Сабақ мақсаттары



Дата04.07.2018
өлшемі75,5 Kb.
#46647
түріСабақ
Қарағанды облысы Шет ауданы «Сәкен жалпы білім беру мектебі» КММ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ахметова Кызгалдак Сагатбековна
Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі



Бөлім: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер Мектеп: Сәкен ЖОББ

Тақырыбы: Қара шаңырақ Мұғалімнің аты-жөні:Ахметова Қ.С Күні:

Сынып: 5 : : Қатысқан Қатыспағандар

Оқу сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: берілген ақпаратты қолдана отырып, болжам жасайды, "Қара шаңырақ" бойынша түсінік алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тірек сөздер арқылы өз көзқарастарын сыни ойлау арқылы нақтылайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: мәліметтерді пайдалана отырып, өз көзқарасын ұтымды пайдаланады

Бағалау критерийі

Берілген суреттерге қатысты тірек сөздерді анықтап, болжайды.

Тірек сөздер мен суреттер бойынша тақырыпқа болжам жасайды.




Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: тірек сөздер мен суреттермен жұмыс жасай отырып, тақырыпты болжайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қара шаңырақ, үлкен үй,кенже бала, дәріптеу, медет тұту.

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: отағасы, ұрпақ соғым, ас, әдет-ғұрып.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Отбасы» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)



Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау.

Отбасы құндылықтарының маңызы




Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

5 мин

Киім стилі мен сән үлгілері. Отандық брэнд киімдер.

«Бес қадам» ойыны.

Ортаға табан іздері тасталады. Оқушы табан іздерін баса отырып, сұрақтарға жылдам жауап береді.

Сұрақ үлгілері:

- Ұлттық киімдерді ата.

- Ерлердің ұлттық киімдерін ата.

-Әйелдердің ұлттық киімдерін ата


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Cабақтың басы 10мин

Сыныпта қолайлы орта қалыптастыру мақсатында

оқушылар «Бір шаңырақтың астында» әдісі бойынша шеңбер құрып, жылы лебіздерін білдіреді.



«Галереяда ой шарлау».

Тапсырма. Тірек сөздер мен суреттерге ортақ тақырып қойып, тақырыпқа болжау жасаңыз.

Тірек сөздер: үлкен үй, кенже бала, мұрагер, енші

Дескриптор:

-Әр суретке қатысты 3 тірек сөз жазады

-Тірек сөздер мен суреттерге ортақ тақырып ұсынады

Сабақтың тақырыбы болжап анықталған соң, оқушылар «Уық», «Кереге», «Түндік» белгілеріне байланысты топқа бөлінеді.

ҚБ. Ауызша қолпаштау






Сабақтың ортасы 20

Деңгейлік тапсырма орындайды

1. Мәтінді түсініп оқып,тақырыпты ашатын тірек сөздерді анықтайды.

2.Қарамен берілген сөздердің мағынасын көрсетіңдер


Шаңырақтарың берік болсын




Кенже ұлға қалатын үлкен үй




Шаңырағың шайқалмасын



3. Қара шаңырақ тіркесінде қара сөзінің мағынасын ашып, болжау арқылы әңгіме құрастырады





Сабақтың соңы

10

«5 жолды өлең» стратегиясы. «Қара шаңырақ» сөзіне дайындайды, сызба беріледі.

Зат есім

Сын есім, сын есім

Етістік, етістік, етістік

4 сөзден тұратын ой түйіні

Зат есімге синоним

ҚБ: «Күлегештер»
Рефлексия

Парталас көршіне бір пікір»

-Жарайсың

-Мен сабақта сенің жұмысына ризамын







Қосымша ақпарат

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар. Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді. Үлкен балалары отау тігіп, бөлек шыққанда ең кенже ұл (кіші ұлы) әкесімен бірге қалады. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып қағатын, көне салт бүгінгі қазақ отбасыларында да сақталған.

Саралау:

Деңгейлік тапсырма

І деңгей мәтіндегі тірек сөздерді табады

ІІ деңгей қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашады

ІІІ деңгей «Қара шаңырақ» тіркесінде қара сөзінің мағынасын ашып, болжау арқылы әңгіме құрастырады


Бағалау әдісі

Сабақтың басында ауызша қолпаштау түрінде Жарайсыңдар!

Сабақтың ортасында жұлдызшалар арқылы бағалау

Сабақтың соңында күлегештер бойынша бағалау жүргізіледі






Сабақ бойынша

Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

3.Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

5.Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?




1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды

2.Сабақта оқушылар тірек сөздер мен суреттермен жұмыс жасай отырып, тақырыпты болжап, жаңа сабақтың тақырыбын ашады деп жоспарладым

3.Сабақ өз деңгейінде өтті

4.Жоспарланған саралау тапсырмаларға сәйкес табысты болды.

Уақытты тиімді пайдаланамын .

5.Жоспарыма тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері, қалыптастырушы бағалау түрлерін енгіздім.




Қорытынды бағалау:

Сабақтағы екі ең сәтті әрекетті атаңыз (оқыту және оқу бойынша).

1: Ширату жаттығулары

2: Деңгейлік тапсырмалар

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту және оқу бойынша).

1: Оқу мақсатынан сабақ мақсаттарын шығару қиындық тудырды.

2:Белсенді әдіс-тәсілдер мен қалыптастырушы бағалау түрлерін тиімді пайдалану да қиындықтар тудырды

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма сынып немесе оның жекелеген оқушылары туралы қандай жаңа ойлар түйдім? Бұл келесі сабақты өткізуіме қалай әсер етеді?



Оқу мақс аттарынан сабақ мақсаттарын шығару, оқушыларды деңгейіне қарай саралау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет