Несеп бөлу жүйесін тексеру.
Қарау: бел аймағының терісінде қызарулар, ісіну белгілері жоқ. Бел тұсын қолдың қырымен соғып тексергенде оң жақта ауырсыну белгілері бар. Кіші дәреті жиі полиурия, ауырсынусыз.
Нерв жүйесін тексеру.
Ақыл-есі дұрыс, сөзі анық, иіс сезі қалыпты, бірақ есту қабілеті және көзінің көру қабілеті нашарлаған.Түнгі ұйқысы нашарлаған.
Ішкі секрециялық бездердің жүйесі.
1. Аурудың жалпы бейнесі жасына сәйкес
2. Бірінші ретті және екінші ретті жыныс белгілері дамыған.
3. Дененің өсуінің бұзылуы жоқ, дене бөліктерінің пропарциялық ара қатынасының бұзылулары жоқ.
4. Семіре белгілері бар.
5. Тері жамылғасының жағдайы: гиперпигментация, бетінде сепкілдер қоңыр майда дақтар бар, жұқару, стриялар жоқ.
6. Қалқанша без: көлемі ұлғаймаған, пішіні, консистенциясы біркелкі, өзгерістер жоқ, ауырсынбайды.
Қан түзу жүйесін тексеру.
Дене бетінде геморрагиялық бөртпелер жоқ, лимфа түйіндері ісінбеген,іштің жоғары аймақтарында томпаюлар жоқ, симметриялы. Ауыз қуысын, көмейді тексергенде миндалиналар, ауыр некроздар, гангренарлық зақымданулар жоқ.
Пальпацияда: лимфа түйіндері мен талақта ұлғаю белгілер жоқ , бірақ бауыры ұлғайған.
Перкуссия: Бауыр қалып өлшемдерінен ауытқыған, және алақанның қырымен соққанда сүйектер ауырсынбайды.
Тірек-қимыл жүйесі
Ісінулер, терісінің қызару белгілері жоқ. Қимылдағанда аяқ-қол, омыртқасында, белінде ауырсынулар бар.
Болжамды диагноз
Науқастың айтылған жалпы шағымдарын ескере отырсақ жүрек қантамыр жүйесі зақымдалды деп ойлауға болады.Науқаста байқалатын синдромдар:
Артериялық гипертензия синдромя, полиурия, церебральды синдром, бауыры ұлғайған, семіру.
Жүрек тұсында түйіп ауырсыну белгілері бар, қан қысымының жоғары болу 140-90, 1 дережедегі артериялық гипертензия деп болжамды диагноз қоюға болады.
Бірақ, науқастың өмір тарихына, ауру тарихына сүйене отырсақ: анасының қант диабетімен ауырғандығы, кіші дәретке көп шығуы полиурия, көру қабілетінің нашарлауын ескерсек тұқым қуалаушылықпен пайда болған қант диабеті депте күмандануға болады, жәнеде бауырының қалыпты көлемінен ұлғаюын, бел аймағында ауырсынуларды, жүрек ауырсынуын ескерсек асқынулары бар деуге болады. Диагнозды нақтылау үшін қосымша тексерулер жүргіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |