189
Тіршілік
халықаралық деңгейде еңбегім еленді. Ең бастысы – шәкірттерімнің
«Біз сіз үшін мақтанамыз, апай!» деген бір ауыз сөзін кеудеме тағылған
марапат етіп келе жатқаныма ризамын. «Осы саған ешнәрсе керегі
жоқтай мәз-мәйрам болып жүресің», – дейді бірде Қосылған деген
әріптесім. «Шүкір, менде бәрі бар», – деймін. «Қашан болсын тап-
тұйнақтай, әдемі болып жүресіз», – деп жастар айтады. «Әрине, сен-
дерге үлгі
көрсетуім керек қой, сол үшін тырысамын», – деймін оларға.
Көкіректе көмескіленіп жатқан ойларды жарыққа шығарайын деп,
көркем прозамен шұғылданадым, жас ұрпаққа үлгі – тәрбиені наси-
хаттайтын әңгіме, новеллаларым сирек болса да республикалық басы-
лым беттерінде жарияланды.
* Осылайша өмір өзінің есігін жақсылыққа қарай айқара аша бер-
генінде сатқындық, опасыздыққа тап болдым. Үш ұйықтасам түсіме
кірмеген жағдай алдымнан шыққанда есеңгіреп қалдым. Қатты уай-
ымдап, қайғырдым. Екі күн, екі түн
көз ілмеген жағдайды бастан
өткердім.
* 2001 жылдың 2-қаңтарында әкем қайтыс болды, бір жұма өте са-
лысымен ортаншы ұлым аса қатты жол апатына түсіп, бір жылдай төсек
тартып, бірнеше қайтара ота жасалып, әйтеуір Алла қолдап, тірі қалды.
Сондай ауыр күндерде пайда болған асқазан жарасы тәуір болып кет-
кен еді, күйзелістен сол қайта ашылып,
қан қысымы қатты көтеріліп,
не керегі бар аурудың да астында қалдым. Балаларымның рухани
көмектерінің арқасында соның бәрін жеңіп, қазір жер басып жүрмін,
соған шүкіршілік етемін. Уақыт- емші, өмір -өзен өзінің бір қалыпты,
сабырлы арнасына бұрды. Осы күніме, тірлігіме, ұрпақтарымның
амандығына, елімнің тыныштығына күніне неше мәрте ризашылық
білдіріп, жүріп жатқан жай осындай... (жалғасы бар...)