1. Әңгіме жүргізу.
- Балалар, біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды?
Ия, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды.
Жоғары күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде өз отбасы тұрады. Отбасы – дегеміз бір үйде тұратын адамдар тобы.
Отбасы мүшелері: әке, ана және олардың балалары. Барлығымыз бірге қайталайық.
Отбасы – ол бақыт,
Отбасы – ол ата-ана,
Отбасы – туыстарымыз,
Отбасы – ол шаңырақ.
Өлең оқу:
Бас бармағым – атам,
Балан үйрек – әжем.
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек анам.
Кішкентай бөбек – ол мен!
3. Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен Оның мүшелерін айтқызу.
- Мына отбасында ата, әже бар екен,балалар, тағы кім бар екен?
- Төрде кім отыр?
- Дұрыс айтасыңдар. Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр.
- Шайды кім құйып беріп отыр?
- Барлығымыздың үйімізде анамыз, әкеміз, атамыз бен әжеміз бар ғой?
|