Табыс критерийі
|
Барлық оқушылар
|
Шеңбер және оның элементтері: доға, хорда, радиус, диаметр анықтамаларын білетін болады.
|
Оқушылардың көпшілігі
|
Шеңбердің жазықтықта берілген бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің жиыны екенін,оның бойындағы кесінділер мен нүктелердің анықтамасын және қызметтерін ұғып, түсінетін болады.
|
Жекелеген
оқушылар
|
Өткен теоремаларды пайдаланып, шеңбердің және оның элементтерінің қасиеттерін солар арқылы талдап, түрлі есептерге пайдаланады, шеңбердің қасиеттерімен танысып,теоремасын жеке дәлелдеп көруге тырысады.
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім не істейді?
|
Оқушылар не істейді?
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
|
Оқушылармен сәлемдесемін.
Оқушылардың алдына есептер және сұрақтар жазылған парақшалар тастаймын.
|
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Өз ойларын ортаға сала отырып, топтарға бөлінеді
|
Таратпа
лар
|
Үй тапсырмасын тексеру
5 минут
|
№204 Үшбұрыштың әр түрлі төбелеріндегі екі сыртқы бұрышы тең. Үшбұрыш периметрі 74 см, ал бір қабырғасы 16 см. Оның қалған екі қабырғасын табыңдар.
|
АВС үшбұрышы тең бүйірлі
Р=Х+Х+АС
2Х=74-16
Х=58/2
Х=29
Жауабы: АВ=АС=29 см
|
7-сынып геомертия оқулығы
|
Білімді, білуді, дағдыны тексеру
5 минут
|
Анықтама.Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиынын шеңбер деп атайды
Ол нүктелер шеңберді екі бөлікке бөледі. Ол бөліктердің әрқайсысы шеңбердің доғасы деп немесе жай доға деп аталады.
|
. Берілген нүктені (O) шеңбердің центрі дейді. Шеңберді сызу үшін циркуль пайдаланылады.
Суретте центрі О нүктесінде болатын шеңбер көрсетілген. А,В,С нүктелері шеңбердің бойында орналасқан және ОА=OB=OC.
|
|
Жаңа білімді игеру
10 минут
|
Анықтама. Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесінді шеңбердің радиусы деп аталады
Анықтама. Шеңбердің бойындағы кез келген екі нүктені қосатын кесіндіні оның хордасы деп атайды.
ВС доғасы ВС хордасына сәйкес доға немесе ВС хордасына керілетін доға деп аталады.
|
Радиус латынның R немесе r әріпімен белгіленеді, яғни OA=R. Центрі О нүктесінде, радиусы r болатын шеңберді ɷ(O;r) деп белгілейміз. ɷ(O;r) шеңберінің бойынан кез келген В мен С нүктелері алынсын.
|
7-сынып геометрияоқулығы
|
Түсінуін тексеру
6 минут
|
І деңгей тапсырмалары
1. Шеңберді геометриялық нүктелердің орны деуге болады ма? Неге?
2. Центрі О нүктесінде және радиусы r₌3.5см, болатын шеңбер сызыңдар. Түрлі түсті қарындашпен радиусын жүргізіңдер.
|
3. Центрі О нүктесінде және радиусы r₌5см, болатын шеңбер сызыңдар. Түрлі түсті қарындашпен түрлі доғалармен хордалар жүргізіп, белгілеңдер.
4. Центрі С нүктесінде және диаметрі AB=8см болатын шеңбер сызыңдар. радиусын және доға сызып түрлі түсті қарындашпен сызып көрсетіп, белгілеңдер.
|
7-сынып геометрия
оқулығы
|
Жаңа материалды бекіту
6 минут
|
ІІ деңгей тапсырмалары
1. ɷ(O; r) суреттегі шеңберді сызыңдар. A, B, D, F, O нүктелерінің қайсысы шеңбердің ішінде, шеңберден тыс, шеңбердің бойында жатады? О нүктесі шеңбер бойында жатады деуге болады ма? Жауаптарыңды негіздеңдер.
|
Шеңберге ішінде: А,Е,
Шеңбердің бойында:F
Шеңберден тыс: B,D
|
Таратпалар
|
Үй тапсырмасын орындау жөнінде нұсқау
2 минут
|
Үйге №206 есеп Шеңбер радиусы 2,5 см. Оның диаметрін табыңдар. Осы шеңбердің диаметрі 6 см болуы мүмкін бе?
|
Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады.Дәптерге орындалу әдістемесін жазып алады.Тапсырманың орындалу жолымен бөліседі
|
|
Қорытындысын шығару
5 минут
|
Оқушылардың ынта- ықыласын жекелеген оқушылардың талдауына бағалау жүргізеді.
|
Сабақ барысында орындаған жұмыстарын талдайды, өзін-өзі бағалайды
|
|