Шынтақ жазылу рефлексі- үш басты бұлшық еттің сіңірін неврологиялық балғамен ұрғанда қолдың шынтақтан жазылуы.
Шынтақ бүгілу рефлексі- екі басты бұлшық еттің сіңірін неврологиялық балғамен соққанда қолдың шынтақтан бүгілуі.
Тізе рефлексін зертттеу - балғамен тізедегі lig.Pаtellae ұрғылағанда, m.quadricipitis (төртбасты бұлшық ет) жиырылып, аяқтың тізеден жазылуы байқалады.
Есеп №20
Науқас оң аяғының басынан басталатып, оң қолына, содан оң жақ бетінің жартысына таралатын клоникалық құрысу ұстамаларына шағымданды. Ұстама 1-2 минутқа созылады, ұстама кезінде есі анық.
Науқасқа қандай неврологиялық және аспаптық зерттеу жүргізу керек?
Достарыңызбен бөлісу: |