Жоспары:
Классификациясы
Түрлері
* PAN (Personal Area Network) — персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.
* LAN (LocalAreaNetwork) — жергіліктіжелі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді — радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.
* CAN (CampusAreaNetwork — кампустықжелі) — жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.
* MAN (MetropolitanAreaNetwork) — бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.
* WAN (WideAreaNetwork) — глобалды желі, үлкенге ографиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілер мен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді. WAN мысалы — пакеттер коммутациясы бар желілер (Framerelay), олар арқылы түрлі компьютерлік желілер өзара "сөйлесе" алады. Глобалды желілер ашық және барлық қолданушыларға қызмет көрсетуге бағытталған болып табылады.
«Корпоративтіжелі» термині әдебиетте сонымен қатар бірнеше желілерді біріктіруді анықтау үшін қолданылуы мүмкін, ал ішкі желінің әрқайсысы түрлі техникалық, бағдарламалық және ақпараттық принциптерге негізделіп құрылған болуы мүмкін.
'''Желі''' ('''Network''') - компьютерлер мен басқа да құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар тобы, олар барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған. Желілер шағын немесе үлкен, тұрақты (кабельдердің көмегімен) немесе уақытша (телефон желілері немесе сымсыз арналар арқылы) жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — әлемдік желілер тобы болып табылатын [[Интернет]].
Түрлері
* Ауыстырылатын желі (Коммутируемая линия; switchedline) — [[компьютер]]дің қашықтағы абонентпен [[байланысжелісі]]. Жалғастыру жалпы тағайындалған [[телефон]] арнасы арқылы абонент нөмірін телефондық нөмір теріп алу амалымен жүзеге асырылады. Мұнда уақытша 1 жалғастыру (сеанс уақытында) орындалады.
* Ауыстырылмайтын желі (Некоммутируемая линия; non-switchedline) — терминалды компьютерге тұрақты түрде жалғастыруды жасақтайтын байланыс желісі.
|