Мотивациялық –қозғаушылық
|
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Армысың, асыл Күн!
Армысың, асыл Жер!
Армысың, жан досым!
Жылуыма-жылу қос ,
Міне, менің қолым!
-Жақсы, балалар, енді орнымызға жайғасып, зейінімізді сабаққа аударамыз.
Балалар, сендерге сәлемдеме келді. Кәнеки, ашып көрелік.
-Ой мында қоржын толы ойыншық қой. Бірақ қоржыннның бір шарты бар екен. Осы ойыншықтарды қазақша атап үйренсек қана ойнауға болады екен. Қоржынның шартын қабыл аламыз ба?
|
Өлең жолдарын педагогпен бірге қайталайды.
Балалар сәлемдемеге қуанады.
-Иә деп жауап береді.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
|
Сөздік жұмысы.
Мұғалім әр сөзді көрнекілік ойыншық арқылы таныстырады. Доп-мяч, текше-кубик, қоян-заяц, машина, асық-асык, шар, күшік-щенок, секіртпе-скакалка.
«Не жоқ?» ойыны
Мақсаты: Балалардың есте сақтау, көру, ойлау қабілеттерін арттыру.
Шарты: Балаларға көздерін жұмғызып, мұғалім үстел үстіндегі ойыншықтарды кезекпен жасырады. Балалар көздерін ашып жоқ ойыншықты тауып айтады.
Сиырлы қоржын» ойыны.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру. Шарты: Балалар кезекпен келіп, көздерін жұмып қоржындағы ойыншықтарды алады да саусақтарымен ұстау арқылы қай ойыншық екенін атайды. Түстерін сұрауға болады.
Сергіту сәті:
«Айтқанды орында» түрлі іс-қимылдарды орындату. Отыр, тұр, жүгір, секір.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Ойыншықтарды нөмірі бойынша ата.
Педагог ойыншықтың нөмірін атайды. Балалар сол нөмірлі ойыншықты тауып, қазақша атауын атайды.
Тіл дамыту.
Сенде не бар?
|
Жаңа сөздерді хормен 2-3 реттен айтады.
Жекелей айтып жаттығады.
Ойын ойнайды. Ойын барысында күтілетін жауаптар:
-Доп жоқ.
-Текше жоқ.
-Секіртпе жоқ.
Ойын ойнайды. Ойыншықтарды және түстерін атайды. М\ы
-Мынау доп. Түсі –қызыл. Т.б.
Қимылдарды түсініп орындайды.
Нөмірі бойынша ойыншықтарды атайды.
1-доп, 2-машина, 3-қуыршақ, 4-асық, 5-ұшақ, секіртпе.
Карточка бойынша сөйлейді.
-Менде секіртпе бар. Менде қуыршақ бар
|
Рефлекциялық-түзетушілік
|
«Сиқырлы текше» ойыны арқылы жаңа сөздерді қайталап, сабақты қорыту.
Шарты: балалар шеңбер бойы тұрады.
Ойынды бірінші болып мұғалім бастайды. Ол текшені ортаға тастайды, балалар текшеге түскен ойыншықты атайды.
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Сабақтың аяқталғанын айтып, қоштасу.
|
Балалар текшеге түскен ойыншықтардың қазақша атауларын атайды.
|