Хаттама №1
15 қараша 2023 жыл Қатысуға тиіс: 5
Қатысқаны: 5
Күн тәртібінде
Негізгі қордағы мүлікті есептен шығару туралы
Тыңдалды
Мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Қ.С.Хайдаров:
«Атырау облысы Құрманғазы ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің есесбіндегі қалдыққұны жоқ негізгі қорлардың пайдалануға жарамсыздығын анықтау барысында төмендегі мүліктердің жарамсызыдығы анықталды.
№
|
Жарамсыз мүлік атауы
|
Шыққан жылы
|
Инв.нөмірі
|
Саны
|
1
|
ПАЗ – 3205-110 автобус
|
2006
|
|
1 дана
|
Аталған мүлікті құрылған комиссия құрамымен талқылай отырып, жарамсыздығын растаймын. Қарау барысындағы комиссия құрамы төмендегідей болды:
Маткалыкова Д.П. – комиссия төрағасы, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Хайдаров Қ.С. – комиссия мүшесі, мектеп директорының шаруашылық ісі жөнідегі орынбасары;
Карсакова Г.А. – комиссия мүшесі, бас есепші;
Аталған автобус көлігі 2006 жылы шығып, мектебімізге 2008 жылы шалғай елдімекендерден оқушыларды тасымалдау мақсатында қолданысқа берілген болатын. Берілген кездегі автокөліктің мемлекеттік нөмірі Е 240 BL. Автокөлікті берілген жылдан бастап 2017 жылға дейін қолданыста болып, қозғалтқыштарының ақаулығына байланысты істен шығып, қолданысқа жарамсыз болып тұрып қалды. Осы себепті, автокөлікті жарамсыз мүлік ретінде негізгі қордан шығаруға ұсыныс етемін.
Сөйлеушілер
Мектептің бас есепшісі Г.А.Карсакова:
Негізгі қордан шығарғалы отырған автокөлік ПАЗ 3205-110 автобусы 2008 жылы қордан 2 537 000 (екі миллион бес жүз отыз жеті мың) теңге қаражат бөлініп, мектептің балансына берілген еді. 2017 жылға дейін бұл автокөлікте бірнеше мәрте жөндеу жұмыстары, жарамсыз болған бөлшектерді ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, керекті уақытында қаржы бөлініп, керекті бөлшектері алынып отырды. Кейін тасымалға жарамыз болып, жөндеу жұмысына келмеуіне байланысты тоқтатылды. Осы себепті негізгі қордан автокөлікті шығаруға ұсынамын.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
ПАЗ – 3205-110 автокөлігі жарамсыз деп танылып, негізгі қордан есептен шығарылсын.
Жиналыс басшысы: Г.М.Құбашева
Хатшы: Э.Абдрешова
Достарыңызбен бөлісу: |