175
Тіршілік
әпке т.б. сол кісінің ұрпақтарымен араластым. Маурияның әпкесі Мар-
зия- нағыз қазақ әйелінің кемеңгер образын жасап отырған, ұлт ана-
сы болуға лайықты жан, медицина саласында еңбек еткен. Ері Орекең
– Ораз Беденұлы медицина ғылымдарының докторы, «Алатау» атты
ғажайып сауықтыру шипажайының бас дәрігері болды ұзақ жылдар,
өзіне тартып ұлдары да осы сала ғалымдары болып шықты.
Қызы да
бір отбасының түтінін түтетіп отырған ана.
* Айт күндері анам міндетті түрде үстіме жаңа көйлек кидіретін.
Жоқшылықтың кете қоймаған кезі. Анам жылтырақ торғын де-
ген матадан етек көйлек тігіп берді (бүтін көйлекке мата болмаған-
ау). Соны киіп үлкен атамыз Рақыштың үйіне барып едім, жап-жаңа
көйлектің етегін Жәміш апам сәл жыртып берді. Жыларман болдым.
Сондай ырымның бар екенін кейіннен білдім. Рақыш ата, оның ұлы
Тұрысбек және Көксеген ағалар ата-бабаларынан бері жылқы бағып
келе жатқан жылқышылар әулеті. Небір марапаттарды алған адам-
дар. Бірде олардың үйіне
бір журналист келіп, сұқбат алып отырыпты.
Журналист балаларының атын сұраған сәтте, әр тұяқ малының атынан,
түрінен жаңылмайтын Тұрысбек аға кіші сегізінші баласының атын
ұмытып-ақ қалған ғой. «Әй, Шолми (жеңгеміздің аты) ана жалаңбұт
жүргеннің аты кім еді-ей?» – депті. Қайран, табиғатынан адал, аңғал
азаматтар-ай...
* Орталықтан 7-8 шақырымдай жердегі фермаға әкем бастық
болды да, сол жерге көшіп бардық. Мұндағы мектеп 4 жылдық. Со-
нан соң орталықтағы мектеп-интернатқа әкем орналастырды ағам
Кәкен екеумізді. Оқып жүрдік. Мен 5-де, ағам 7-де.
Екеуміздің ара-
мыз бір жарым-ақ жас, шешем «сені емшек сүтімен көтергенмен»
деп отыратын. Ағамды жаңадан босанған кезі екен анамның, көрші
ауылдан енесі (әжем Бапария) жаяулатып келіп, емізіп отырған, әлі
қырқынан да шықпаған баланы жұлып алып кетіп қалады. Алғашқы
бала ата-ененің баласы деген қағиданың барын білетін анам үндемей,
емшегінен сүті саулап қала береді. Сол ағама әжем шешесін Бибатия,
әкесін Қабылғазы дегізіп, аулақтатып өсірді.
Орысша оқудың мықты
боп тұрған кезі, орысша оқып, сол күйі армия қатарына алынып, орыс
жеріне барып, орыстан әйел алып, алдымен Мәскеуде, кейін Батыс
Украинада тұрып қалды.
Сонымен интернатта неше түрлі бала бар. Неше түрлі мінез, неше
түрлі тәрбие, әйтеуір мүлде басқа өмірге тап болдық. 9-10-сыныпта-
ау деймін, Қуаныш деген бала оқыды. Мені көрсетіп тұрып: «Мына
қыз өскенде мен оны аламын», – дейді. Оны естіген ағам бойы да,