Күні: Тобы: Пәні: Этнопедагогика Тақырып


Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар



бет2/2
Дата05.09.2023
өлшемі25,26 Kb.
#180222
1   2
Байланысты:
Лекция 1. Этнопедагогиканың пәні

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметтері, негізгі түсініктерін атаңыз.
2. Басқа ғылыммен өзара байланысын анықтаңыз.
3. Этнопедагогика ұғымының мәнін ашыңыз.
4. Этнопедагогиканың зерттеу әдістерін көрсетіңіз.
5. Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысын анықтаңыз.

Этнопедагогика –белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт дәстүрінен құралған ауыз әдебиеті ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.


Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына “этнос” түбірі қолданылады (этнография, этнопсихология, этнопедагогика т.б.)Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы –халық педагогикасында өрнекті ұғым -әдеп. Әдеп –этика ғылымының “этика”деп аталатын алкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисында баламасы.
Әдеп, яғни жеке ғылым саласыретінде әлемнің Бірінші, Екінші ұстаздары Аристотель мен Әл Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалып, көркемдік мәнді білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылық, мейірімділікті білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың көркем көріністерінен түйсіндіретін ұғымдардың атауы болып табылады.
Эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастық саладағы алтын өзегі-әдеп. Әдеп сөзінің мәні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста халқымыздың мәдени рәішін ұғындырады. Әдеп-ұлттық педагогиканың, яғни қазақт этнопедагогикасының алтин арқауы, тәлімдік кредосы.
Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады.
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп , тәрбиелеп келгені көпке аян . Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айланысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан –ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет,өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар.Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтың педагогика салт-дәстүр, жол-жора ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтың қарым-қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі, адам мінезін , іс-әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан өтіп, ғылым педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың құралы болып, тәрбие жүйесінің қызметін атқарып келгенін байқаймыз. Яғни, осыдан келіп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік –идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, он ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан – жақты зерттеп, қарастырып өз қажетіне жаратады. Осы қажеттіліктен келіп халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары-халықтық педагогиканы ой елегінен өткізіп зерттеп, тәрбие мен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды.

2.Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың, халықтық психология мен этнопсихологияның өзара байланысы мен ортақтастығы.


Академик Н.Г. Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде ; адамдардың қоғамды құруда, қошаған ортаны- табиғаты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде бастырөл атқаратыны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы, халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негіздеген эмприкалық білім болып келуі;оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөні халық жадында сақталмай, бүкіл халықтық мұраға айналып кетуі, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибелері мен ой түйіндері сол халықтың ой-тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен, озық үлгілерінің мәңгі сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып қалуы; халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде болуы; сон дай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенің озық үлгілеріне және оның нәтижесіне құрылуы; тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей тұтас түрінде берілуі ( мысалы, қол, би, музыка өнерлерінде ой еңбегі мен дене еңбегі, ақыл-ой тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің бірге ұштасып келуінде) деп саралай көрсетіп келеді де, “халық педагогикасы ру, тайпа,ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесінде негізделіп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері)арқылы іске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға ғылымға негізделеді. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрін, тұрмыс тіршілігін педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады…Яғни, халық педагогикасы ғылымға шикі материял даярлаушы мәліметтер көзі болып табылса, сөйтіп педагогика ғылымына қызмететушінің рөлін атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық мәдениетін зерттеп оның прогрессивтік үлгілерін бүгінгі оқу- тәрбие ісіне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастырады”.

Халықтық педагогика –тәлім тәрбиелік ой- пікірлердің ілкі бастауы. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.


Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері.
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің , әлеуметтік психологиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақтастығы болып табылады.

Ұлттық психологиялық құрылым мен ұлт мәдениеті арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелік ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Мысалы, біз ән күйлерді, билерді тыңдай отырып, немесе ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін бірден айырамыз.


Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым-қатынасынан, киім-киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады.
Әдебиет- тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін он халық құрап қастерлеп,жаттап жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп қадірлеп қалыптастырып, асылым деп. ақыл санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері-мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол-ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қиянда-татын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілі, ойды, дамытып, тәлім-тәрбие беріпдүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл-халық педагогикасының алкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр.Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың марал-мәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің де түсініктемелеріне арқау бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет