Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?


- «автономды сөйлеудің» жақсырақ дамуы- яғни, өз-өзімен сөйлесу, өзіне 3-ші жақтан сөйлеу,т.б.; -



бет6/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

«автономды сөйлеудің» жақсырақ дамуы- яғни, өз-өзімен сөйлесу, өзіне 3-ші жақтан сөйлеу,т.б.;
- сұрақ қоюға бейім, бірақ жауап қайтаруға бейім емес;
- жақсы ес, әсіресе ритмикалық информацияға (музыка, өлеңдер, тақпақтар), өлеңдер мен әуендердің айтылуы жаман емес, бірақ өтініштер мен тапсырмаларға жауап ретінде емес, қандай да бір ішкі заңдылықтарына байланысты;
таңдаулы стереотипті қолданулар (көбінесе орынсыз) немесе қиын жеке сөздер мен сөз тіркестерін айта салуы («электрофикация», «квант», т.б.) немесе бірнеше рет сұрақтарды қайталуы («өмір дегеніміз не?»);
-сөз дағдысының патологилық формалары: эхололия, фонография- бұрын естігендерін сөзбе-сөз қайталауы, неологизмдер, өзіне қатысты есімдіктер мен етістіктерді 2-ші және 3-ші жақта қолдануы.

  1. Өзінің сөзін кеңістікке, өз-өзіне үндеуі, оның монологтігі, табиғи емес модулирленуі.

  2. Эмоционалды әсерленудің әлсіздігі («эмоционалды блокада»). Эмпатиясы мен құштарлығы жақындарына деген симбиотикалық тәуелділікпен алмастырылған, бірақ олар шын мәнінде оларға талғаусыздықпен, немқұрайлықпен қарайды.

  3. Протодиэкризис- адамдарды, басқа да жанды және жансыз объектілерді саралай алмауы.

  4. 6. Көру және есту тітіркендіргіштеріне, стимулдарға, қаратуларға реакциясының жетіспеушілігі; бұнда бала алғашқыда өзін керең және соқыр сияқты көрсетеді, бірақ біраз уақыт аралығынан кейін стимул қабылданған және дұрыс бағаланған екендігіне көз жеткізетін жауап көрсетіледі.

  5. Тепе-теңдік синдромы- тұрақтылықты, жағдайдың бірқалыптылығы мен бір типтілігін сақтап қалуға ұстаным, жаңаға деген қорқыныш (неофобия), басқа киім ауыстыруға қарсылық іс-әрекет көрсету, т.б.

  6. Қозғалыс стереотиптерге бейім қылық-әрекеттердің бірқалыптылығы (секіру, тербелу, қолын айландыру, т.б.

  7. 9Моторлы дағдының қалыптасуының бұзылуы немесе кешігуі, қозғалыстың епсіздігі, ебдейсіздік, бірлескен қозғалыстың болмауы (Мысалы, жүріп келе жатқанда қолдың қозғалуы), стереотипті – регрессивті қозғалысқа бейімділігі (тізбекпен жүру, баспалдақпен көтеріліп, түскендегі қиындықтар), өзін-өзі күту дағдыларын меңгеруде қиындықтар туады.

  8. Тазалық дағдыларын бұзуы- кіші және үлкен дәретін күндіз де, түнде де ұстай алмауы.

  9. Патологиялық үйреншікті іс-әрекеттер: яктация, онихофагия, саусақтарын сору, т. б.

  10. Психикалық инфантилизм синдромы- психикалық жетілмегендік. Ол психиканың пісіп-жетілу тепмпінің бұзылуынан және тұлға әсерленуінің эмоционалды- еріктік қасиеттері мен формаларының дамуының артта қалуынан көрінеді. Психикалық инфантилизм белгілеріне мыналар жатады: жалтақтаушылық, жоғары айбындылық, аңқаулық, мотивациялық сферада ойын қызығушылығы мен гедонизмнің басым болуы, қанағаттануға ұмтылыс, немқұрайдылық, болжам функцияларын атқарудағы қиындықтары, жауапкершілік сезімінің жетілмеуі, қиындықтарды жеңуде қабілетсіздігі. Бұлардың барлығы моториканың жетілмеуімен, ұсақ мануальді іс-әрекеттерді орындағанда қиындықтармен (жазуы) үйлесіп келеді. Психиклық инфантилизмнің алғашқы белгілері кіші мектеп және жасөспірімдік кезеңде байқалады.Психикалық инфантилизмнің 2 нұсқасы атап көрсетіледі: қарапайым және күрделі (асқынған).

  11. Гебоидтілік синдром- жасөспірімдік кезеңде пайда болатын психикалық зақымдану (қалыптасып келе жатқан тұлға патологиясы). Гебоидті синдром негізінде пубертантты криздің психологиялық қасиеттері мен психопатологиялық білімнің клиникалық аяқталмағандығының үйлесімділігі жатыр. Ол жасөспірімдік кезеңнің спецификалық синдромы болып табылады. Гебоидтіліктегі барлық көріністер патологиялық сипатқа ие. Гебоидті көріністер психопатологиялыққа қарағанда тереңірек болады.

  12. Басты симптомдар- патологиялық құштарлық, стереотипиялардың көріністері. Бұл бұзылулардың негізінде эмоция (аффект) мен еріктің өзгерісі жатыр.Бүгінгі күнге дейін гебоидті синдромның көріністерін қандай зақымдануларға (неготивті немесе позитивті) жатқызуы жайлы сұраққа ешқандай әдістеме жоқ. Гебоидті синдром- жасөспірімдік созылмалы шизофрения шеңберінде қарастырылады. Пубертантты криздің патологиялық нұсқасы ретінде кездесуі мүмкін және қалыптасып келе жатқан психопатия структурасына енуі мүмкін





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет