Күні: I. Сабақтың тақырыбы



Дата25.08.2017
өлшемі94,74 Kb.
#26291
Күні:

I. Сабақтың тақырыбы: §41.. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау



II. Сабақтың мақстаты:

  1. Білімділік. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру.

  2. Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік. Оқушыларды батылдыққа, көрегендікке, еңбекшілдікке тәрбиелеу.

III. Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

IV. Сабақтың әдісі: Тірек-сызбалармен, формулалармен, құрал-жабдықтармен жұмыс.

V. Көрнекіліктер: Тірек-сызбалар, құрал-жабдықтар.

VI. Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. (тірек-сызбалар бойынша жауап беріңдер).

1- тірек-сызба





Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды

Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады




;

;



Электр тогының өлшем бірлігі-Ампер (А)

Электр кернеуінің өлшем бірлігі-вольт (В)




Электр кернеуін өлшейтін құрал-Волтьметр




Электр тогын өлшейтін құрал-Ампарметр

2- тірек-сызба



Ом заңы: Тізбек бөлігіндегі ток күші-осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өтеізгіштің кедергісіне кері пропорционал











3. Жаңа сабақ:

Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б элктр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.



Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастрайық:

1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды (1-сурет).



  1. сурет 2-сурет

2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллел жалғау деп атайды (2-сурет).
3-тірек-сызба


Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбекиегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.

Өткізгіштерді параллаль жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.




















VII. Сабақты қорыту.

1. Есептер шығарту

1-есеп. R1 резистордағы кернеу 3 В-қа тең. R2 резистордағы кернеу неге тең?

Берілгені:

U1=3B; R1=1Ом; R2=4Ом

т/к: U2-?



Шешуі:

Екі резистор тібектей жалғанғандықтан өтетін ток күші бірдей. Сондықтан өткізгіштерді тізбектей жалғау кезіндегі формулаларды қолданамыз.



; . формуласынан шығатыны

Жауабы: U2=12B

2-есеп. Әрқайсысы 6 Ом резистордың қосылу сызба нұсқасы суретте көрсетілген. Электр тізбегінің барлық бөлігіндегі жалпы кедергісін анықтаңдар.

Берілгені:

R1=R2=R3=6 Ом

т/к: Rж-?

Шешуі:

Бұл сызбада астыңғы екуі параллаль жалғанып, үстіңгі біреуіне тізбектей жалғанаған. Сондықтан екі түрлі жалғау жағдайын қарастырамыз.



;

Жауабы: Rж=9 Ом



2. Тест тапсырмаларын орындату.

VIII. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма. V тарау бойнша барлық формулаларды жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет