Жеке бренд қалыптастыруға дайындық. Блогты жақсартуға арналған 10 қадам



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#97519
Байланысты:
Жеке бренд қалыптастыруға дайындық. Блогты жақсартуға арналған 10 қадам.-2



Жеке бренд 
қалыптастыруға дайындық
 
@bakemarketer
БЛОГТЫ ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН 10 ҚАДАМ


Сәлем іздемпаз оқырман. Байланыста
Bakemarketer. Қазір берілетін 10 тапсырманы 
орындауды ұсынамын. Орындау арқылы
Инстаграмда өзіңді қалыптастыратын боласың.
Бастамас бұрын, барлық тапсырманы
максимально орындауға уәделесіп алайық.
Барлық нәтиже орындауыңа байланысты.
Келісетін болсақ, бастайық. 
Қаламсап пен блокнот артықтық етпейді.
Блог концепциясын таңдаймыз. Сұрақтарға жауап
береміз:
Блог не туралы?
Мақсатты аудиторияңыз қандай?
Блог аудиториясымен қандай мәселені шеше аласыңыз?
1
2
Концепцияны анықтаған соң не
үшін блогты жүргізесіз соны
нақтылап алыңыз.
Не үшін блог жүргізуге болады?
Бірнеше нұсқа ұсынып көрейін.
Аудиторияға жаңа ақпаратты
жеткізіп отыру үшін, басқаларға
жарнама жасау арқылы ақша табу
немесе атақты болу. 
Барлығына оң көзқараспен қарауға болады. Қазір
комерциялық тұрғыда блогка қарайтын болсаңыз
бұл ұялатын нәрсе емес. Маңыздысы соңында
көргіңіз келетін нәтижені анықтап алыңыз. Ол
анықталмайынша қателесіп жүре беретін боласыз.
3
Өз блогына жаңадан келген оқырман
көзімен қарап көру керек.
Көп жағдайда өзіміздің блогымыз ең
жақсысы, пайдалысы болып көрінеді. Бар
уақытымызды арнағандықтан шығар
мүкін. Бірақ барлық оқырман олай ойлауға
міндетті емес. Әсіресе жаңадан келген
оқырман болса. Үш досыңыздан сіздің
блогыңызды қалай көретінін сұрап
көріңіз. Жауаптарын салыстырып қараңыз.


Өз блогыңыздан нақты не ұнайтынын жазып көріңіз. 
Өзіңізге критика айтып емес, өзіңізді мақтап көріңіз.
Сіз басқалардан критика алғаныңызда жетеді. Өзіңізді
арасында қуанту арқылы өзіңізге жақсы энергия
алатын боласыз.
4
5
Басқа блогерлерден қандай
айырмашылығыңыз бар? Қандай
тақырып, фишка немесе рубрика
Қатты айырмашылық болуы міндетті
емес. Кішкентай ғана өзгешелік сізді
ерекшелеуі мүмкін. Перфекционист
болып мүлдем басқаша болуы керек
деудің қажеті жоқ. Тек ерекшелейтін
рубрика немесе өзіңіздің фишкаңыз
болуы міндетті. Осы арқылы жеке бренд
қалыптасады. Мысалы: мен күнде
таңертең спортпен айналысып салсам
немесе авокадо жейтінімді салсам басқа
кездері сол заттарды көргенде мен есіне
түсетін боламын.
6
Өз блогыңызды немес байланыстырасыз?
Жеке бренд міндетті түрде белгілі бір
месседждерден тұрады. Сіз үнемі кері
байланыста алатын ұқсас хабарламалар.
Оқырмандарыңыз сізден үнемі рецепт
сұрауы мүмкін деген сияқты.
Кемі бес адамнан сіздің блогыңызды
немен байланыстыратынын сұраңыз. 
Сол өз фишкаңызды табасыз.
7
Алдағы айға қойған блогыңыз үшін
құрылған жоспарыңызды көрсетіңізші?
3айға? 6 айға жоспарыңыз дайын ба?
Жоспарыңыз болса уақытын нақтылаңыз.
Таймер қою арқылы уақытты босқа
жұмсау болмайды. Қанша жерден дайын
жоспар болса да, қалап тұрсаңыз да
уақытқа таймер қоймасаңыз босқа жүре
бересіз. Ең басын кішкентай планнан 
бастасаңыз дұрыс.


Блогер болу арқылы жеткен жетістігіңізді
жазыңыз.
А нүктесіне жеткен жетістігіңізді Бнүктесіне
көргіңіз келетін нәтижені жазыңыз.
Әр жоспарыңыздың орындалу уақытын
жазыңыз.
Кішкентай заттың өзін қағазға түсіру керек.
Әр жоспарды жазған сайын орындалған
сайын алатын пайданы жазу.
Жеке бренд жасау үшін қаражат керек
дейміз. Бірақ көп адамдар бар ақшасын
салып мүлдем нәтижеге жете алмайды.
Себебі: сауатты жоспарсыз еш нәтиже
болмайды.
8
9
10
Жоғарыда жазылған жоспарларыңыз
орындалмауына не себеп? Қалай өзге-
ріс жасаса болады?
Кемінде 10 блогердің парақшасына
анализ жаса. Негізгі фишкаларын,
қателігін жалпы не бар барлығына
анализ жасау керек.
Инстаграм күнделік сияқты. Аккаунтты ашып ол адам
кім? Немен айналысады? Өмірінде не болып жатыр?
Қалай танымал болды? Осы сұрақтардың бәрінің
жауабын табамыз. Олардың қателігін көріп, өзіміз сабақ
аламыз.
Сонымен сіздермен бөліскім келген чек листті
аяқтадым. Пайдалы болдым деп ойлаймын. Уәдені
ұмытпай, барлығына жазбашы түрде жауап жазамыз.
Сәттілік!!!
Біздің инстаграм аккаунттарымызға жазылып, 
маркетинг туралы пайдалы мақалаларды оқыңыз:
 @bakemarketer
@bailanysta


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет