Клара Қабылғазина



Pdf көрінісі
бет86/115
Дата11.05.2022
өлшемі2,41 Mb.
#141932
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   115
Байланысты:
Тіршілік.pdf

Клара Қабылғазина
жасы да кіші болғанымен төбелесе кетеді. «Менің атым Қожадағы» 
Қожа мен Сұлтан сияқты. Босқа таяқ жейді. Мен болсам жылаймын, 
алу дегеннің не екенін түсінбесем де, «алмайсың» деймін. Сонымен, 
әкеміз келген күні екеуміз бірдей «интернатта тұрмаймыз» дедік. Со-
дан бір ағайынның үйіне тұрғызды. Аймұқаш деген үлкен баласы ғана 
есімде қалыпты. Мектептен келген соң, түс қайта қарнымыз ашады. 
Ағаш кебеженің іші бос, жейтін ешнәрсе табылмайды. Өзінің 4-5 ба-
ласына біз қосылып, енді ойласам ештеңе қалмайтын болуы керек. 
Қара ұннан көмпитіп пісірген нан мен қара шайдың дәмі әлі күнге 
таңдайда. Бұл үйден де «кетеміз, қарнымыз ашады» дедік. Ендігі жер-
де «фермабастық» әкемнің ойлап тапқаны мынадай болды: біз сияқты 
интернаттан қашатындармен қосылғанда 5 балаға бір ат жегіп, арба-
мен қатынайтын болдық. Арбакештікке берген Елшібай ата әндетіп
асықпай жүріп арбасына атын жегеді, балаларды үйді-үйінен алып 
жолға шығамыз. «Сарыөлең» деген ауыл мен «Қазақстанның 40 
жылдығына» дейінгі 7-8 шақырымды жәйлап барғанша 1,5 – 2 сағат 
уақыт өтеді. Күнде алдыңғы екі сағат математика болады, біз де күнде 
кешігеміз. Қазбек Ыдырысов деген арық, қара кісі мұғалім болатын. 
«Мен 15 жыл оқыған адаммын, менімен байқап сөйлесіңдер» дейтін 
еді.. «Ойпырмай-ай, 15 жыл деген не деген оқу! Қандай білімпаз!» деп 
таңғалатынбыз. Сөйтсек 10 жыл мектепке 5 жыл институтты қосқанда 
солай шығады екен ғой... Сол кісі ағам екеумізге де тоқсандық бағаға 
«екі» қойды. Жылдың аяғында үшке іліндік-ау... Содан математика 
деген сабаққа ынтам жойылып, тіл-әдебиетке ауыстым. Журналист 
болуымның бір себебі содан. Келесі жылы әкем «Қарасу» совхозына 
парторг боп барды. Үлкен мектепте оқыдық. 
* Анам екеуміз 12 шақырым жердегі аудан орталығына бардық 
(неге екені есімде жоқ). Қайтарда көлік таба алмай жаяу қайттық. 
Демалып отырғанбыз мен басымды анамның тізесіне қойып жатсам, 
қалғып кетіппін. Бетіме тамған ыстық жастан оянып кеттім. Сонда да 
көзімді ашпай жата бердім... Жаны нәзік, сезімтал, көкірегі ояу, ажар-
лы, гармоньда ойнап, ән салатын өнерлі анам сыңсытып ән салып отыр. 
«Алатаудың басынан-а-а-ай, арша ап жүрмін.., 
Көтере алмай аршамды, шаршап жүрмін-а-а-ай…». Жылап отыр, 
көз жасы тарам-тарам. Менің бетіме де тамады. Жыласын, іштегі сары 
тап шерді тарқатсын дегенді сездім бе, әлде жастық мінез жібермеді 
ме, әйтеуір, қозғалмадым, үн қатпадым. Неге жылады екен, байғұс 
анам-ай!?


177
Тіршілік
* 9-оқимын. Жаңа жылдық баллға анам екеуміз костюм дайында-
дық. «Көктем» болмақпын. Басыма түрлі-түсті қағаздан жасалған 
гүлді веноқ, кеудеме жасыл кеуде көйлек кидім. 7 түске боялған 
кемпір қосақ тәрізді етек көйлек тігіп берді. Анам қиялға бай, шебер 
адам болатын. 7 түрлі, түсті бояу тауып, ақ матаны жеке-жеке бояп, 
бүрмелеп, крахмалдап қатырып, тігіп берген костюміндей костюмді
әлі күнге ешкімнен ондай идея көрмеппін. Сол күнгі баллдың «патшай-
ымы» мен болдым. «Ең әдемі костюм киген, ең әдемі қыз» деген атақ 
алдым. Соңынан болған биде жігіттер бірінен кейін бірі биге шақырды. 
Ол кезде вальс пен фокстрот қана билейтінбіз. Шыр айналып, аққудай 
қалықтадым. Өмірімдегі ең бір шаттықты, ең бір бақытты күнім сол 
болды-ау... Аппақ әлем, аппақ көңілдер, аппақ жастық... Арман-ай, 
десеңші... 
* Ол кездері қазіргідей SMS, ұялы телефон дегенді қойып, жай 
телефонның да қолы ұзындарға бұйырып тұрған тұсы болатын. 
Жігіттер мен қыздар бір-біріне хат жазысады, ол хаттарды сенімді 
деген дос-жолдастары арқылы жолдайды. Солай табысып, үлкен 
махабаттарға жол ашылып жатады. 10-сыныптың көктемінде мен де 
алғаш рет жігіттерден хат алдым. Екеуіне де жауап бермедім. Алғашқы 
бала қатарлас «б»- да оқитын Төлеу деген (қайтыс болып кетіпті деп 
естідім), ал екіншісі бір класс жоғары оқитын Қабыл еді. Соңғысы бүкіл 
мектептің қыздарының арманы болып жүретін, ең сәнқой, модашыл, 
тап-таза боп, аппақ жейдесінің жағасына кір жұқпай жүретін сары 
жігіт болатын. Талай қыздардың сөздерінен байқағаным көбісі соған 
ғашық көрінеді. Сол қыздардың сөздерінің әсері болды ма, біраз уақыт 
кездесуге шығып, көктемнің тамаша, барқыт түндерінде қыдырыстап, 
ауылдың сыртына дейін кетіп қалатынбыз. Жусан мен ерменнің иісі үп 
еткен желмен мұрныңа келеді, көк майса шөптің де балғын кезі. Қол 
ұстасқаннан әріге бармайтын қандай адал, қандай сезімге берік, тама-
ша жігіттер еді солар... Әйтпесе... көктемнің күні, ауыл сырты, айнала 
тым-тырыс, бүкіл әлемде сен және ол. Тазалықтың, пәктіктің куәсіндей 
жұлдыздар жымыңдайды, ай күлімдейді. Ата-ананың берген «сағат 10-
нан қалмай үйде бол!» деген уақыты тез өте шығады. Шәмші ағаның 
«Сырласу вальсі» әнұранымызға айналып тұрған кез. Соны айтамыз, 
айтамыз да билейміз. Шыр айналғанда дүние қоса дөңгеленіп, бірге 
билейтін... Шіркін, жастық-ай! 2-3 айдай қыдырыстаған соң жалт етіп 
жанған күмәнді сезімім жалп етіп сөнді. Жігітімді жақтырмай қалдым. 
Ол кездері жігіттерді сарылтып, ұзақ күткізу, үйдің маңын торуылда-
тып жүргізіп қою дәстүрлі дағдымыз болатын. Солай біраз күткіздім 


178


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет