Күні: Тақырыбы: Ж. Жабаев Мақсаты: 1 Білімділік



бет2/3
Дата31.12.2019
өлшемі68,88 Kb.
#54498
1   2   3

(Жамбыл Жабаев 1846 жылы дүниеге келген )

Жамбылға қай ақын бата берген?

(Жамбыл Сүйінбайдан бата алған)

Жамбыл кімдермен айтысқа түскен?

(Құлмамбет, Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Досмағамбет, Шашубай )

Жамбылдың қандай поэмалары бар?

(«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»)

Жамбылдың 1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарған өлеңін атаңдар.

(“Ленинградтық өренім” )

Жамбылдың анасының атын атаңдар

(Ұлдан)

Жамбылдың “Туған өлкем” өлеңі орыс тілінде қай газетте жарық көрді?



(“Правда”)

IІ кезең «Көкпар»

Екі топқа да бірдей тапсырмалар беріледі. Бірінші болып текшені көтер - ген топ жауап береді. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.

“Шағым” өлеңіндегі молда бейнесіне талдау жасаңдар.

“Өстепкеде” өлеңінде ақын адамдардың қандай мінездерін сынап тұр? Өлеңнен мысал келтіріп, дәлелдеңдер.

Қазақстанда 1916 жылы қандай тарихи оқиға болды?

Жамбыл өлеңдерінен аллитерацияларды табыңдар.

IІІ кезең. «Жанды сұрақтар»

Топ ойыншылары ұяшықтардағы пән мұғалімдерін таңдайды, тест түрінде берілген сұрақтарға жауап береді. Ұяшықтардың сұрақтары шығып отырады. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.

Жамбылдың Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған ұлы

Жапа

*Алғадай


Әбдірахман

Құлмамбет

Жамбылдың ақындық атағы кіммен айтысқаннан кейін шығады?

Айкүміспен

Шашубаймен

Бөлтірікпен

Құлмамбетпен

Жамбылдың 1916 жылғы оқиғаға байланысты жазған өлеңін табыңдар.

“Менің өмірім”

“Зілді бұйрық”

“Туысқан ел”

“Өстепкеде”

Жамбыл қай дастанды жатқа жырлаған?

“Ләйлі - Мәжнүн”

“Қыз Жібек”

“Ер Тарғын”

“Толағай”

IV кезең. «Жеті пән»

Ұпайы көп топ ұяшықтықтағы керекті пәнді таңдап, сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса, келесі топ жауап беруге болады. Ұяшық - тан таңдаған сұрақтар экранда үлкен болып көрсетіліп тұрады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Жағрапия


Жамбыл Жабаев қай таудың етегінде дүниеге келген?

Тарих


Жамбыл қай жылы Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланды?

Ағылшын тілі

When was J. Jabaev was born?

Орыс тілі

Попробуйте перевести стихотворение Жамбула “Әкеме” на русский язык

Ән - күй


Ақын суретте қай күйшімен бейнеленген?

Математика

Жамбыл Жабаев неше жасында қай - тыс болды?

Қазақ тілі

Өткен өлеңдердің қайсысында төл сөз бар?

V кезең. «Полиглот»

Экранға Жамбыл Жабаевтың өлеңдерінен үзінділер шығып отырады. Әр өлеңіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып айту керек. Ол сөзді үш тілде айту жүктеледі. Үш тілде дұрыс айтқан топқа 30 ұпай беріледі. Егер екі тілде айтса, 20 ұпай, бір тілде 10 ұпай беріледі. Ұпайы көп топ бас - тайды.

Жапаның ұлы _______боп

- Жақсы іспетті,- дер, әке.

Ағайынды еңіретті

__________ жасына қарамай...

Жан қысылса белгілі,

Табылмайсың жарқын______

Жасауыл_______тінтпек

Қылыштары жарқылдап

Қайтіп ________ береді?

Айтқаны ішке қонбаған

VІ кезең «Жорға»

Топ ойыншылары ұяшықты таңдап, берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

А

1. “Күлтегін” ескерткіші қай жерден табылған?



2. “Музыканың үлкен кітабы” зерттеуінің авторы кім?

3. Абылай ханның кеңесшісі болған жырау?

4. Шоқанның шын аты.

5. Абай қай облыста дүниеге келген?

6. “Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің авторы кім?

Ә

1. “Құдатғу” білік дастанының авторы кім?



2. Абайдың шын аты.

3. Ы. Алтынсарин алғашқы мектепті қай қалада ашты?

4. Абайдың неше қара сөзі бар?

5. Араб алфавиті негізінде жаңа жазуды жасаған кім?

6. “Шұғаның белгісі” повесіндегі Шұғаның сүйіктісінің аты кім?

VІІ кезең. «Бұл кімдер?»

Топ жетекшілерінің сайысы. Бұл кезеңде топ жетекшілері берілген ақын - жазушылардың кімдер екенін тауып айту керек. Дұрыс әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

І топқа


ІІ топқа

VІІІ кезең. «Шешендік сайыс»

Соңғы шешу кезеңде топ мүшелері бірлесе отырып тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.

Тәуелсіз ел - бақытты ел

ІІІ. Қорытындылау

Әр топтың ұпай санын санап, жеңіске жеткен топты анықтау. Мадақтау, марапаттау.

ІV. Бағалау

Топ жетекшілері сайысқа қатысқан топ мүшелеріне тиісті бағаларын қояды.

V. Үйге тапсырма

Жамбыл Жабаевтың кез келген бір өлеңін жаттау.

Жыр патшалығының алыбы - Жамбыл

Cтуденты, аспиранты, молодые ученые, использующие базу знаний в своей учебе и работе, будут вам очень благодарны

СКАЧАТЬ 84.0Kb

Загрузка...

Автор Публикации: Admin

Жамбыл дүниеге екі рет келді:

тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан,

тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды.

Ғ.Мүсірепов

Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру.

Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.

Дамытушылық

мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: білімді қорытындылау

Сабақта қолданылатын

көрнекіліктер: интерактивті тақта:

а) Ж.Жабаевтың портреті

ә) Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер

б) «Жамбыл» тірек – сызбасы

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Жамбыл... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті.

Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады.

Олай болса келесі кезекте үй тапсырмасы бойынша оқушылар әзірлеген жауаптар мен көрініске кезек берелік.

Интерактивті тақтада Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдер берілген.

Балалар өздерің көріп отырғандай мына кесте бойынша сөз кезегін сендерге беремін.

Осы кезеңдер бойынша тапсырмалар орындату.

I кезең 1846-1916 жылдарға көз жіберсек.

II кезең 1917-1940 жылдарды қамтитын ақын өмірі қандай із қалдырды.

III кезең 1941-1945 жылдары төбемізге қара бұлт болып төнген ауыр да азапты кезеңде Жамбыл өміріне бір сәт тоқталсақ.

Мұғалімнің сөзі.

Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл - жүз жасаған ақын. Балалар тақта да берілген кезеңдер бойынша өз ойларыңды ортаға салыңдар, бірінші кезең бойынша кім бастайды?

* 1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл дүниеге келді.Туған жері- Жамбыл тауы.

*

Қақаған қар аралас соғып боран,



Ел үрей-көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын

Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

* Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.

КӨРІНІС

*

Шағым.



Оқымаймын молдадан,

Не оқытпақшы ол маған.

Бала келсе сабаққа

Жем дәметкен дорбадан.

Ақ сәлдесін төңкеріп

Көзін жұмып теңселіп,

Күн ұзығынға боздаған.

Оқығанша мен одан

Домбыраны қолға алам...

*

Бұл жылдары Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Досмагамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім.



*

Жамбыл айтыс ақыны Шөжемен дидарласады

*

Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездеседі. Қырғыз еліне ақындығымен танылады.



*

1912 ж. Жамбыл Сарыарқадан Жетісуға келген Балуан Шолақпен кездеседі.

*

Романовтар әулетінің патшалық құруының 300 жылдығын тойлау құрметіне көрме өткізіліп, оған үш жүздің игі жақсылары жиылды. Жамбыл өз жырында бастықтарына жаныға жағымпазданған болыстардың, билердің озбырлық іс-әрекеттерін әшкере етеді.



*

Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған «Патша әмірі тарылды» және «Зілді бұйрық» деген өлеңдерін шығарады

*

Патша әмірі тарылды



Оған қылап бар ма лаж ?!

Ішке толған зарымды,

Кімге айтармын қылып наз?!

Ал, балалар ақын өмірінің бірінші кезеңіне байланысты осындай тарихи оқиғалар болған екен.

Ал екінші кезеңі қандай оқиғалармен сипатталған екен.

*

Мамыр айында Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатынасып, ақындар айтысында бағалы сыйлық алады.



*

17-23-мамыр аралығында Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің бірінші онкүндігі өтті. Бұл онкүндікке қатысушы Жамбыл Жабаевты Мәскеу құшақ жая қарсы алды.

*

Желтоқсан. Жамбыл Қазақстан делегациясын бастап, грузин халқының ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» деген поэмасының 750 жылдық тойына қатынасты. Жыраулық өнерімен, суырып салмалық ақындығымен елді тәнті етіп, қайталанбас тума талантымен тағы да тамсандырды.



*

Кавказға сәлем

Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып,

Қиялы қиярға өрлеп қанаттанып,

Жазылып бүкіш белі қуаттанып,

Туған ел сәулетімен санаттанып!

Қолға алып домбырасын жаны жайнап,

Советтік дәуірінде талаптанып,

Ән шырқап шарықтағаған сағатында

Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып.

1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің "Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады.

*

Маусым. Фашистік Германия КСРО Мемлекеттік шекарасын бұзып, басқыншылық соғыс бастады деген суық хабарды емханада жатып естіген Жамбыл Отанды қорғап қалуға шақырған патриоттық өлеңдерін шығарады.



Қыркүйек. Жамбыл атақты «Ленинградтық өренім» деген өлеңін шығарады.

*

Ленинградтық өренім.



Мақтанышым сен едің.

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін

Жабықпағын, Ленинград!

Отан әмір берген шақ.

Сап-сап болып қол барап,

Қорғап сені ол қалар...

*

Ленинградцы, дети мои!



Ленинградцы, гордость моя!

Мне в струе степного ручья

Виден отблеск невской струи.

Если вдоль снеговых хребтов

Взором старческим я скользну,

Вижу своды вашых мостов

Взорь балтийскую голобизну,

Фонарей вечерних рой,

Золоченных крыш острия...

Ленинградцы, дети мои!

Ленинградцы, гордость моя!

Келесі кезекте суреттер бойынша сөйлесек.

1- сурет : Мына суретте Жамбылдың қай кезі суреттеледі?

2- cурет: Пірім менің Сүйінбай

Сөз сөйлемен сыйынбай – деп өлең бастауы нені білдіреді?

3-сурет:Жамбылдың ұлы бабасы Қарасай батыр ескерткіші қайда орналасқан?

4-сурет: Жамбыл өз жырларында байларды даттап, жарлыны жақтады. Мұны мына суретке қарай отырып, қалай дәлелдер едіңдер?

5-сурет: Осы кезде Жамбыл қай жағынан танылды?

Мұғалімнің сөзі.

Жамбыл атамыз әр түрлі жанрда өлеңдер жазған.

Тапсырма:

1. Сатиралық өлеңдері

2. Отан, Туған жер тақырыбындағы өлеңдері.

3. Жамбыл- айтыс ақыны.

****

Отан тақырыбында өлеңдер.



Мұғалімнің сөзі.

Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Айтыс ақыны ретінде қандай мағлұмат айта аласыңдар.

тапсырма

*

Жамбыл- айтыстың асқан шебері. Ол өз кезеңінің көптеген атақты ақындармен айтысып, ешкімнен жеңілмеген.



*

Жамбыл мен Құлманбет айтысы күрделі, мазмұны кең айтыс. Айтыста Жамбыл жеңеді.

*

Жамбылдың артықшылығы Құлманбетке:байлығыңмен мақтанба, ерлікті айт, татулықты айт, бірлікті айт-, деген сөздерінен көрінеді.



*

Жамбыл Құлманбет сияқты бір жақты емес, ойлауы кең жан-жақты.

*

Жамбыл батырлық, ерлік, адамгершілік сияқты бүкіл халықтық құндылықтарға толық сенеді.



Мұғалімнің сөзі.

Сұрақ- жауаптар. Викториналық сұрақтар.

1.Ақын қандай болу керек деген сұраққа Жабыл қалай жауап берді?

2. Алғадай майданға аттанған жеті күннен кейін әйелі босанып, дүниеге ұл әкелді. Жамбыл осы немересі туралы қандай өлең шығарды?

3 К.Әзірбаев Жамбылды Алғадайдың өлімінен кейін қалай жұбатты?

4 Жамбыл Н.Тілендиевке өз домбырасын ұсынып тұрып, не айтты?

5 Жамбылдың Бауыржан Момышұлына берген батасы?

6 Жамбыл қырғыз ақыны Тоқтағұлға қандай өлең шығарды?

7 Жамбыл жыр қалай туады деген сұраққа қалай жауап береді?

Мұғалімнің сөзі :

Соғыс жылдарында Жамбылдың Алғадай деген баласы ерлікпен қаза табады. Ақын өз қайғысы арқылы бүкіл ел қайғысын танытады. Сол жоқтау өлеңін Бекжанның орындауында тыңдайық.

Бекжанның өлеңі.

Тақтамен жұмыс:” Бесік жыры ”

Жамбыл ардақты ұлы Алғадайдан айырылса да, қажымай Алғадайдың баласына бесік жырын арнайды.

Ал енді осы өлеңді толықтырайық.

1-оқушы. (бөбегін)

2-оқушы. (бесігің)

3-оқушы. (жұлдыз)

4-оқушы.(лақан )

5-оқушы.(ботақан )

6-оқушы.(құлыншақ )

7-оқушы.(бұзауқан )

8-оқушы (қошақан)

Мұғалімнің сөзі:

Сағаттың суреті. Жамбылдың соңғы өмірі.

22-маусым. Жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта Жамбыл дүниеден өтті.

8-шілдеде Жамбылдың мұражайы мен кесенесі ашылды.

Мұғалімнің сөзі:

Балалар! Жамбыл атамыз өлсе де аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбылдың сағаты әр қайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.

Өз облысымызда Жамбыл есімі берілген 15 мектеп бар.

Шымкент қаласында №26 мектеп Жамбыл атымен аталады.

Қане сендер не қосасыңдар?

Жамбыл атында облыс бар.

Жамбыл атында аудан бар.

Жамбыл атында көшелер бар ...

Мұғалімнің сөзі. Жазба жұмысы.Жамбыл атамыз артына ұмытылмастай қазына қалдырды. Ол Жамбылдың мәдени мұрасы, шығармашылығы.

Тапсырма: Тақтада өлең жазылады және оқылады.

Өлең "Мәңке туралы”

Сөздерін ұзарта келеді,

Өңешін қызарта келеді.

Өнімі азырақ жерде

Үстіне тұз арта келеді.

Оқушыларға үлестірме қағазы таратылады.

Дұрыс жауап тақтада көрсетіледі.

Тірек сызба: ЖАМБЫЛ

Сабақты қорытындылау.

1. Не білдік?

2. Не білгіміз келеді?

Суреттер көрсетіледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып-өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысты.

Ұлттық мәдени- рухани байлықты дамыту.

Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы

Гүлбану

Май 9, 2015

Қазақ әдебиетінен ашық сабақтар

Leave a comment

814 Показы

tweet

Рецепт


Необычные деруны с изюминкой: таких вы никогда не ели

vpuzo.com

Свинина

Потрясающие чебуреки - простой рецепт!



vpuzo.com

Хитрости кулинаров

К чаю стоит приготовить нежный, вкусный сыр: рецепт

vpuzo.com

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу.2. дамытушылық: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.3. тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, география

Сабақтық көрнекілігі: Ж. Жабаевтың суреті, шығармалары, слайд.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру сәті

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Кезекші арқылы түгелдеу

3. Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылар назарын өлең жолдарымен сабаққа аудару.

«Өнер алды – қызыл тіл»,

Анаңдай оны құрметте!

Қажымай, талмай үйрен, біл,

Асылын сөздің өрнекте.

Ана тіл – асыл қазына,

Байлығың — білсең ол сенің.

Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің,- деп сөз асылын,

өлең қасиетін сезінетін кезекті әдебиет сабағын бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Балалар, Ілияс Жансүгіровтің асқан ақындық таланты оның поэма жанрында әсіресе айқын көрінеді.

1. Олай болса, ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтейік.Кім айтады?

2.Ақынның қандай поэмаларын білесіндер?

«Күй», «Күйші» поэмаларының негізгі тақырыбы не?

4. Кенесары хан туралы қай поэмасында айтылады?

5. «Дала» поэмасы қандай тараулардан тұрады?

6. Ақынның оқу – білімге жазған қандай өлеңдерін білесіңдер?

«Құлагер» поэмасында кімнің өмірі суреттелген?

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жүз жыл жырлаған жүрек (слайд — 1)

Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. (М. Әуезов) (Слайд — 2)Ой қозғау сұрақтары

1. Балалар, Жамбыл Жабаевты қай шығармасы арқылы жақсы білесіңдер?

2. Қазақ әдебиетінде ақынның алатын орны қандай?

Мұғалімнің түсіндірмесі

1. Ақынның дүниеге келуі

2. Ақынның ұстаздары мен ақындық ортасы. (Сүйінбайдан Жамбылтың өмірінен көрініс) (слайд — 3)

3. Айтыстары

4. Сатиралық өлеңдері

5. Отаншыл өлеңдері

6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері.

ІV. Сабақты бекіту. Хронологиялық кесте толтыру.

Жылдар Негізгі оқиғалар

1846 ж.——- Ақын дүниеге келді

1863 — 64 ж.—- Қоқан хандығы билік құрды

1881 ж.——- Құлмамбетті жеңді

1916 ж.——- Ұлт азаттық көтеріліс

1936 ж.——- Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі

1941 — 1945 ж.—- Ұлы Отан соғысы

1945 ж.—— Дүние салды

Шығармалары

«Кедей күйі»

«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды»

«Туған елім»

«Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық»

1. Балалар, Жамбыл атамыздың өлеңдерін жатқа айтатындарың бар ма?

(Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін оқушылар жатқа айтады)

2.«Зілді бұйрық», «Ленинградтық өренім!» өлеңдері мәнерлеп оқылады.

V.“Ленинградтық өренім” өлеңнің сатылай кешенді талдауРецепт

Необычные деруны с изюминкой: таких вы никогда не ели

vpuzo.com Свинина

Потрясающие чебуреки - простой рецепт!

vpuzo.com Фантакстика

Такое блюдо 100% удивит ваших домашних - оригинально и ...

vpuzo.com

Авторы – Жамбыл Жабаев.

Тақырып – халықаралық достығы, Отанды сүйспеншілік.

Жанр түрі – поэзия (өлең).

Идеясы – автор тақырып арқылы өзінің сезімін, көзқарасын бейнелейді. Жауға – соққы беру, ленинградтық тұрғындарының ерлігін жырлау.

2 шумақ.

33 тармақ.

1 бунақ.

Әдеби теориялық ұғымдар:эпитеттер – көк, сүйкімді, заманымның өрнегі.

Теңеу – бұлағымдай, өркеш-өркеш жарасқан, шоқылардай, судай.

Өлеңнің тәрбиелік мәні: бәр халықтар достасып, бірге жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.

Сабақты қорыту. Тест сұрақтары беріледі.

(Дәперлерін алмастыру арқылы бір – бірлерінің тесттерін тексереді)

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ақын Сәкен Сейфуллин «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»,- деген екен. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуымыз керек.

«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»

Н.Ә.Назарбаев

VІ. Үйге тапсырма:Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (шығарма)

VІІ. Бағалау: Жауаптарына қарай бағалау.

Сабақтың тақырыбы: « Жыр алыбы- Жамбылға 165 жыл.

Сабақтың мақсаты:Б/К Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.

Д/Қ:Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.

Т/К: Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

Сабақтың әдіс- тәсілдері:әңгімелеу, мәнерлеп өлең оқу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, ақын жазушылардың пікірі, буклеттер, ақын өлеңдерінен үзінділер,сурет, кітап көрмесі, сөзжұмбақ,Жамбыл әлемі фотосуреттер.

Сабақтың барысы: Кіріспе. Мұғалім сөзі.

Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,

Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.

Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,

Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

Халыққа үшін төрге төсеп төсек етер,

Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.

Көтерген көкке төбе тірелгенше,

Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

Заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына арналған тәрбие кешіне хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 165 жасқа толып отыр. Осы мерейтойға арналған би шашу.

Сахнада 7 «а» сынып оқушыларының орындауында қазақ биі.

1-жүргізуші:Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.

2-оқушы: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.

3-оқушы:Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.

Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.1938 жылы «Ленин» орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді.Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп , Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері,дастандары бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет