Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?


Психикалық бұзылудағы жас ерекшеліктеріне сипаттама берсеңіз



бет5/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

5. Психикалық бұзылудағы жас ерекшеліктеріне сипаттама берсеңіз.
Жас ерекшелік дағдарысы кезінде құрылымдық, физиологиялық және психикалық тепе-теңдік бұзылады. Дәл осындай кезеңдерде психикалық зақымданулардың туындауына қауіп-қатер арта түседі. Олар спецификалық жас кезендік психопатологиялық күйлермен көрінеді. Бұндай синдромдарға-невропатия синдромы, балалық аутизм, гипердинамикалық, патологиялық қорқыныштар, дисморфомания, жүйкелік анорексия, психикалық инфантилизм, гебоидтілік синдромдары жатады.
Невропатия синдромы- «конституционалды» синдромы немесе туа біткен баланың «кейігіштігі», шамамен 3 жастағы кезеңде пайда болады. Ол висцеровегетативті функциялардың жетілмегендігімен сипатталады. Ең алғаш түс көрудің, тәбеттің бұзылуынан, диспепсикалық құбылыстар, дене қызуының ауытқуы, тахикардия, тахипноэ, демікпе, аллергиялық реакцияларға бейімділіктен, метеотроптылық, жоғары жүйке-психикалық қозғыштықпен сәйкес келетін тамақтану жағдайынын өзгеруіне сезімталдық, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясы аффективті-респираторлық ұстамалар түрінде, қыңырлық, қорқақтықпен көрініс береді.
Бұл синдромның алғашқы көріністерін нәрестілік кезеңде соматовегетативті зақымданулар түрінде дагностикалауға болады; олар яғни, түс көрудің инверсиясы, жиі құсу, дене қызуы субфебриалдыға дейін ауытқуы, гипергидроза.Жас өскен сайын біртіндеп 1-ші орынға психогенді және экзогенді әсер етудің салдары ретінде эмоционалды-гиперэстетикалық зақымданудың элементтері шыға бастайды.Жиі және ұзақ жылау байқалады. Ең кең таралғаны «оралма» деп аталатын симптом болып табылады.Психогенді тітіркендіргіштерге реніш және ашу-ыза, айғаймен байланысты наразылық реакциясы пайда болса, ол аффективті респираторлық талмаға әкеп соғады, яғни:тыныс шығарудың жоғарысында көмей бұлшықетінде тоникалық қысым пайда болады, дем алуда кідіріс болады, беті бозарады, соңынан акроцианоз білінеді. Тіпті сананың қысқа мерзімді өшуі және жеке клоникалық тырысқақтар болыу мүмкін. Ұзақтығы 10 секундқа дейін созылады. Терең дем алумен аяқталады. Невропатия синдромында балалар жоғарланған жалпы және вегетативті қозғыштыққа бейім келеді.
Невропатия синдромы - көбінесе разидуальді-органикалық жүйке-психикалық зақымданулар және невротикалық реакциялар кезінде кездеседі. Жас өзгерген сайын оның көріністері басылуы мүмкін, бірақ одан да күрделі невротиклық және неврозтәріздес синдромдардың дамуына қолайлы тірек болады.Балалық кезеңдегі шизофренияда, ереже бойынша невропатия синдромы психикалық процесстердің диссоциациясымен үйлестіріледі.
Балалық аутизм синдромы (ерте балалық аутизм, Каннер)- психофизикалық дизонтогенездің нұсқасы (асинхрония). Дисгармониялы психикалық дамумен көрінеді. Бұнда бір психикалық функциялар мен қасиеттердің озық дамуы және басқаларының артта қалып дамуының үйлестігі байқалады. Балалық аутизм ерте кезеңде көрінеді:туғаннан бастап психиканың дамуы диспропорционалды бұзылған, ол коммуникативті қылық-әрекеттің бұзылуымен сипатталады. Қыздарға қарағанда ұл балаларда бұндай зақымданулар 3-4 есе жиі кездеседі. Балалық аутизмге тән спецификалық психикалық зақымданулар баланың психикалық дамуының шамасына қарай пайда болады, дамиды және тасымалданады.
Басты симптомдары- өмірінің басынан бастап адамдармен қарым-қатынас орнатуда айқын қиындық туады; эмоционалды әсер етудің әлсіздігі; стереотипті және аутистикалық сипаттағы ойындар; жағдайлардың өзгерісіне және жаңалыққа деген қорқыныш (неофобия).  Міндетті симптомдар- қорқыныш (фобиялар), түс көру мен тамақтанудың бұзылуы. Қосымша симптомдар- жақсы механикалық ес, агрессивті және аутоагрессивті қылық-әрекет.Балалық аутизмде ақыл-ой дамуының кез-келген деңгейі кездесуі мүмкін. Бұл синдром мына жағдайларды қамтиды:

  1. Шектетілу  бұл кемістік, яғни қарым-қатынас қажеттілігінің толықтай болмауы, жалғыздыққа деген белсенді ұмтылысы, телефоннан қорқыныш (қоңыраудан, әңгімелесуден).

  2. Коммуникативті қасиеттердің бұзылуымен сәйкес келетін сөйлеу дағдысының озық дамуы жиі кездеседі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет