Негізгі
|
"Ойлан тап" ойыны арқылы жұмбақ, ребус шештіру.
- Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақтар.
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
Ішіне тамақ, салынған,
Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)
Ребус (суретті жұмбақ)
Шешуі: Жапалақ.
- Осы біз шешіп тапқан сөздер, қай дыбыстан басталып айтылып тұр? Қане, қайталап айтып, байқап көрелікші.
Ж дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру, ұғындыру. Бұдан кейін "Кім жылдам?" ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардын атауларын атату. Буынға бөлу. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту. Суреттер: Жылқы, жапалақ, жұлдыз, көжек, морж.
Ж дыбысы дауыссыз, созылмай қысқа айтылады
- Енді, балалар, осы сөздеріңе текшелеріңмен дыбыстық талдау жасап жіберелік. Неше дауысты, неше дауыссыз екенін ажыратып анықтаңдаршы.
- Өте жақсы, балалар. Енді қолымызды шапалақтап осы сөздерді буынға бөліп жіберелік.
- Жақсы буынға да бөліп тастадық. Осы зеректігімізді дәлелдеу үшін "Біз зерекпіз" ойынын ойнайық. Мен сендерге алдымен дыбыстарды, сонан соң буынды, сөзді атаймын. Солардын ішінен Ж дыбысы бар дыбыс буын, сөз кездескенде қолдарынды шапалақтайсыңдар.
Мысалы: 1. П, б, с, ж; л, ж, қ, ә, т.б. (дыбыс)
2. на, са, жа, ла, за, жу, т.б. (буын)
3. таға, саға, жата, алға, жылға (сөз)
- Қай дыбысты атадық? (бүгінгі өтіп жатқан)
- Ендеше Ж дыбысы. Мынау сол дыбыстың таңбасы - Жж әрпі. Көрсетіліп, тақтаға ілінеді. Ж дауыссыз дыбыс екенін тағы да қайталап, анықтау. Баспа түрін, жазба түрін салыстырып көрсету.
- Қане, балалар, енді осы әріпті ауаға әдемі етіп жазайық. Олармен бірге жазып көрсету. Дәптерлеріне үлгі бойынша жаздыру.
Сергіту сәті:
Toп-топ етіп басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн.
Тәрбиеші: — Мен сендерге тақпақ оқып берейін.
Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр!
Жауған жаңбыр, жауған нұр.
Жердің шаңы басылсын,
Гүлдің қауызы ашылсын.
Еккен егін көктесін,
Бізге нанды көп берсін!
Жау, жау,
Гүлденсін бау! (Ж.Смаков)
Балалар, Ж дыбысы бар сөздерді атандаршы.
Жақсы, енді оздерің Ж дыбысын қатыстырып сөз ойлаңдаршы. (Ж дыбысынан басталатын).
Жүзім, жүзік, жылан, жираф, т.б.
"Менін көжегім" тақырыбы бойынша тақтаға сурет салу. Салған суретке сөйлем құрау, талдау. "Көжек сәбізді жақсы жейді". (көреді) Ж дыбысы бар сөздерді атату.
Стол үстіндегі ойын: әртүрлі ойыншылар алдын-ала ақ матамен жабылып қойылады.
- Ал, балалар, мына матаны ашамын, астынан бірнеше ойыншықтар көресіндер. Сол ойыншықтардың ішінен Ж дыбысынан басталатын ойыншықтарды тауып атын атап, буынға бөлесіңдер. (Жылқы, жолбарыс, жылан, жүзік)
|
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
Дәтердегі сөздерді буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды.
Дәтердегі Ж әріпін жазады.
Буындарды, сөздерді оқиды.
Сөйлем құрастырады
|