Клинически


Қол-аяқ бұлшықеттерінің күшін зерттеу



бет28/48
Дата16.05.2022
өлшемі2,27 Mb.
#143499
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Байланысты:
неврология exam (копия)

Қол-аяқ бұлшықеттерінің күшін зерттеу:

  1. Қол басы жұдырықтың күшін динамометрмен анықтайды.

  2. Бицепстің күшін анықтау үшін сырқат қолын бүгеді де, дәрігер оның қолын жазуға тырысады. Сырқат барлығынша қарсыласуы қажет.

  3. Дельта тәрізді бұлшықет күшін анықтау үшін сырқат қолын екі жағына горизонтальді деңгейде ұстап тұрады. Дәрігер сырқаттың қолдарының үстінен басып төмендетуге тырысады, сырқат қолын төменге түсірмес үшін қарсыласады.

  4. Қолдың әкеткіш бұлшықеттерінің күшін анықтау үшін сырқат екі қолын алдына горизонтальді деңгкйде созады. Дәрігер қолдарын іш жағынан сыртқа қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын алшақтатпай қарсыласуы керек.

  5. Қолдың әкелгіш бұлшықеттерінің күшін тексеру үшін сырқат екі қолын алдына горизонтальді деңгейде созады. Дәрігер қолдарын сырт жағынан ішке қарай итеруге тырысады, сырқат қолдарын жақындатпай қарсыласуы керек.

  6. Саусақтардың күшін анықтау үшін екі саусақтарын кезек-кезекпен сақина тәрізді қысып тұрады, дәрігер сол сақинаны үзуге тырысады. Вендерович сынағы – барлық саусақтарды біріктергенде, дәрігер 5 саусақты ажыратуға тырысады. Салдану кезінде 5 саусақ оңай ажырап кетеді.

  7. Аяқтарда да бұлшықет күшін анықтау қолдағыдай жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет