статистика кабинеті мен орталық залалсыздандыру бөлмесінен тұрады.
Терапия бөлімінің бас меңгерушісі: Оспанова Ләззат Амангелдіқызы.
Аға меңгерушісі: Утебаева Гүлбаршын Жүсіповна мені
дәрігерге дейінгі қарау бөлмесіне жіберді.
ДДҚ бөлмесінің құрылысы: Кушетка,жұмыс үстелі,таразы мен бой өлшейтін ростомер, глюкомер мен холестомер, көз ішілік қысымды өлшеуге арналған кішкентай кир тасы, Артериялдық қан қысымын өлшейтін тонометр мен фонендоскоп.
ДДҚ бөлмесінің құжаттары:
Дәрігердің қабылдауына дейінгі ауруларды тіркеу журналы;
Алдымен қолымды гигиеналық негізде жуып, қолғапты киіп.
Бой өлшейтін құралға клеенка жаптым.
Науқасқа бой өлшегіш құралға арт жағымен тұруын сұрап, белімен, желкесімен жанасып тұруы қажет екендігін айтып.
Пациенттің бойымен жоғары қозғалтқышты көтеріп,
шкала бойынша пациенттің бойын анықтап,
қорытындысын айтып журнал мен науқастың картасына тіркедімде,
бой өлшегіш құралмен және клеенканы ерітіндімен 2 рет 15 минут аралығында сүртіп.
Қолғапты шешіп,
КБУ-ға тастадым.
Қолымды жуып, кептірдім.
Пациенттің дене салмағын өлшеу.