Сабақтың тақырыбы : Сандар сыры Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата22.08.2017
өлшемі69,98 Kb.
#23992
түріСабақ
Ақмола облысы Степногорск қаласы

С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі



Тақырыбы: «Сандар сыры»

Сыныптан тыс іс-шара



Сынып: 1 «А»
Мұғалім: Кусаинбекова Жанар Маратовна


2015 – 2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Сандар сыры

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға 3, 7, 9 сандарының ерекшеліктерін ұғындырып,

білімдерін жетілдіру, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін

жан-жақты жетілдіріп дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушылардың топпен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырып,

жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.



Оқушылар:

Сабаққа біз даярмыз,

Жалқаулықты қоямыз.

Үздік оқып әрқашан,

Кілең бестік аламыз.


  • Кіріспе сөз

  • Балалар, бүгін біз сендермен сандар туралы білімімізді одан әрі жалғастырып, тереңдетеміз. Әсіресе, 3,7,9 сандарына тоқталамыз. Тақырыбымыз «Сандар сыры» болғандықтан, сол сандар туралы жұмбақтарды шешеміз.

а) «Бұл қандай сан?»

Бүкірлеумін, имекпін,

Мойынындай үйректің.

Сабағыңды білмесең,

Мені аласын күнде сен. (2)
Бір шеңберді бір шеңбер,

Көтеріп тұр білсеңдер. (8)


Бас көлемім орасан,

Көтере алмай бел идім.

Басым төмен караса,

Дәл үш жасқа кемимін. (9 бен 3)

Балғасы жоқ орақпын,

Бедел-бағым зор-ақ тым. (5)

ә) Сандары бар сөздерден құралған санамақтар

Тү +1 = түбір

К + 3 + ік = күшік

Дер + 5 = дербес

7 + к = жетік

Б + 6 +р = балтыр

4 + бақ = төртбақ


  • Ал қазір әр топтың басшысы шығып, киелі сандардың біреуін таңдап алады. Ендеше, сол сан туралы не білетінің сол топ айтып береді.Әр топ таңдап алған саны туралы айтып шығады. Мұғалім қосымша мағлұмат беріп отырады.

Киелі сандар: 3 саны

Үш қуат:
1.Ақыл

2.Жүрек


3.Тiл.

Үш жүз: 
1.Ұлы жүз

2.Орта жүз

3.Кіші жүз.

Үш құсты өлтіруге болмайды:
1. Көкқарға

2.Қарлығаш

3. Байғыз.

Үш би:
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

Үш мұрат:

1.Жол мұраты –жету.

2.Дау мұраты - біту.

3. Қыз мұраты – кету.



Үш ғайып:

1. Ажал ғайып.

2. Қонақ ғайып.

3.Несібе ғайып.



Жаңылмай, санайық! ойыны





































Тапсырма: Ешнәрсенің көмегінсіз тек көру арқылы

торкөздегі сызықтарды

санап шық.
Есте сақтайық” ойыны

Тапсырма: Суреттер мен сандарға қарап ал, сосын қағазбен жауып тұрып, ретін сақтайтындай етіп салып (жазып) шық

1 6 5 4 2 0


«Есептей білейік!» ойыны

Сергіту” сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Беске бесті қосайық,

Болып шықты он саусақ.


  • Оқушылардың 7 саны туралы білетіндерін тыңдап, қосымша мәлімет беру.

"Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.
Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және "Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.
 7 қазына (жүйрік ат, алғыр тазы, берен мылтық, ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім)
7 күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

7 ата (немере, шөбере, шөпшек, немене, жүрежат, туажат, жұрағат)

7 жоқ

Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Құста сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ. Тілде сүйек жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Таста тамыр жоқ.


Қызықты есептер

  • Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4 кг. Ал бір аяғымен тұрған салмағы қандай болады?

  • Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?


9 санының қасиеттілігі туралы айту.

Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: "Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", " Тоғыз әйелдің толғағы бір күні келіпті", "Тоғыз жолдың торабы", "Тоғыз қабат торқа қию","бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болу керек.




  • Бос торкөздің орнына қажетті санды қой

9 - =4

10 - = 7


8 - = 3

+ 4 = 8


  • Үш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу?

Сабақты қорытындалау:

а) Әр топ А3 форматына киелі сандар туралы не білгендерін жазып, ортада қорғап шығады.



ә) Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау. Қорытынды сөз айту.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет