Келесі күні сыныптарда әр түрлі формада сыныптан тыс іс-шаралар және ашық сабақтар өткізілді. Мәселен, 9 «а» сыныбында «Прогрессия» деп аталатын сабақта (мұғалім Юрко Е.А.) оқушылар прогрессияға есептер шығарды.
6 «а» сыныбымен математика сабағында «Решение задач с помощью уравнений» деген сабақ өткізді. (мұғалім Юрко Е.А.)
7 «А» сыныбында (мұғалім Сабитова А.И.) ашық сабақ өткізілді. Аталған сабақ «Формулы сокращённого умножения» деп аталады. Бұл сабақ білім алмасу және жүйелеу түрінде өтті. Өтілген тақырыптарды бекітуге бағытталды. Сабақ барысында үлгерімі жоғары оқушыларға карточкалар таратылып, үлгерімі төмен оқушылардың өз есептерін сараптауға және жіберілген қателерін түзетуге арналған жұмыстар өткізілді. Сабақ барысында оқушылардың біріге жұмыс істеуі үшін жұптық жұмыстар жүргізілді.
6 «б» сыныбында «Учимся, играя» деген сыныптан тыс іс-шара өтті. (мұғалім Сабитова А.И.). Өткізілген ойындар іс-шараның тақырыбына сай болды. Әр топтың жеңіске деген ұмтылысы, сабаққа қатысуы қойылған мақсаттардығ орындалуына негіз болды.
8 сыныпта информатикадан интеллектуальды-танымдық ойын өткізілді. Ол «Турнир знатоков по информатике» деп аталды. (Мұғалім Азмаганова Б.Х.). Балалар сабаққа белсене қатысып, информатикадан негізгі терминологияларды естеріне түсірді. Әр түрлі конкурстар болды. Олар: Капитандар конкурсы, мақалды тап т.б.
8 сыныпта «Тригонометрические формулы и их приемы запоминания», 9 «б» сыныппен өткізілген «Случайные исходы, события, испытания» сабақтар (мұғалім Жантубетова Б.А). өте жоғары деңгейде өткізілді. Мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділіктерін қалыптастыру. .
11 «б» сыныпта «Удивительный мир многогранников» (мұғалім Ашуова Б.С.) және 10 «б» сыныпта «Тепловые двигатели и защита окружающей среды» (мұғалім Филипов А.В.) деген сыныптан тыс іс-шаралар өтті. Бұл іс-шарада оқушылар математика мен физика пәнінің керемет ғылым екенін олардағы фомулалар мен теоремаларды тарих, география, әдебиет, биологиямен т.б. оңай байланыстыруға болатынын көрсетті.
Информатикадан «Поделки из CD-дисков» деп аталатын конкурс өткізілді. Онда 8 сыныптар көзге түсіп, білімдерін көрсетті. Қалған сыныптар да қатысты.
Өткізілген барлық іс-шаралар оқушылардың логикалық ойлауына, сауаты мен сөйлеуіне, танымдық қабілетіне жақсы әсер етеді.
Жыл сайынғы өткізілетін математика, физика, информатика пәндерінің апталығы оқушылардың білім сапаларын көтеруге, қабілеттерін жақсартуға, ойлау іс-әрекетінің белсенді болуына зор ықпал етеді.
ӘБ жетекшісі
____________Азмаганова Б.Х.
Достарыңызбен бөлісу: |