Классификациясы: темір тапшылықты анемия



бет7/7
Дата08.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#195444
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Анемиялық синдром

Қосымша тексерулер.
Қанның жалпы анализі: гипохромды анемия, төменгі дәрежедегі түс көрсеткіші, айқын анизоцитоз, микроцитоз, эритроциттердің нысана тәрізді түрлері, Жолли денешіктері, ретикулоцитоз, эритроциттердегі базофильді нүктелер.
Қанның биохимиялық анализі: тура емес билирубин өсуі есебінде туындайтын гипербилирубинемия, қан сарысуындағы темірдің көбеюі, ЛДГ активтілігінің артуы. Эритроциттердің осмотикалық төзімділігінің күшеюі.
Миелограмма мен трепанобиоптат: сүйек миында эритроидтық өркеннің күшеюі.
Гомозиготті -талассемияда қанда НвF және НвА2 анағұрлым көбеюі анықталады.
Гетерозиготті -талассемияда – НвА2 жалпы Нв мөлшерінің 4,2-8,9% дейін көбейген және науқас адамдардың шамамен алғанда жартысында НвF көбейген (2,5-7% дейін).
УДЗ: бауыр мен талақ өскен, өт қабында тас табылады. Сүйектер рентгенограммасында: түтікті сүйектер остеопорозы, бастың кемікті . сүйектерінде«түкті» құрылым болады


Емі
Жалғыз ем жолы – орнын толтыру емі – эритроциттер массасын құю мен спленэктомия.
Эритроциттер массасын құю көрсетпелері: Нв 65 г/л төмен үдемелі азаюы және науқас адамның ауыр күйі.
Аурудың ауыр түрінде HLA – сиысымды донор болған жағдайда және ауыр гемосидероз жоқ жағдайда сүйек миын трансплантация жасау операциясы қолданылады.
Гемоглобинапатия Н. хирургиялық ем (спленэктомия) қолданылады.
Қан құюдан болатын гемосидероздың алдын алу мақсатында десферал қолданылады: 0,5-1 г/тәул. дозасында 15 мг/кг/сағ. жылдамдығымен венаға тамшылатып жібереді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет