Сабақ барысында түрлі ақпаратпен алмсуға жағдай жасауы;
Оқушылар жұппен, топпен қарым-қатынас етуге дағдылануы;
Оқушылар өз пікірлерін этикет қағидаларына сәйкес білдіре алуы;
Қарама-қайшы пікірдегі адамдармен ортақ нәтижеге жету үшін байланыс орната алады ма, мұғалім бұған қалай үйретті?
Ақпараттық құзіреттілікті дамыту
Сын тұрғысынан зерделенген ақпарат негізінде шешім қабылдай алуы;
Оқушылардың ақпаратты құрылымдау, оңай және күрделі жоспар құру дағдысын дмытуға жағдай жасалуы;
Логикалық әдістерді (саралау, жинақтау, құрылымдау, тура және жанама дәлелдеу, ұқсастық бойынша дәлелдеу, модельдеу, ойша эксперимент, материалдарды жүйелеу);
Ақпаратты өз іс-әрекетін жоспарлау мен іске асыруды қолдана алуы.
Рефлексияны басқару
Оқушылар өз іс-әрекетін қалай бағалады;
Оларға өзін-өзі реттеу ұстанымдарын меңгеруін қалай қамтамасыз етті;
өзін-өзі бақылау және іс-әрекетті орындау барысы мен нәтижелерін өзі бағалауы қалай іске асты;
басқалардың бағалауын ескере отырып өзін-өзі бағалауы;
өзін-өзі реттеуі және түзетуі, жалпы өзінің білім алуын басқаруы.
Мұғалімнің бейнесі (келбеті, имиджі) Кез келген адам бірнеше бейнеге ие: кәсіби, әлеуметтік, жанұялық, тұлғалық. Әрқайсысы жағымды немесе жағымсыз болуы мүмкін. Жалпы алғанда да бейне жағымды немесе жағымсыз болады
Жеке аспектілер бойынша бедел-бейне
заттық (не істеді, не жасады, не құрды);
вербальды (не айтты, қалай айтты, не жазды);
кинетикалық (өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы);
өлшемдік (сыртқы бейнесі),
орталық (қоршаған ортасына қарай)
болып бөлінеді
Санитарлық-гигиеналық талаптарды, ТҚ-ның орындалуы Жарыққа, жылуға, ауа тазалығына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды орындамаса, мұғалім өз қызметінде жетістікке жете алмайды.
Көмір қышқыл газының ауадағы мөлшері 1-2% -ға асқан жағдайда, ойлау қабілеті 10% төмендейді. Ауа температурасының мөлшерінен (17-18ºС), 1-2 ºС градусқа көтерілуі ми қабығының қоздыру реакциясына қарағанда тежеу реакцияларының басымдылығына әкеп соқтырады, нәтижесінде балалардың ұйқысы келіп, оқу материалдарын қабылдау тиімділігі 2-3 есеге кемиді. Мұғалімнің міндетіне еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын орындау кіреді