Сабақ жоспары
Күні:20.10.2015
Сыныбы:6"А"
Тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушысы.Алгоритмді жазу пішімі.Блок-схемалар
Сабақты мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды алгоритм типтерімен таныстыру және блок-схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа ой - қабілетін дамыта отырып жұмыс істеуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау өрісін, компьютерлік сауаттылығын шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың байланысы:математика,геометрия
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақтаны пайдалана отырып баяндау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
в)Сыныптың тазалығын қадағалау
Үй тапсырмасын сұрау: Компьютерлік техниканын даму үрдісі
Үй тапсырмасын бекіту:
1. Дербес компьтерлердің сәулеті деп нені атайды?
2. Сәулеттердің қандай сипаттамаларын білесіңдер?
3. Ашық сәулет принципінің мәні не?
4. Қалай ойлайсындар, «солтүстік» және «оңтүстік» көпір атаулары қайдан пайда болған?
5. ІВМ РС қомпьютерлерінің сәулетін сипаттаңдар.
6. Процессордың сыртқы құрылғыларымен өзара байланысы қалай жүзеге асады?
7. Сендер USB шинасын пайдаланудың қандай артықшылықтарын білесіңдер?
8. Стандарттық және стандарттық емес,ашық және жабық сәулеттердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңдер.
Жаңа сабақ
§9. Алгоритмнің жазылу формалары
Алгоритмді әртурлі формада ұсынуға болады.Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.
Алгоритмдер мындай формалармен ұсынылады:
· сөздік формада;
· графикалық;
· алгоритмдік тілде;
· программалау тілінде..
Блок-сызба
Болк-сызба әр іс-әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады.Алгоритнің басы және соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады.Іс-әрекет тіктөртбұрышқа жазылады. Болк-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқармен (стрелка) байланысады,ол алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.Енгізу және шығару мәліметтері параллелограммаға жазылады.
Мысалы:
Екі санды қосу алгоритмі (19-сурет).
Берілген алгоритм кез келген екі сан үшін орындалады.Есептеу барысында алгоритмде берілгендерді және есептеу нәтижесін кез келген әріппен белгілейміз.Оны айнымалы деп атаймыз.Біздің мысалда берілгенде a және b айнымалылапымен белгілеп, ал алгоритм нәтижесін с айнымалысымен белгілейміз.
19-сурет.Екі санды қосудың блок-сызбасы
-----! Түйін
· Алгоритм сөздік формада,графикалық,алгоритмдік тілде,программалау тілінде
беріледі.
· Алгоритмнің басы және соңы эллипспен (сопақша шеңбер) беріледі.
· Іс-әрекет тіктөртбұрышты фигурада жазылады.
· Енгізу және шығару мәлеметтері параллелограмға жазылады.
· Блок-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен нұсқармен байланысады,ол
алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.
----?Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Алгоритмнің берілу формаларын атаңдар.
2. Неліктен графикалық әдіс сөздік алгоритмге қарағанда ыңғайлы?
3. Блок-сызбаның элементтерін сипаттаңдар
4. Тарқатылатын түзуді спираль немесе сипральді түзу деп атайды.Жоғары
(Ж),Төмен (Т),Оңға (О),Солға (С) бұйрықтарын падаланып,спираль суреті
алгоритмін құраңдар.Сипаральдің орам санын көбейту үшін алгоритмді қалай
толықтыру керек?
5.
6.Алгоритмді орындағанда не болатын анықтаңдар
Басы
Қарындашты ал
Шаршылар бойынша диктант жаз.1Ж 10 ЗЖ 2С 3Ж 2О
Алынған суретті аяқта
Қарындашты орнына қой
Соңы
7.Келесі алгоритмдерге блок-схема құрыңдар
*Үй тапсырмасын орындау
*Жұмыртқа қуыру
*Екі санды көбейту
Үй тапсырмасын беру: Алгоритм және оның атқарушысы.Алгоритмді жазу пішімі.Блок-схемалар,(мазмұндау),Алгоритм құру (Сабаққа келу алгоритмін құру),Өзіңді тексер тест тапсырмаларды орындау
Бағалау:Үй тапсырма бойынша және жаңа сабаққа араласып отырған оқушыларды бағалау.
Өзіңді тексер тест
1.Ұсынылғандардың ішінен алгоритм формаларына жатпайтын көрсетіңдер
а)сөздік+ в)графикалық с)алгоритмдік тілде д) ағылшын тілінде
2.Блок-схема алгоритміндегі іс-әрекет дегеніміз
а)эллипс (сопақша шеңбер) в)тіктөртбұрыш+ с)ромб в) алтыбұрыш
3.Блок-схема алгоритмдегі енгізу-шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі?
а)эллипс (сопақша шеңбер) в)тіктөртбұрыш+ с)ромб д)паралелграмм+
4.Блок-сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі.
а)эллипс (сопақша шеңбер)+ в)тіктөртбұрыш с)ромб д)паралелграмм
Достарыңызбен бөлісу: |