Кмм «Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицей-мектебі»



бет2/2
Дата25.01.2017
өлшемі438,92 Kb.
#8104
1   2

23 қараша күні қазақ тілі мұғалімі Искаков Ғ.М. 11 «а» сынып оқушыларымен «Қазақстанның ғарыш тарихынан» атты ашық сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысып, сабақ барысында еліміздің ғарышкерлері жайлы көптеген қызықты деректерді біліп, сабақ материалын толығымен меңгерді. Мұғалім сабақты өте қызықты өткізді. Оқушылардың назарына ғарыш, ғарышкерлер туралы декректі бейнематериалдар ұсынылды. Сонымен қатар грамматикалық тапсырмалар да назардан тыс қалған жоқ. Жазбаша жұмыстар орындалып, сөйлемдерге синтаксистік талдау жұмыстары жүргізілді. Осы күні Боранбаев Ж.А. 10 «а» сынып оқушыларымен «Қаныш Сәтбаев атындағы ғаламшар» ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білетіндіктерін ортаға салып, өздерінің ойларын еркін жеткізе білетіндіктерін көрсетті. Қаныш Сәтбаев атындағы ғаламшар туралы әртүрлі деректер интерактивті тақта арқылы оқушылар назарына ұсынылды.



23 қараша күні Балғабекова Ж.С. 8 сынып оқушыларымен «Адамның денсаулығына бәрі де әсер етеді» деп аталатын ашық сабақ өткізді. Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысты. Сабақ барысынды әр түрлі грамматикалық тапсырмалар орындалып, оқушылар білімдерін көрсетті.

Осы күні Боранбаев Ж.А. және Байбакова К.Б 6 «а», «б» сынып оқушыларымен «Теңге – ұлттық табыстың кепілі» тақырыбында тақпақшылар сайысын өткізді.

Қазақ тілі апталығының өткізілуі барысында Искаков Ғ.М. 9 «а» сынып оқушыларымен Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайға саяхатқа ұйымдастырды. Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл саяхатта оқушылар жерлес жазушы-жауынгер туралы көптеген қызықты деректерді көріп, жақсы әсер алды.

Қорытындылай келе, қазақ тілі апталығы арнайы құрылған жоспар бойынша тиісті деңгейде өтті. Барлық ұстаздар бұл апталық іс-шараға жоғары деңгейде дайындық жасап, лицей оқушылары жоғарыда аталған іс-шараларға белсене қатысты.


Әдістеме бірлестігінің жетекшісі: Громова М.В.
ГТЛ-М директоры: Давленов С.Х.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет