2.Суретпен жұмыс.
Күз мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген сурет бойынша балаларға сұрақтар қою.
- Балалар күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
- Күзде балабақша ауласындағы жапырақтар, гүлдер қандай күйде болады?
- Құстар қай жаққа ұшып барады?
3. Сергіту сәті:
Біз жапырақпыз,
Біз жапырақпыз.
Жел тұрса шамалы
Жан – жаққа біз ұшамыз!
4.Д\О: «Күз нышандары».
«Сиқырлы күз» бізге көп суреттер алып келіпті. Суреттер бір – бірімен араласып кеткен. Біз осы суреттердің ішінен күз мезгілін білдіретін суреттерді тауып, оларды себетке салуымыз керек.
5. Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Күзгі ағаш жапырақтарын ретімен қалай жапсыру керектігін түсіндіреді.
Өзін-өзі бағалау.
|