КмқК «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі



бет2/3
Дата22.05.2022
өлшемі456,73 Kb.
#144646
1   2   3
Байланысты:
мектеп жасына Адилова Н

- заттардың белгілерін сипаттау ;
- берілген белгілері бойынша заттарды тану ;
- заттардың бірдей және әр түрлі қасиеттерін анықтау:
- заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай жіктеу дағдыларын қалыптастыру;
- іс -әрекеттердің бірізділігін анықтау;
- өз қызметінде уақытша жақтауларды көру;
- кеңістікте, қағаз бетінде бағдарлау ;
- жалпылау, зейінді болу ;
- есте сақтау қабілетін, қолдың кіші моторикасын дамыту;
- әр түрлі түсініктерге анықтама беру :
- тапқырлықты және ұғымталдықты дамыту.
Мен өзімнің тобымдағы балалардың жас шамасы ерекшеліктерін ескере отырып, іс -тәжірибеге байланысты әр-түрлі оқу іс- әрекеттер өткізуі өте тиімді әдіс деп ойлаймын. Олай дейтініміз, оның ерекшелігі сабақтардың бір -бірімен байланыстылығында. Жаңа технологияны жүзеге асыруда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамндығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез- келген бала тәрбиешінің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Егер бала бойындағы қабілетті тәрбиеші байқамаса, ол бала басқа балалармен бірдей болып қалады, сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білуі керек. Сабақты қызықты өткізу үшін, тәрбиешінің өзі даярлануы керек. Деңгейлік тапсырмалар, ауызша логикалық есептер дайындауы қажет. Математика сабағында баланың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек:
- берілетін тапсырманың орындалуын білу және оны ұғыну керек ;
- есеп шығарудың әртүрлі жолдарын, тәсілдерін игеру керек;
- балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.
Осы айтылған әдіс- тәсілдердің бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес.Оған шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жұмыс жасай білу қажет.
Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады ;
2. Баланың жеке қабілеті айқындалады :
3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысады;
4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес, баланың ойлау қабілеті артады ;
5. Әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады ;
Осындай жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін тәрбиешінің балаға берер әсері болу керек. Мысалы: балаға сенім қалыптастыру үшін «сен білесің», «сенің қолыңнан келеді», « үйренесің» деген сөздер қажет. Баланың өз ойынан шыққан жетістігін жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеп отыру керек.
Оқу іс - әрекетті түрлендіріп өткізуді дұрыс деп санаймын
1. Оқу іс- әрекетті түрлендіріп өткізу
2. Басқа сабақтармен ұштастыру
3. Жарыс оқу іс -әрекеттері
4. Көрнекіліктер арқылы

Оқу іс-әрекетті түрлендіріп өткізу деген тарауда мысалы: іс- әрекетінің кіріспе бөліміне сол бүгінгі өткізілетін математикалық ұғымдарды немесе санға байланысты тақпақтар, санамақтар, айтамын. Жұмбақ, ауызша есептер шығарту арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттырамын. Сабақ ортасында балалар шаршамау үшін сергіту сәтін жүргіземін.
Басқа сабақтармен ұштастыру математика пәнін жапсыру, сурет, дене тәрбиесі,тілді дамыту пәндерімен байланыстыра өткізсе, тәрбиешінің балаларға және білім беру еңбегі нәтижелі болар еді.
Апай, менде квадрат, төрт үшбұрыш,сопақша бар еді. Мен квадраттан үйдің қабырғасын, бір үшбұрыштан үйдің шатырын жасадым. Менде үш ұшбұрыш қалды.

  1. Ансар: менің басым сопақша, көздерім дөңгелек. Аузымды ашсам дөңгелек, жапсам сызықша.

  2. Сардар: менің басым дөңгелек, бетім төртбұрыш.

М атематика сабақтарында «Кім тапқыр», «Сыңарын тап»,»Қайсысы көп-аз»,»Үлкен-кіші»,»Ұзын-қысқа» атты тағы басқа жарыс оқу қызметін өткіземін. Мұндағы көздеген мақсатым: балада психикалық қасиеттердің қалыптасуымен дамуын және сол жыл бойына алған білімдерінің деңгейін тексеру. Мұндай сабақтар баланың қызығушылығын арттырып дүние заттары мен құбылыстарын танысам, көре білсем деген талабын арттыра түседі.
Ал көрнекілік арқылы балаларға көрсететін көрнекілігім үлкен, әдемі, бояуы қанық, әрі балаға көрінетіндей етіп қабылдаймын. Іс -әрекетінің екінші бөлімінде балаға берілетін карточкалар эстетикалық талғамға сай болуы керек. Көрнекілік қолдану кезеңінде мынадай қағидалар басты назарда болады:

  1. Көрнекілікті көрсетер алдында мақсатын нақты айқындау ;

  2. Көрнекілік оқытудың өзге де құралдарымен қоса пайдалану ;

  3. Көрнекіліктің барлық балаға түгел жақсы көріну Осы ережелерді сақтай отырып,сабақтарымда көрнекілік пайдаланамын. Мысалы : суретпен жұмыс, сөзжұмбақтар, т.б. қолданып отырамын.

Іс әрекетімде логикалық ойындарды ойнағанда, балалардың ойлау қабілетін арттыру. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл -ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет