Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет96/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Екiншi жазба
Өмiр бойы iшсе тамаққа тоймай, сыбаса түгiңдi қоймай, кезi 
келсе көкiрегiмен басып, әйтпесе табанымен таптап кететiн мiнезi 
бар, әлсiздерге «мен» дегенде менмендiгi басынан асатын, пайдасы 
тиетiндерге құлдай жорғалап кететiн бiр пенденi танушы едiм. 
Анасы бiр болғанымен атасы бөлек ағасымен бiр ауылда тұрушы 
едi. Анау ағайын өзi бiр жалпылдаған, құдайына бас иген, Алласы 


196
Клара Қабылғазина
аузынан түспейтiн, қолынан келсе шарапты тиіп тұратын, қулық-
сұмдықтан ада адам. Еңбекқорлығында баға жоқ. Біреудің ала жібін 
аттамай-ақ табыс тауып жүретін де, өзі әрдайым «осы маған құдай 
өзі бере салады» мәз болушы еді. Тапқан табысын ешқашан бір өзінің 
отбасына ғана беріп қоймайтын, бауырларына, жамағаттарына да 
үлестіріп, қолына тәтті күлше, кәмпит түсе қалса да, алдымен өз бала-
ларына ұсынбай, бауырларының балаларына ұсынатын-ды. Ал, өзіне 
осы жайлар кереғар қайтып жатса көңіл бөлмейтін, әлдекім «аналар 
неге солай жасамайды?» немесе «неге үнемі кешірімді бола бересің, 
байқасаң да өзіңе жасалып жатқан күпірлікті байқамағансисың, 
арамдықты біліп, көріп отырсаң да көрмегенсисің» дегендерге: «кім-
нің қандай екенін, қалай не істеп жүргендерін, адалдық, арамдық 
деген нің бәрі бір Құдайға аян ғой, сол Алла тағала өзі таразыласын» 
дейтін де қоятын. Ана бір өзінен кейінгі бауырларын қолынан келер 
жәрдемін аямай жүріп, өзінше тәрбиелеп өсірді, олардың өз алдары-
на шаңырақ көтеріп, адам болып, ел қатарына қосылуына ат салысты. 
Олардан үлкен үміт күтетін еді, өзінің оларға сіңірген еңбегі бір қайтар 
деп үміттенетін. Есейе келе, өз қолдары өз ауыздарына жетерліктей 
дәрежеге жеткен кезде олардың санасы өзгереді, өзіне жат пиғыл пай-
даланады, немесе оның бала-шағасын алалайды-ау деген санасына 
кірмеген, кірмейтін де еді. Бірақ, айналадағы ел-жұрт, ағайын-тума, 
дос-жаран байқайтын. 
Япырмай, әсіресе ортаншы інісін құдай тағала жаратқанда қандай 
мақсат етті екен. Ашкөздік, ашқарақтықтан семірген денесі майдан 
іркілдеп, сықсиған көздері кіреукеленіп, қап-қара болып, божби-
ып отыратын. Жаратқан иенің шеберлігіне таң қаласың. Сыртының 
қаралығынан ішінің қаралығы басым болып шыққанын айтсаңшы, 
үлкен басын кіші етіп бұның бала-шағасы ауырып-сырқап қалса да зыр 
жүгіріп, білген ем-домын жасап, дәрі дәрмегін тауып, бала-шағасының 
аузынан жырып бұныкіне тасып, тыныштық таппайтын туысқанға «со-
лай болуы керек» дегендей үндемейтін. Оның әкелгендерін қаржысын 
қаржылай, затын заттай, бергенін бергеніндей қылғытып салып, аш 
қасқырша жалмаңдап, тойымсыздықтың құрбаны болып, пендешілікті 
көп жасайтын еді. Соңғы уақыттарда әлде бір себептерден болар 
әйтеуір құдайды аузына көбірек алып, құрбандық шалып, өзінше күнә 
жуар қарекеттер істей бастаған-ды. Жасырақ күндерінде балалықпен, 
кейіннен саналықпен істеген істері, адамшылықтан аттаған кездері 
есіне түсіп, кей-кейде жанын тырналай ма, әлде адам шау тарта 
бастағанда сондай кездерді бастан кешіп, өз өзінің ары алдында есеп 


197
Тіршілік
бере бастай ма... кім білсін. Бірақ, Алла тағаланың жаратқан жан 
дүниесі, о баста жазықсыз болғанымен, кейіннен бір күнәға келесісі 
қосыла «Күнәһар, жат пиғыл» атанып кеткен соң, жуу, тазарту қиын-
ау. Батпандап кірген дерт сияқты, мысқалдап та шығуы оңайлыққа 
түспес, бірден жақсылық жасау, жаманшылыққа қарсы тұру, ниет 
түзеу деген қолдан келер ме? «Құдайдан қорықпағаннан қорық» де-
мей ме. 
Кедейліктен басы көтеріліп, малына мал қосылып, біраз ауқат біте 
бастаған-ды. Бай тұқымынан шықпаса да, сондай «тектілерге» ұқсауға 
тырысатын. Елді елпеңдетіп, жұртты жүгіртіп жұмсағанды жаны 
жақтыратын. Адал жүректен шыққан ақуалды айла деп ұқты, көңілден 
шыққан көмекті көлгірлік деп түсінді. Көп нәрсені көре алмады, көруге 
өресі жетпеді. 
Жастары қатарлас өз ұлы мен жаңағы туысының ұлы там тұрғы зып 
жатқан еді. Қара жұмыстың ауыр жағы көбінесе «басқа ұлға» түсетін. 
Көзге көрінбейтін, қолға ұстатпайтын, не ауыз толтырып айтуға да 
келмейтін сол бір пендешіліктер жас баланың жанына тиетін, әкесі 
сондай жайларды неге ұқпайды екен деп налитын. Бірақ, ол жайлар 
ешқашан ешкімнің аузынан шықпайтын. Тіпті әйел боп анасы да әңгіме 
қозғамайтын. 
Тағылымына, ниет-пиғылына қарай жаратқан ием де «сыйын» дай-
ындап қояды екен-ау. Біраз жылдар өткеннен кейін мен әлгі пенденің 
екі көзін бірдей шел басып, көрсоқыр болып қалғанын естідім. «Ақыр 
жақсылық атаулыны көрмесе, мүлдем көрмей-ақ қой» деген ғой. Бірақ 
не үшін сондай «сый» алғанын сезінді ме, екен сол пақыр?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет