Пәні: Қазақстан тарихы
Тобы: МДО-141 2-курс
Күні: 18.02.2016ж.
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақстандықтардың ерлігі, антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып, Мәскеу, Ленинград және Сталинград майданындағы ерліктері жайында ізденушілік жұмыстары арқылы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену,
шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге үйрету, «Ешкімде, ешнәрсе де
ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, модульдік оқыту технологиясының әдістері.
I. Дайындық кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Тест арқылы.
III. Жаңа сабақты өту кезеңі.
Модуль құрылымы
|
Модельдің мазмұны
|
Уақыты
|
I. Кіріспе бөлімі
|
Модельге ену
Тірек-сызбасы арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақ жоспары:
1. Фашистік Германияның Кеңес еліне қарсы соғыс жоспары
2.Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
3.Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін шайқаста
4. Қазақстан-Сталинград майданының жақын тылы.
|
8-10 мин
|
II.Сөйлесу
бөлімі.
|
1. «Тұлғаны танып біл» 4-ші артық әдістемесі
2. «Мерзімді жатқа жаз» оқыта үйрету ойыны
3. «Қатесін тап» оқыта үйрету ойыны
|
18-20 мин
|
III. Қорытынды
|
1. Қорытынды
2. Тест
|
12-15 мин
|
Ең алдымен «Соғыс» сөзі естілгенде ойымызда қандай түсініктер қалыптасады?
1940 жылы 18 желтоқсанда бекітілген «Барборасса» жоспары бойынша Гитлер КСРО-ға қарсы «Блицкрик» ашып, 8-10 аптада, қыс түспей басып алуды мақсат етті.
1941 ж. 22-маусым Германия соғыс жарияламастан КСРО-ға басып кірді.
№1
КСРО-ға қарсы соғыс
жариялады Румыния
Финляндия Слования Италия
Венгрия
Хорватия
№2. КСРО аумағын Московия-Ресей жері
Рейхкамиссариаттарға бөлу Украин
Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан)
Кавказ
Еділ-Орал
Остланд-(Беларусь
пен Балтық жағалауы)
№3. «Үлкен Түркістан» отарына енетін аймақтар Қазақстан
Орта Азия Татарстан Башқұртстан Әзірбайжан Солтүстік Кавказ
Қырым Ауғанстанның соттүстігі
Шыңжан
Фашистік Германияның экономикалық , саяси мақсаттары
Ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын жасау және Кеңес елін отарға айналдыру.
1941 жыл 22-маусым-фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты. Ұлы Отан соғысы басталды. Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады.Қазақстан халқы да Отан қорғау ісіне алғашқы күндерден бастап өз үлестерін қосты.ҰОС жылдары 1 млн.200 мың қазақстандық әскер қатарына алынды.Қазақстан халқының бестен бірі майданға аттанды.Ең алдымен Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру жүргізілді. Көптеген өнеркәсіптер соғысқа қажетті заттар шығаратын кәсіпорын болып қайта құрылды. Сонымен қатар майдан өңірі болып саналатын Ресей, Украина, Белоруссиядан көптеген кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Ондай кәсіпорындардың саны 220-ға жетті.1941-1945жж. ауыл еңбеккерлері майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.
Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі базаға айналды.Майданда қолданылған барлық оқтың 90%-ы Қазақстан жерінде өндірілген қорғасынан жасалды.Қазақстан жерінде , яғни тылда негізінен кәрі адамдар, әйелдер және балалар жұмыс істеді.
Соғыстың алғашқы кезеңінде:
2 млн-нан астам адам әскери даярлық өтті.
14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді;
316-атқыштар дивизиясы жасақталды;
Армия қатарына 1 млн 196.164 ( 1млн 196.300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды;
Еңбек армиясы құрылды;
27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды;
1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.
Мәскеу үшін шайқас
(1941 жыл 30 қыркүйек-1941 жыл 6 желтоқсан)
Батыс шекараны күзеткен 485 шекара заставасы жау шабуылын алғашқы қарсы алды.
Брест қамалының қорғаушылары 1941 жылдың 22 маусымынан 1 айдан астам уақыт жауға төтеп тұрды Қамалды қорғаушы қазақстандықтар: А.Наганов, В.Фурсов, Қ.Тұрдыев, К.Әбдірахманов, Қ.Иманқұлов, Ш.Шолтыров т.б.Брест қамалына 1965 жылы батыр-қамал атағы берілді.
Ерлік көрсеткен қазақстандықтар
Е.П.Рыков- Дивизия комиссары
1941 жылғы қыркүйекте оңтүстік-батыс майдан Әскери Кеңесінің мүшесі басқарған 800 жауынгер 3 тәулік бойы шайқасып, бәрі қаза тапты.
Киевтегі орталықтағы көшеге және Катонқарағай орта мектебіне Е.П.Рыков есімі берілді.
Л.А.Владимирский- Қара теңіз флотының контр-адмиралы
И.В.Панфилов 316 дивизия командирі, генарал 1941 жылғы 18 қарашада ерлікпен қаза тапты.
Төлеген Тоқтаров- Бородино селосында неміс бөлімінің штабына кіріп, 5 офицердің көзін жойды. Кеңес Одағының Батыры
Мәскеу үшін шайқасқан батырлар: Мәлік Ғабдуллин, Рамазан Елебаев, Бауыржан Момышұлы,Төлеген Тоқтаров
Мәскеу шайқасының тарихи маңызы
«Блицкриг» сәтсіздікке ұшырады
* Гитлерлік әскердің жеңілмейтінідігі туралы аңыз күйреді.
* Кеңес әскері стратегиялық бастаманы қолға алып, түбегейлі бетбұрыс басталды.
Ленинград шайқасы
(1941-1943 жж. қаңтар)
Қазақстандықтық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты.310-атқыштар дивизиясы (1941ж. 9 қыркүйек және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «Өмір жолын» салуға қатысты.
Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
1941 жылғы қыркүйек-Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры достықтың шынайы әнұранына айналды.
1943 жылы қаңтар- 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды
1944 жыл-Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Қазақстандық 310,314-атқыштар дивизиялары, Сұлтан Баймағамбетов және Шығыстың қос жұлдызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлікпен шайқасты.Бейсекбаев Бақтыораз- әуе атқышы, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Елбасының 2004 жылы Жарлығымен Халық Қаһарманы атағы берілді.
Ленинград шайқасының тарихи маңызы:
Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі
Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі.
Сталинград шайқасы (1942ж шілде-1943ж. ақпан)
1942 жылдың 17 шілдесінде Салинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды.
1942 жылдың күзінде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті.
1942 жылы күз- Каспий алабына соғыс жағдайы енгізілді.
1942 жылы 1 қыркүйек- Атырау қорғаныс комитеті құрылды.
1942 жылы 10қыркүйек- Атырау аспанында алғашқы жау ұшағы пайда болды.
1942 жылы 15 қыркүйек- Атырау облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді.
1942 жылы 16 қазан- Орал облысы майдан өңіріне енгізілді.
1942 жылы 26 қазан- Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандық әскери құрамалар:
27, 72,73-гвардиялық атқыштар дивизиялары
292, 387- атқыштар дивизиялары
81- атты әскер дивизиясы
74-теңіз атқыштар бригадасы
152- атқыштар бригадасы
129- миномет полкі
156-жеке көпір құрылысы батальоны
29 және 38- атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін зауыттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті.
1943 жылғы 1 наурызда бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинградтық» құрметті атағын алды.
116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жауынгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды.
1943 ж. қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км жерге қуылды.
Сталинград шайқасының тарихи маңызы:
1. Екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.
2. Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды.
3. Гитлерлік Германияның жеңілісі айқындалды.
II.Сөйлесу бөлімі.
1.Интерактивті тақтадан «Тұлғаны танып біл» 4-ші артық әдістемесінің тапсырмалары көрінеді.
1-тапсырма.
Оқушылар тапсырманы дұрыс шешекенде артығы Путин екенін, қалғандары Ұлы Отан соғысының батырлары екенін дәлелдеп, тақырып қояды.
2. «Мерзімді жатқа жаз» оқыта үйрету ойыны
1939 жыл
1941 жыл
1942 жыл
1943 жыл
1945 жыл
3.«Қатесін тап» оқыта үйрету ойыны
Қауырт соғыс 1941 ж күзінде аяқталуы тиіс еді _______________________иә,жоқ.
Гитлер КСРО-ны басып алу үшін “Барбаросса” жоспарын 1940 жылы 18 желтоқсанда бекітті_____________________________________________иә, жоқ.
Фашистік Германия КСРО аумағына 1941 ж 22 маусымда басып кірді___иә, жоқ.
Соғыс жүріп жатқан жерлерден 220 завод, фабрика,кәсіпорындар Қазақстанға
көшірілді ____________________________________иә, жоқ.
III. Қорытынды
1.Кім жылдам?
2000-1000+941 =1941 (Ұлы Отан соғысының басталған жылы ......)
500х2+939 =1939 (Екінші дүниежүзілік соғыс ...... басталды)
14000-5000/10 = 900 (Ленинградтың жау қоршауында ..... күн болды)
158х2 = 316 (Генерал-майор И.В. Панфилов басшылық еткен дивизия .....)
11+11х10=220 (КСРО-ның батыс өлкесінен Қазақстанға көшіріліп әкелінген зауыт, фабрикалардың саны .....)
453-386х0=67 (2012 жылы Ұлы Отан соғысына ..... жыл)
2. Тест
1. Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
А) 1939 ж Ә) 1941ж
Б) 1948 ж В) 1940ж
2. КСРО –ның Батыс өлкесіннен Қазақстанға қанша завод фабрика көшірілді
А) 220 Ә) 20
Б) 80 В) 100
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық армия қатарына алынды?
А) 1 млн 200 мың Ә) 2 млн
Б) 500 мың В)1млн 300 мың
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында күріш өсіруден рекорд жасаған кім?
А) Ж. Қуанышбаев Ә) Ш. Берсиев
Б) Ы. Жақаев В) Б. Дисекбаев
5. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып қаһармандық ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық дивизия:
А) 316 атқыштар дивизия Ә) 238 атқыштар дивизия
Б) 310 атқыштар дивизия В) 314 атқыштар дивизия
6. Б. Момышұлының өмір сүрген жылдары:
А) 1910-1982 жж Ә) 1900-1945 жж
Б) 1905-1978 жж В) 1908-1980 жж
7. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?
А) 1939 ж Ә) 1942 ж
Б) 1945 ж В) 1944 ж
8. Ленинград үшін шайқаста қай қазақстандық батыр жау пулеметін өз денесімен жауып ерлікпен қаза тапты?
А) Б. Момышұлы Ә) Ә. Молдағұлова Б) М. Мәметова В) С. Баймағамбетов
Жауабы:
1- ә 2-а 3-а 4-б 5-а 6-а 7-б 8-в
Соғыс жылдары КСРО бойынша 11600-дей адам ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды.Соның 497-сі қазақстандықтар, ал 97-сі қазақтар болды.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
1.ҰОС қатынасқан ата-әжелерің туралы мәлімет жинақтау.
ПБК төрайымы: Ұ.О.Абзелова
Оқытушы: Ұ.О.Абзелова
Достарыңызбен бөлісу: |