгiп кеттi. Төсегiнен 
тұра сала, жан-дәрмен түпкi бөлмеге ұмтылды. Есiкке қарама-қарсы 
қойылған төсекте жатқан анасының бетiн басындағы ақ орамалымен 
жауып та үлгерiптi. Бәкенiн құшақтап, көкiрегiн өксiк қысып, қайта-
қайта үһілеп, әкесi беті жабылған анасының бас жағында тұр. Ұмтыла 
берген Күлсәндi әлдекiм ұстап қалды. Бiреу шашынан сипап, бiрдеңе 
деп жатыр ма, әлде бесiктегi Гүлнәр жылағандай ма?.. Әйтеуiр әрi 
қарай не болып, не қойғанын аңғара алмай қалды. 
Көзiн ашса, үй iшi күңгiрт тартып қалыпты. Үйдегiлер де күбiр-күбiр 
ғана сөйлесiп, жабырқау бiр тыныштық орнаған. Гүлнәрдi құшақтаған 
әкесi отыр босаға жақта, Бәкенi жанында. Япыр-ау, мамасы қайда, бұл 
жұрт неге үндемейдi? Тiптi төсегi де жоқ қой... Мамалап айқайлағысы 
келедi, бiрақ тамағына әлдене тығылып қалғандай дауысы да 
шықпайды, тек ұмсына бередi. Көзден аққан мөлдiр жас тамшылары 
бiрiнiң артынан бiрi қуалай домалап аға бердi, аға бердi… 
Күлсән бүгiн де таң сәрiден тұрды. Ұясынан әлi шықпаған күннiң 
сарыала сәулесi шашырап қалған шақ екен. Көк жиектен ендi ғана 
көтерiлген күннiң алтын арайынан нұрланған төңiрек алқызыл рең 
алғандай. Сарыала тартқан дала, қып-қызыл күннің арайы, мұнартқан 
көгiлдiр сағым. Қандай тамаша! Бiр өңкей нәзiк түстер астасып, оған 
таңғы тыныштық қосылып, мамыражай күйге енiптi. Тек қана келiп 
қалған күздiң сәл ызғырығы бар. Жел лебiне қарай иiлiп, майысып 
тұрған жас талдай қыз денесi тiтiркенiп кеттi. Бойын билеген бейжай 
қалыптан арылғысы келгендей ұзақ тұрды. Манаурап, табиғаттың таң 
шапағын тамашалап, кәусар ауаны жұтып тұра берер ме едi, есiне қат-
қабат үй тiршiлiгi түспегенде. Сиыр сауу, от жағу, үй жинау, Гүлнәр 
мен Бәкенге қарау, оларды жуындыру, тамақтандыру, киiндiру, ойна-


201
Тіршілік
ту тағы-тағы толып жатқан ұсақ үй тiрлiгi. Қажиын да дедi. Мамасы 
байғұс қайтiп үлгерiп жүрдi екен, бұл тiрлiкке? Осы оймен бiраз тұрып 
қалған ол аздан соң үй шаруасының тынымсыз күйбеңiне сүңгiдi. 
Әке жүзi бұл күнде тым жабырқау. Орта жасты алқымдаған 
шақта қасындағы қосағынан айырылып бiр қайғырса, ес бiлiп ақыл 
тоқтатпаған Гүлнәр мен Бәкенiн ойлап тағы қайғырады. Қатарынан 
қалып, жап-жас басымен үй тiрлiгiне қамалған Күлсәннiң кiр-кiр 
көйлегiне, таралмаған шашына көзi түскен сайын көкiрегi күңiренiп, 
алқымына өксiк, ыстық жас тығылып, көздерi жасаурап кетушi едi... 
– Қу тағдыр-ай! Толқын айдап, қайраңға шығып қалған қайықтай 
ғып тастап кете бардың-ау! Екi жастың бiрiне келгенде өстiп жұтаң 
өмiрге тап болам деп ойлап па ем?! Кеше ғана жаманымды жасырып, 
жақсымды асырып дегендей, берекелi дастарханын жайып тастап, 
мейiрiмдi жүзiне күлкi үйiрiлiп, аңқылдап Бәтиям отырып едi-ау! 
Тағы да лықсып келiп қалған өксiк алқымына тығылып, тамағы 
құрғап кеттi. Қара жердiң астында деген ойға өз қолымен қабiрiне 
топырақ салып келсе де сенгiсi жоқ. Кеп қалатындай көрiнедi бүгiн-
ертең... Ана дүниеге сапар шеккен, арманда кеткен ананың дәстүрлi 
салт-жоралғысын жасап, туған-туысқандар үйдi-үйiне тарап кеткен-
ше оншалықты күйзелiстi байқамап едi. Ендi ғой еңсесiн жалғыздық 
басып, қаңырап тұрған даңғарадай үйге басын сұққысы да келмейдi. 
Мына бiр ақ үрпек балапандарына бола қалқайып жүргенi болмаса, 
құр сүлдерi ғана. Ертеңгiлiк мал, қора жайын қамдап, сонан соң атқа 
қонып, егiн-жайды аралауға кетедi. Тағы да жүрек сыздатар, жегiдей 
жейтiн ауыр ойлар еңсесiн езе мазалайды. 
Күлсән мазасыз ұйықтады, түсінде қасында бiр топ құрбысы, 
қолдарында гүл, жүздерi бал-бұл жанған бiр топ қыздармен бiрге 
сыңғырлай күлiп келе жатыр екен. Мектеп бiтiру кешiнен кейiнгi 
қыдырыс сәтi-ау… Бiр уақ ақ армандарын, алаңсыз балаң көңілдің 
тiлегiн айтысып кеттi. «Бiлесiңдер ме, қыздар, мен ақын болам, туған 
жерiмдi, достарымды, ұстаздарымды бәрiңдi-бәрiңдi жырға қосам. 
Қыздар десе, сендер ренжiмеңдер, бiрақ мен ең алғашқы жыр жолда-
рымды дүниедегi ең қымбатты адамым – анама арнаймын. «Қызыңның 
өзiңе деген сыйын қабыл ал» деймiн». 
Сол сәт айнала ақ мұнар, көк сағымға боялып бозалаң тартып кет-
кендей болды. Тағы да кәусар күлкi естiлiп, елiктiң лағындай секiрген 
олар, қызылды-жасылды гүлдерге қонған көбелектей қалықтай 
жөнелдi. Кенет, жар ма, әлде құз ба, әйтеуiр, бiр тұңғиыққа сүңгiп бара 
жатқан Күлсән ауаны қолдарымен қармай оянды. 


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет