Күні: 23.10.2015
Тақырыбы: Қожанасыр мен Алдаркөсе. Үш сом
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың аңыз туралы, Қожанасыр туралы алған білімдерін дамыта отырып, мәнерлеп түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
1. Қазақ ауыз әдебиетіндегі тағы бір аңыз кейіпкері Алдар Көсемен таныстыру.
2. Аңыздың мазмұнын айта отырып, өз ойларын қосуға, пікір айтуға дағдыландыру.
3. Өмірде адам бойында кездесетін жаман әдеттерден аулақ болу, өтірік айтпау, адамдарды алдамау сияқты жақсы қасиеттерді бойларына сіңіру.
Көрнекіліктер: аңыз туралы жазылған анықтама,суреттер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ жауап, сурет бойынша әңгіме, проблемалық жағдаятты шешу
Сабақтың жоспары мен барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн достарым
Қайырлы күн болсын.
Жұма күннің сәті,
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын
Үй тапсырмасын тексеру
а) Қожанасыр мен Алдар Көсе әңгімесі бойынша түсінгенін сұрау.
- Осының алдында қандай мәтін оқыдық? Бұл екі әңгімені не нәрсеге жатқызуға болады? Аңыз дегеніміз не? Балалар біз оқып жатқан бөлім қалай аталады? Өмірде болған адам басына құралған әңгіме қалай аталады?
Атадан қалған асыл мұра
Ертегі, аңыз, төрт түлік туралы жыр
Кіріспе бөлім
Ендеше, біз бүгін сендермен тағыда бір аңыз әңгімемен танысамыз. Бұл әңгіменің атын мына сөзжұмбақ шешу арқылы білеміз.
түлкі
ашқарақ
сақина
қой
Қылмойын
Балалар, біздің қазақ халқында үш қасиетті сан болып саналады.
Үш санына байланысты не білесіңдер?
Үш жұрт(нағашы, өз жұрты, қайын жұрты)
Үш арсыз(ұйқы, күлкі, тамақ)
Сом деген сөздің мағынасын білесіңдер ме?
Біз егемендік алғанға дейін біздің ақшамыз сом болған. Қазіргі кезде қырғыз халқының ақшасы сом деп аталады.
Сергіту сәті
Ағаштар да тербеліп,
Жерге түсті жапырақ
Ал, қанекей жинайық
Себеттерге молырақ
Жаңа сабақ
а) мұғалімнің оқуы
ә) оқушылардың оқуы
Мәтінмен жұмыс
Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап алу арқылы шығармашылық тапсырма орындату.
Дәптермен жұмыс
Сенің ойыңша Алдар Көсенің қылығы дұрыс па?
Дұрыс болса несімен дұрыс?
Қате болса несімен қате?
Бір - екі сөйлеммен өз ойларын білдіру.
Қорытынды
Сабақты сахналық көрініспен қорытындылау.
Мәтінді өткен сабақтағы мәтінмен салыстыру
Қожанасыр мен Алдар Көсе
Үш сом
Екі мәтіннің ұқсастығын айырмашылығын сұрақтар қою арқылы оқушы ойымен тақтаға жазу.
Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылы оларды салыстыру.
♦ Қожанасыр – алдайды, күлкілі
♦ Алдар Көсе - алдайды, кедейге көмектеседі
♦ Екеуі де тапқыр
Үйге тапсырма
Мәтінді мазмұндап келуге дайындалып келу. Алдар Көсе мен Қожанасыр туралы қосымша мағлұмат жинау.
Оқушылардың білімдерін бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |