8 «А» сынып оқушыларымен өткізілген
ата – аналар жиналысың хаттамасы
26.05.2022
Барлығы: 18
Қатысқаны: 5
Күн тәртібінде: 1. Жылдық қорытынды бағалармен танысып, табельге қол кою
2. Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі
3. Әр түрлі сұрақтар
Тыңдалды: 1. Сынып жетекші Момбаева П.А. ата-аналарды оқушылардың үлгерімімен таныстырды. Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Биылғы оқу жылын сыныпта бір оқушы үздік және жеті оқушы жақсы деген бағамен бітірді. Жалпы сынып көрсеткіші:
I тоқсан 21%
II тоқсан 32%
III тоқсан 42%
IV тоқсан 39%
Табельмен танысып қол қоларыңызды сұраймын.
2. Жазғы демалыс күндері балалардың қауіпсіздігі үшін тек ата-ана ғана жауапты екені түсіндірілді және жадынама таратылды. Жазғы демалыс күндеріндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. 3. Үшінші сұрақ бойынша оқу ақысының төлемдері мен сомасы туралы ақпарат берілді.
Шешімі: Оқушылардың жеке табельдеріне қол қойылсын
Жазғы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі ата-анасына жүктелсін
Балалардың оқу ақысы 29 мамырдан кешіктірілмей төленсін