Күні: 10. 03. 2016ж. Тақырыбы: 1986 ж Алматыдағы желтоқсан оқиғасы



Дата25.08.2017
өлшемі120,74 Kb.
#26011
Пәні: Қазақстан тарихы

Тобы: МДО-141 2-курс

Күні: 10.03.2016ж.

Тақырыбы: 1986 ж Алматыдағы желтоқсан оқиғасы

Мақсаты:  Желтоқсан көтерілісінің  сипатын аша отырып,  тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген  патриоттық сезімді қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында  талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың  дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты:  Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке,  әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың  көрнекілігі:слайдтар, деректер, мәліметтер, суреттер

Сабақтың әдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, модульдік оқыту технологиясының әдістері.

Сабақтың эпиграфы:« Ең зор iзгi ерлiктердi Отанға деген сүйiспеншiлiк туғызған» Ж.Ж.Руссо.

I. Дайындық кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Слайд, презентациялар арқылы.

III. Жаңа сабақты өту кезеңі.

Модуль құрылымы

Модельдің мазмұны

Уақыты

I. Кіріспе бөлімі

Модельге ену

Жаңа сабақ жоспары:

1. Желтоқсан көтерілісінің себебі

2. Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың саны 

3. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға  қандай үкім шығарылды


15-20 мин

II.Сөйлесу

бөлімі.


1. «Даталарды еске түсіру» ойыны

2. «Сөзжұмбақ» шешу

3. «Бәйге» ойыны


15-10 мин

III. Қорытынды

1. Қорытынды


10-5 мин

I. Кіріспе бөлімі

   Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы  талай қанды қырғынды, зорлық- зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі – Желтоқсан  көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес. Дүниені  дүр сілкіндірген, тәуелсіздіктің бастауы болған  Желтоқсан көтерілісі.

    1.   Әнұран

 МұғалімЕлбасы Н. Назарбаев өзінің “Ғасырлар тоғысында” атты еңбегінде “1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты ұлтжанды екендігін көрсетті. Олар 100 жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйеге бірінші болып қарсы шықты. Жастар бұдан әрі кез келген ұлтқа, ұлттың мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді” деп жазды.



Слайд:Архивтен алынған  сол кездегі бейне көріністерден үзінді.

 Мұғалім:

Бұрқ етті қазақ баласы,

Кеудеде өршіп наласы.

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып барлық шарасы.



1-топ .Желтоқсан көтерілісінің себебі:

Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан  көтеріліс болды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі: 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен  Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Д.Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ  В.Колбиннің «сайлануы»  болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек- легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға  қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз көсемі!» ,«Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен , «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты.Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді,ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды,ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді  айтып қалуға тырысты.



2-топЖелтоқсан оқиғасына қатысқандардың саны : Желтоқсан оқиғасы  Алматыдағы Брежнев  ( қазіргі Республика) алаңында басталып, ары қарай  Тараз, Қызылорда, Шымкент,Талдықорған, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Көкшетау, Семей, Павлодар, Арқалық қалаларында, Шамалған, Сарыөзек елді мекендерінде  толқу болып өтті.Оларға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 281 –і ұсталып 20 астамы түрлі мерзімге сотталды.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы коммисиясының анықтауы бойынша қозғалысқа қатысқаны үшін ұсталғандардың саны-8500. 2401 уақытша қамау орындарына жіберіліп,сыймағандарын қала сыртына апарып тастаған.Оның ішінде медициналық көмек алғандар-1383, ал ауруханаға түскені-369 адам.1720 адам жарақат алған.

3-топ.Желтоқсан оқиғасын басуға қатысқан әскери адамдардың саны : Кеңес Одағының қалаларынан Ішкі істер министірлігінің арнайы әскери бөлімдері әкелінді . Наразылықты басып тарату Штабын Б.К.Елисев басқарған. Челябинск, Новосибирск, Ташкент, Тибилиси, Свердловск, Уфа, Фрунзе қалаларынан әсери күштер келді. Қосымша 15 БТР, 22 өрт сөндіргіш машина қолданылды. Ішкі Істер министрінің  орынбасарының мәліметі бойынша тосқауылға 5500 адам жетпеген. Қазақтың нашақор жастары орыстарды қырып, жойып барады деген хабар таратып, 22 өрт сөндіргіш машинамен су шашу операциясы түнгі сағат он бірге дейін жалғасқан. Қазақ жастарына қарсы  сапер күректер, иттер, бронды транспортерлер, өрт сөндіргіш машиналар пайдаланылды.КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған «Бұрқасын-86» операциясы бойынша басып жаншылды.

4-топ. Желтоқсанның ашылмаған шындығы: Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясының төрағасы   М. Шаханов мынадай мәліметтер келтіреді.« 3 адам алаңдағы қақтығыста өлді. Тағы да үшеуі сол күндері қаза тапты. Желтоқсан оқиғаларынан кейін жыл бойы ішкі істер органдары фамилиясын, тіпті нөмірлерін көрсетпестен тағы да 58 адамды көмді деген күдігіміз бар. Тіпті мәйітті ешкім танымаған жағдайда ол нөмірленетіні  белгілі. «Желтоқсаншыларды» қуғындау бүкіл қыс бойы жалғасты.  Жалған куәлер тартып, қатысқандарды тергеу шараларын жүргізген кезде ұрып –соғу итке талату, т. б, әдістер қолданған». М.Шаханов басқарған  коммисияға  наразылық білдіріліп, қысым көрсетілген.«Қ. Рысқұловтың өлімін дәлелдеу қиын болды. Бізге мәлім болғандай, Қайрат асылып өлетін күннен бір күн бұрын камераға қандықол, қарақшы Власенко әкелінген болатын. Қайрат өлімі сол жауыздан келді деген күдігіміз бар. Сонымен қатар Компартия тарапынан қысымшылық жасалды. Сол құжаттарына қол жеткізе алмадық. Мәскеумен қарым-қатынасқа нұқсан келетін болды. Ұлтаралық қатынас шиеленісуі мүмкін еді»,-деп еске алады. Иә, Желтоқсанның ашылмаған, әлі зерттеуді қажет ететін тұстары көп.

Видеоролик – Ән «Желтоқсан желі».  «Желтоқсан желі» 1986 жылы жазылды. Мәтінін жазған Абдрахман Асылбеков, әні Әбиірбек Тінәлиевтікі. Желтоқсанның ащы шындығын айтатын бірнеше деректі фильмдер түсірілді.«Аллажар» деректі фильмінің  режиссері Қалдыбай Абенов, «Аллажар» фильмін 1988 жылы түсіре бастаған, бірақ 1989 жылы КГБ түсіруді тоқтатқызған. Фильмді 1996 аяқтады.Талғат Теменовтың режиссерлығымен «Қызғыш құс» атты фильм өмірге келді.

5-топ.Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға  қандай үкім шығарылды.

Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған.

Лаззат Асанова мен Сабира Мұхамеджанова Желтоқсан оқиғасының құрбаны болды. Сабитова Жансая Әлкейқызы бес жылға, Сыдықова Нағима Асқарқызы үш жылға сотталды. Бас аяғы жиырма үш  ару қыз бас бостандығынан айырылды, әрқайсысы әр жылға. Екеуі еңбекпен түзеу жазасына тартылды, біреуі қара жұмысқа жіберілді. Екі адам өлім жазасына кесілді. Олар Мырзағұл Әбдіғұлов пен Қайрат Рысқұлбеков.Қайрат Рысқұлбековқа  жасақшы Савидскийді өлтірді деген жалған айып тағылды.83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.12 ректор орнынан түсірілді.271 студент оқудан шығарылды.52 адам партия, 787 адам комсомол қатарынан шығарылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды. Қазақ ұлтшылдығы” айдарын таққан М.Соломонцев болды.

2006 жылы Алматыда “Тәуелсіздік таңы” ескерткіші  ашылды

1989 жылы мамыр-маусым КСРО халық депутаттарының І съезінде М. Шахановтың бастамасымен Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия құрылды.

1991 жылы желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысқандарды ақтау туралы” жарлығы шықты.

1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы берілді
II.Сөйлесу бөлімі.

1. «Даталарды еске түсіру» ойыны
1.Соғыс қарсаңында Қазақстандағы ғылыми мекемелерде жұмыс жасаған ғалымдар саны қанша болды? 1700-ден астам.

2.Қыз балаларға арналған арнаулы мектептер қай жерлерде ашылды? Шымкент, Алматы, Түркістан, Орда

3.Соғыс қарсаңында қанша ғылыми мекеме жұмыс жасады? 57

4.А.Байтұрсынұлы қай жылдары «Қазақ» газетінің редакторы болды? 1913-1918жж.

5. С.Асфандияровтың «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихының» 1-бөлімі қашан жарық көрді? 1935

6. «Қырғыз, қазақ халқының 1000 әні және қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинағын жарыққа шығарған этнограф, сазгер. Затаевич А.В.

7. Қазақстанда 1946 жылы ашылған Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.Қ.И.Сәтбаев.

8.Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазған кім? Қ.И.Сәтбаев



9.География оқулығын құрастырған белгілі қоғам қайраткері. Ә.Бөкейханов
2. «Сөзжұмбақ» шешу

«Қазақстан»





Қ



















А



















З



















А




























Қ











































С



















Т




































А

























Н




1.Қазақстанның негізгі автохтонды тұрғындары? (қазақ);

2. Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандардың әйелдеріне арналған лагерь? (Алжир);

3.А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, т.б қандай өкілдер? (зиялы);

4.Қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі,1930 ж.атуға үкім шығарылған жазушы? (Аймауытов);

5.Лагерьлер жүйесі көп шоғырланған қала? (Қарағанды);

6. Тіл білімінің негізін салушы, әдебиет,саясат, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған кім? (Байтұрсынов);

7.Қазақстан қандай ел? (Тәуелсіз);

8.Лагерьлер бас басқармасы? (ГУЛАГ);

9.Қуғын-сүргін жылдарындағы өкімет басшысы? (Сталин).


3. «Бәйге» ойыны

1.1967 ж.соңына қарай қанша кәсіпорын шаруашылық реформасы негізінде жұмыс істеді? (193 кәсіпорын)

2.1970 ж.қарай кәсіпорындардың қанша пайызы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеді? (80%)

3.1972 ж.екінші жартысында салынған су-лектр станциясы. (Қапшағай)

4.1970 ж.өзіндік құны арзан ашық әдіспен, жоғары қарқынмен өндірілген көмір базасы. (Екібастұз)

5.1965ж.алғашқы мұнай алынған кәсіпорын. (Өзен)

6.1960ж.ортасында салынған газ өңдейтін зауыт. (Маңғыстау)

7.республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығына айналған аймақ .(Шығыс Қазақстан).

8.1960ж Павлодарда қайта құрылған зауыт. (Трактор зауыты).

9.1960ж Текеліде салынған зауыт. (Аккумулятор зауыты)

10. 1960ж.Кентауда қандай зауыт салынды? (Трансформатор зауыты)
III. Қорытынды

Мұғалім сөзі:Желтоқсан көтерілісі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен бірдей, тіпті ұқсас жақтар көп. Талдап қарасақ 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс патша империясының  құлауына әкелсе, 1986ж көтеріліс алып КСРО сияқты кеңестік империяның  құлауына бастама болды. Екеуінеде әсер еткен бірнәрсе – жарлық.1916 ж. 25 маусымдағы қазақтарды қара жұмысқа алу туралы жарлық болса, 1986 ж 18 минутқа созылған пленумнан кейін Қонаевты орнынан алу және Колбиннің тағайындалуы туралы жарлық. Тәуелсіздік жолында жандарын қиған ұл-қыздарды, рухы биік аға-апайларымызды  ұмытпайық. Олардың ерлігі біздерге үлгі болсын.Тәуелсіздік туын биік ұстап, алға баса берейік! Еліміздің келешегі кемел, болашағы нұрлы болсын!Мағжан Жұмабаевтың: «Мен жастарға сенемін» .
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар.
Сөздерінде жалың бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Бағалау.

Үйге тапсырма.

1.Желтоқсан құрбандары туралы мәлімет жинау.



ПБК төрайымы: Ұ.О.Абзелова

Оқытушы: Ұ.О.Абзелова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет