КмқК «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі



бет1/3
Дата22.05.2022
өлшемі456,73 Kb.
#144646
  1   2   3
Байланысты:
мектеп жасына Адилова Н








Адилова Нуржанат Сагатбековна
КМҚК «Қарлығаш»
балабақшасының тәрбиешісі
Қарағанды қаласы
Мектеп жасына дейінгі балаларға
қарапайым матемтика ұғымдарын қалыптастыру

Есептеуді санамақтап айтуды,
Үйрететін жаңа пәнің бар мұнда
Шабыт берер ойың менен санаңа
Талант көзін ашар барлық балаға.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым соған үйір болады
Досың солар- табылатын қасыңнан.

Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану. Сабақты қызықты өткізу үшін қосымша материалдар пайдаланамын,сол себепен мен өзімнің тәрбиелеп жүрген балаларыма оқу тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланғым келеді.. Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш,сопақша) және олардың элементтері
(қыры, бұрышы) болатынын, қосу, алу тең ұғымдарын үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік), жігерін жұмсайды. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыруға, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Әр шаңырақтың үміті болып өсіп келе жатырған алдымдағы әрбір шәкіртімнің бабын таба білу, жүрегіне ел, ұлт деген ұғымды ұялатып, жан шырағын жаға білу. 4-5 жас аралығындағы балалар болғандықтан оң-сол, жоғары -төмен,алыс- жақын деген негізгі ұғымдарды меңгергенімен алыс- жақын, биік- аласа, көп -аз, үлкен- кіші ұғымдарын шатыстырып, 0- ден 5-ке дейінгі сандарды тура санағанымен кері санау және сандарды таңбасына қарай ажырату қиын болды. Өзіме ыңғайлы болу үшін, 1-ші қатарға З деңгейді бірдей уақытта орындайтын баларды отырғызамын, 2-ші қатарға 2 деңгейлі бірдей уақытта орындайтын балаларды, 3-ші қатарға 1 деңгейді ғана орындайтын балаларды отырғызамын. Бұл балалардың тапсырмаларды қызыға, ынталана орындап, кез- келген қиыншылыққа төзуге,жеңуге болады деп ойлаймын.
Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту.Бұл кезең баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларға берілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап,көріп тануынан тұрады.Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды, Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін) теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.
Дамыта оқыту технологиясы. Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан басталатыны белгілі. Ал, білім беруді жақсарту педагогқа байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет. Мысалы : ертегінің мазмұнын ашу барысында «Дамыта оқыту технологиясын» қолдансақ, онда жоғарғы дәрежеде жан -жақты дамуы үшін негізін жасау. Дамыта оқытудың басты мақсаты- баланы оқыта отырып жан -жақты дамыту.Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе балаларды оқытуда шығармашылық әрекетін енгізу. Күнделікті сабаққа әзірленгенде осы дамыта оқытудың әдіс- тәсілдерін пайдалану. Балалардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіру, әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана өткізудің де маңызы зор.
Баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып жетістікке жетуі. Баланың өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой- өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте - бірте мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығуын танытып,баланың шығармашылық қабілеті ұшталады.Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен балалардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалды,сөйтіп жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан, әрбір педагог ойын технологиясын жетік меңгеруі тиіс деп санаймын. Ойын барысында балалар тілдесу ережелерімен танысады. Біз балаларға әр түрлі тапсырмаларды береміз, тапсырмаларды орындау барысында мыналарды үйренеді :


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет