Айналмалықозғалыс – центрлері айналыс осі деп аталатын бір түзудің бойында жататын, барлық нүктелері шеңберлер сызатын дененің қозғалысы. Айналмалы қозғалыс – денемен қатты байланысқан екі (ось маңайында айналдырған кезде) немесе бір (нүкте маңайында айналған кезде) нүктесі қозғалмайтын болып қалатын қатты дененің қозғалысы. Аксоид – кеңістікте қозғалмайтын нүктенің маңайында айналатын дененің мезеттік айналу осімен сипатталатын бет. Жылжымайтын аксоид – жылжымайтын кеңістікте лездік өстердің геометриялық орны.
Жылжымалы, аксоид – қозғалыстағы денедегі лездік өстердің геометриялық орны. Қозғалыс кезінде дененің барлық нүктелері шеңберлер сызатын және олардың центрлері айналыс осі деп аталатын бір түзудің бойында жататын қозғалысты айналмалы қозғалыс деп атайды. Айналмалы қозғалысты қарастырғанда бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу ұғымдарын енгіземіз.
Қатты дене механикасы. Күш моменті. Инерция моменті. Айналмалы қозғалыс курсы бар PDF файлын жүктеп алыңыз