КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗ ЖӘНЕ ОНЫ ДӘЛЕЛДЕУ. Жоғарыда айтылған шағымдарды, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, қорытындыласақ жәнеде диференциалды диагностиканы ескере отырсақ, клиникалық диагноз: Негізгі ауру инсулин тәуелсіз қантты диабет
Негізгі аурудың асқынуы көптеген асқынулар (бүйрек жеткіліксіздігі, бауыр, ұйқы без)
Қосымша(ілеспелі)ауру симптоматикалық артериялық гипертензия 1 дәрежелі.
НЕГІЗГІ АУРУДЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ
Этиологиясы
Тұқымқуалаушы бейімділік (бір жұмыртқалы егіздерде конкорданттылық 100 %) сыртқы орта түрткілерінің көрінісінде (семіздік, урбанизацияланған өмір сүру салты, рафинирленген майлар мен көмірсулардың тағамда шектен тыс болуы)
Патогенезі
Инсулинрезистенттілік, β-жасушалардың секреторлы дисфнкциясы (инсулин секрециясының 1-ші жылдам сатысының түсіп қалуы), бауырмен глюкозаның артық өндірілуі
Емі. ҚД-2-нің емдеудің басты құрамдас бөлігі диетотерапия, физикалық белсенділікті арттыру, қант деңгейін төмендетуші терапия, ҚД кеш асқынуларының алдын алу және емдеу болып табылады. ҚД-2-мен сырқаттанған науқастардың көбі семіздіктен зардап шегетіндіктен, емдәм дене массасын төмендетуге (гипокалориялық) және ең алдымен макроангиопатиялар (атеросклероздың) секілді кеш асқынулардың алдын алуға бағытталуы тиіс.
Гипокалориялық емдәм дене массасы артық (ИМТ 25–29 кг/м2) немесе семіздік көрініс берген барлық науқастарға тағайындалады (ИМТ 30 кг/м2). Көп жағдайларда тәуліктік тағам калоражын әйелдер үшін 1000–1200 ккал-ға, ал ер адамдар үшін 1200–1600 ккал-ға төмендетіледі. ҚД-2 басты тағам компоненттерінің арақатынасы ҚД-1-дей болады (көмірсулар — 65 %, ақуыздар 10–35 %, майлар 25–35 %). Алкогольді қабылдауды шектеу қажет, себебі ол қосымша калория көзі болып табылады. Сульфонильмочевина және инсулин препараттарымен емделу барысында алкогольді қабылдау гипогликемияның дамуын күшейтеді (7.7.3 бөлімді қараңыз).