Күні: Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті



бет77/97
Дата20.07.2020
өлшемі252,27 Kb.
#63378
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97
Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Өткен сабақтағы әріптерді естеріне түсіру, қайталау


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Тәрбиеші жұмбақ жасырады, жауабын шештіреді:

Қаһарын тіге келеді,

Төріңе шыға өледі. (Қаһар)

Қаһар сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

— Қаһар сөзін айтып көріндерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп

тұр?


һ әрпімен танысқан соң һ дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі.

- һ дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, сонан кейін сендер ауада жазып қайталайсыңдар. — Балалар, дәптермен жұмыс жасар алдында бой сергітіп алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен карайық,

Орнымызды табайық.

— Өте жақсы, қазір дәптерімізді ашып үлгіге қарап, һ әрпінің баспа түрін жазамыз. "Кім дұрыс айтады?" ойыны жарыс түрінде өткізіледі. Өткен әріптер қатарын оқушылар дыбыс түрін ажыратады, олай болса бірнеше рет қайталап ойын жүргізіледі. - Ал дауыссыз дыбыстар ше? - Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды? - Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді? - Ал дауыссыз дыбыстар ше? — Ал біз әріптерді көреміз бе? Бірнеше сауалдарға балалар жауап береді. — Өте дұрыс, өткен сабақтарды жақсы меңгерген екенсіңдер.

Балалар, енді әріптер туралы тақпақтар айтамыз.

Кітап құмар Қаһардан

Таппаған соң шаһардан.

Алтынай қалап "қаһарды"

Сұрап алды Гауһардан.

Құрамында жаңа әріп бар сөздерді тауып айту, оны кесте әріптерден құрастыру. Сөздерге туындық талдау жасау. һ дыбысын буыннан бөліп алу. Дұрыс айтуға жаттықтыру.

— һ дауыссыз дыбыс па?

— һ дауысты дыбыс па?

— Дауыссыз неліктен дауыссыз, кане, бәріміз айтамыз.

Ал енді һ дыбысына байланысты кім көп сөздер тауып айтады? Қаһарман, айдаһар, Гайһар, Жауһар т.б.

— Қане, кім "айдаһар" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді? (1 бала тақтаға "айдаһар" сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.

— "Айдаһар" сөзінде қанша буын бар? Шапалақ ұру арқылы буынға бөледі.


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Дәтердегі сөздерді буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды.

Дәтердегі һ әріпін жазады.

Буындарды, сөздерді, оқиды.

Сөйлем құрастырады


Қорытынды

-Сонымен һ дыбысы қандай дыбыс?

- һ әріпі сөздің қай жерінде кездеседі?

- һ әріпі бар сөздер айтындар

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет