Күнделік жазбағалы өте көп уақыт өтті. Қазір қолымда блокнот жоқ, сондықтан ноутқа жазп отырмын. Соңғы жазбада сенімен не туралы сөйлескеніміз есімде жоқ. Әдеттегідей мен бірдеңе уәде еткен шығармын саған
04.05.2022
Күнделік жазбағалы өте көп уақыт өтті. Қазір қолымда блокнот жоқ, сондықтан ноутқа жазп отырмын. Соңғы жазбада сенімен не туралы сөйлескеніміз есімде жоқ. Әдеттегідей мен бірдеңе уәде еткен шығармын саған. Өзім адам боламын деген шығармын. Байқасам саған ең қиын сәттерде, өмір сұр түске боялғанда, барлығы қайталана беретіндей болып кеткенде ғана келеді екенмін. Немесе бір қайғылы жағдайлар болғанда. Қазір, шүкір қайғылы жағдай болған жоқ. Бірақ, өмірдің мәнін жоғалтып жүрген сияқтымын. Барлық жасағаным басы да, аяғы да жоқ жоба сияқты. Мен тек бір бөлігінде жүрген сияқтымын. Аяқтауға батылым жетпейді, басы дұрыс болмаған сияқты. Екі күн болды, сол кеңістікті толтыру үшін тағы да «фан» болып бастадым. Бірақ, шынымды айтсам қайтадан жасағым келмейді. Өзім үшін, алға жылжудың орнына уақытты бос өткізгім келмейді. Сол момент келді. Дәл қазір. Мен тырысамын, сен маған сәттілік тілеп қой. Шын тырыссам, менің қолымнан бәрі келеді. Сен оны білесің.