КММ «Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицей-мектебі»
2015-2016 оқу жылы 18-25 қараша аралығында
өткізілген қазақ тілі апталығының
САРАПТАМАСЫ
18-25 қараша аралығында лицей-мектебімізде қазақ тілі апталығы аясында әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараларды дайындап өткізу барысында қазақ тілі мұғалімдері белсенділікпен атсалысып, әр түрлі ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар дайындады. Арнайы құрылған жоспарға сай, апталықтың ашылу салтанаты мектебіміздің акт залында өткізілді. Онда оқушыларға қазақ тілі апталығы туралы мағлұматтар берілді. 18 қараша күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Балғабекова Ж.С. 6 «а» сынып оқушыларымен «Тірек сызбалар дегенімз не?» деп аталатын сыныптан тыс іс-шара дайындап өткізді. Іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, мұғалімнің бағыттауымен көптеген тапсырмалар орындап, қазақ тілінде сөйлеу қабілеттерін көрсетті. 20 қараша күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дементьева Н.Г. 11 сынып оқушыларымен «Қазақстанның ғарыш алаңы» деп аталатын ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар өздерінің лексикалық, грамматикалық білімдерін көрсете білді. Сонымен қатар, оқушылар туған еліміздің ғарышкерлері туралы жалпы, ғарыш туралы көп білетіндіктерін байқатты. Мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен оқушылар ауызша және жазбаша жұмыстарды еркін орындады. Сабақ барысында оқушылар өздерінің ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білді.
21 қараша күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбакова К.Б. 6 «б» сынып оқушыларымен «Астана келбеті- ұлт келбеті» деп аталатын ашық сабақ өткізді. Сабақ өткен сабақтарда алған білімді жалғастыру түрінде өтті. Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысып, Астана туралы не білетіндіктерін ортаға салды. Сонымен қатар, грамматикалық тақырып тоғыспалы ықпал туралы болып, оқушылар дыбыстар арасындағы тоғыспалы ықпалдарды тиісті деңгейде ажырата алатындықтарын көрсетті. Сабақ барысында жұптық жұмыстар өткізілді.
Осы 21 қараша күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Боранбаев Ж.А. 6 «а» сынып оқушыларымен «Бәйтерек» деп аталатын сабақ өткізді. Сабақ оқушылардың өткен сабақтар бойынша алған білімдерін тиянақтау түрінде өтті. Сабаққа барлық оқушылар белсенді қатысты. Сабақ барысында оқушылар жеке, топтық жұмыстар орындап, өздерінің тақырып бойынша білімдерін көрсетті. Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында мұғалім диалогтік оқыту әдістерін қолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |