Клара Қабылғазина
Табиғатты, жастықты, Отанды, туған жерді жырлап, өлең жазушы
едім.. «Ана қабірі басындағы ой» деген өлеңімді аудандық газетке
жіберсем, шығарыпты. Кейіннен мен Алматыға кетіп қалғанда Қадыр
(фамилиясы Түсіпов пе, ұмытып қалдым) деген жігіт әуенін шығарып,
біраз уақыт сахнада орындалып жүріпті. Ол туралы Қадыр қайтыс бо-
лып кеткеннен соң естідім. Ол Қапшағай жақта тұрған еді, білсем ха-
барласып, жазып алар едім. Біреуді біреу керегінде ғана іздейтін бей-
дауа дүние-ай, десеңші...
Бір-ақ жаста жетім қалған, маңдайының соры қалың болған
сіңіліме, Гүлмираға қарайтын адам керек болып әкем үйленді. Үйге
өгей шеше келді. Өзіне Аллаһ-тағала перзент бермеген әйел екен, бізге
өте қатал қарады. Аты Ермек еді жарықтықтың, әкемнен едәуір жас
кіші болатын. Мен қалаға оқуға кетіп қалдым, жетімдіктің шын азабын
Төкен мен Гүлмира тартты. Әсіресе Төкенді анам қатты еркелететін
еді, таңертең ұйқыдан оянғанда қолын жастығының астына тығады,
сол жастығының астында бір уыс тәтті жатпаса бітті дей бер. Ойбайға
басқанда үйді басына көшіріп жылайтын, бұзық болып өсті. Сол ерке
балаға анадан бірден айырылып қалу қатты ауыр болды. Еркенің
еркелігін көтермек түгілі, бала деп қарайтын ешкім болмады. Оның
өгей анадан көрген қорлықтарын жазсам Сәбит Мұқановтың «Өмір
мектептерімен» қатар келетін шығарма болар ма еді... деп те ойлаймын.
Кейін өзіміз студент бола жүріп, бауырым 8-ні бітіре салып, Алматыға
алдық. Біреудің жертөлесінде тұрамыз. Не ешжерге оқуға алмайды,
не ешжерге жұмысқа алынбайтын жаста. «Қазақфильмнің» жаңадан
салынып болған кезі, соған аула сыпырушы етіп, жұмысқа қолы ілінді.
Стипендиядан жырып, үстіне бірдеңелер алып бердік. Сөйтіп жүріп,
армияға алынатын болды. Ол жақтан келген соң Гүлнар деген қызға
үйленіп, өмірінің соңына дейін бірге болып, үш баласын, немерелерін
бақты. Қазақстанның бір түкпіріндегі біреудің жетістігі телевизордан
айтылып жатса, соған өз қолы жеткендей қуанып отыратын, ақкөңіл
жан болатын. Енді бір жарқын өмірі басталып келе жатқанда, 63 жа-
сында о дүниелік болып кете барды. Қатты жыладым, күйіндім, ең бір
жаныма жақын бауырым еді...
Жарықтық өгей шешеміз ішімдіктен бас тартпайтын, ащы суды
жақсы көретін жан болатын, ақыры өз өзіне қол салып, асылып қайтыс
болды.
* Ауылдағы мектеп-интернатқа әкем тәрбиеші етіп орналасты-
рып, қыстай жұмыс істеп шықтым. Жоғары оқу орынына түсу үшін екі
жыл өндірістік тәжірибе керек деген министрліктің қаулысы шыққан.
181
Тіршілік
Кей кездері мұғалімдердің орындарына сабақ та жүргізіп кететінмін.
Менің педагогикаға деген ынтам сол кезден басталды. Интернаттың
жоғары сыныбының оқушыларымен өз құрбы- құрдастарымдай ара-
ласып кеттім. Әнуарбек деген жігіт баянда ойнайды, бәріміз қосылып
ән саламыз. «Меңдіқыз-ау, Меңдіқыз! Айырылмаймыз енді біз», -деген
ән жолдары есімде қалып қойыпты.
Сол жылдың жазында неге екенін білмеймін, медициналық
институтқа қайта барғым келмей, Қазақ мемлекеттік университетінің
журналистика факультетіне оқуға түстім. Студент атанып, шар тарап-
тан келген 50 қыз бен жігіттің арасындағы жаңа өмір басталды да кетті.
Біреумен біреудің ісі жоқ суықбауыр қала тірлігі. Осынау беймәлім
алып шаһарда бір таныс, бір туысқан ешкім жоқ. Яғни, құласаң
қол ұшын берер, демеу жасар пенде табылмайды. «Берік бол, Кла-
ра, мойыма, алға жүр» деп өзіме-өзім дем бердім. Жоқшылықтың,
жалғыздықтың машаһатын көру сол кездерден басталып та кетті-ау...
Өйткені, өгей ананың әсерінен болар әкемнен келетін көмек те азайды.
* Студенттік шақтың өз қызығы өзінде. Сол шақты көрген де ар-
манда, көрмеген де арманда. Күйкі тірлік, жағымсыз ойлар аулақта
қалып, аудиторияға кірген соң басқа бір әлемге тап келесің... Ғибраты
мол, айтары, берері бар, небір ғұлама-ұстаздарды көрудің өзі бір
ғанибет. Мысалы, Кеңес Одағының Батыры, фольклоршы ғалым
Мәлік Ғабдуллин ағаның жарқын бейнесі көз алдымда. Сабағын да
қалжыңдап, әзілге айналдырып өткізетін:
«Қобыланды батыр» жырындағы қыз Құртқа:» Биік шыңның
басына ілінген жаулығымды кім атып түсірсе, соған тұрмысқа
шығамын», – депті. Жан-жақтан, әр тараптан, сан алуан, әр қайсысы
өз мықтылығымен ерекшеленген батырлар жиналыпты. Бір уақытта
Қобыланды батыр келіп: «Кто крайний?» деп сұрапты да, кезекке
тұра қалыпты. Үстінде темір сауыты, қолында қылышы бар батырдың
орысша сөйлеп тұрғанын елестетіп алып, ал күлетінбіз. Сонан соң
ол кісінің тағы бір ерекшелігі – аудиториядағы 50 студенттің бәрін
есімімен атайтын. «Әй, Асқанбай, осы сен мұрт қойшы, сонда Сәкен
Сейфуллинге ұқсап қаласың» деуші еді.
Бірде ескі алаңдағы Бас корпустың 2-қабатындағы аудитория-
да сабақ өтіп жатқанбыз. Лектор – марқұм Әбілфайыз Ыдырысов
ағай. Кенет алдыңғы жақта-отырған екі қыздың бірі жел шығарып-
ақ қойғаны. Кейбіреулер мұрнын басып, кейбіреулер не болғанын
түсінбей қалдық.
182
Достарыңызбен бөлісу: |