Ақтау қаласы №15 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Садвакасова Алия Узаковна
Күні:16.09.2016ж
Сыныбы: 10 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы толғаулары Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақтың суырып салма ақыны, жырау -Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығын біледі;оқушылардың сөйлеу тілі, өзіндік жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілеттерін дамиды. Күтілетін нәтиже: Тапқырыптың негізгі маңызын шығармашылық тапсырмалар арқылы байланыстырып түсінуге, сөйлеуге , ойын тиянақты жеткізуге бейімделеді. Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау),ТжДО (талантты және дарынды оқушы). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту) Пәнаралық байланыс: тарих, музыка Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары, тілек ағашы, Әдіс тәсілдер:Миға шабуыл, ойлы болсаң тауып көр,есте сақтау пирамидасы, сәйкестендіру
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Көңіл-күй тренингі
Топқа бөлу
|
3мин
2 мин
|
Шеңбер құрып,қол ұстасып, бір-біріне шын ықыласымен көңіл-күй сыйлайды.
Оқушыларды «Әдебиетшілер», «Тарихшылар», «Зерттеушілер» деп 3 топқа бөлу.
|
Сабаққа жақсы көңіл-күймен отыруына ықпал жасау
1-2-3 деп санау арқылы 3 топқа бөлу.
|
Бір-біріне ыстық ықыласын білдіру
Бөлінеген сан бойынша топқа орналасу.
|
Білім Қызығушы лықты ояту
|
5мин
|
|
Үй тапсырмасын слайтта берілген тапсырмалар арқылы сұрау.
|
Әр топқа берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау, сыни тұрғыдан ойлау
|
Түсіну
|
1мин
|
Майлықожа өз шығармаларында көбінесе
жалпы адам мінездерін түзетуді жырлайды.
Оларда терең ойшылдық пен өткір
сықақшылдық та айқын көрініп отырады.
Мардан Байділдаев
|
Мардан Байділдаевтың Майлықожа ақынға арнаған сөзін оқу арқылы сабақтың тақырыбын ашамын
|
|
Қолдану
|
15мин
|
Майлықожаның өлеңдерімен таныстыру:
- адамзатты биіктікке, парасатшылыққа үндеуге арналған өлеңдері: «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға»; жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралау: «Ілімге толсын көкірек», «Дүниеге мейман көңілім», «Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет»;
- Фәни жалғанның өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі: «Ажал бір келмес болсайшы», «Не жүйрік өтті дүниеден», «Дүние»
-Адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу: «Ескі мырза, манаптар бегі, Салы», «Алдабарген байға»
-Адамзат өмірінің қайшылықты сырларын бейнелейтін: «Тотықұс», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Бұлбұл».
-Табиғат құбылына байланысты: «Жылдың төрт мезгілі».
|
Майлықожа шығармашылығын қалай топтастыруға болады?
|
Майлықожаның өлеңдерін, толғауларын атап, топтастырады.
|
Тыңдалым
|
4 мин
|
Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы Майлықожаның термесін тыңдату
|
|
|
Талдау
|
15мин
|
Жұптық жұмыс
|
Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы Майлықожаның термесінен
|
Берілген жаттығуды нүктесін қойып оқу. Әр топқа берілген тапсырманы сауатты орындау
|
Жинақтау
|
5мин
|
«Есте сақтау пирамидасы» арқылы сабақты жинақтайды
№1 пирамидадағы ереже жиынтығы көрсетіліп қайта жауып тасталынады.оқушылар есте сақтаған бөлімін №2 пирамидаға рет-ретімен келіп жазады.
|
Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтау
|
Оқушылар есте сақтаған бөлімді №2 пирамидаға келіп жазады.
|
Бағалау
|
2 мин
|
Берілген дөңгелекшеде ұпай саны берілген,ұпай санын анықтап шкала бойынша бағалау парақшасына
жазу.
|
Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату
|
Өзін өзі және топты бағалайды
|
Рефлексия
|
2 мин
|
Тілек ағашына «екі жұлдыз,бір тілек» жазу
|
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну
|
Ұсынылған стикерді толтыру
|
Достарыңызбен бөлісу: |