Аты-жөні: Ақбөпе Е.А
Туылған жылы: 25.02.1975ж
Мекен жайы: Ш.Жанбек 74/2
Шағымы: тамақ ішкеннен соң, 1сағаттан кейін жүрегінің айнуы, дене қызуының жоғарлауы. Ппльпация жасағанда: Эпигастрий аймағының ауырсынуы,терісі ақшыл, анемия байқалады.
Асқазан сөлінде қышқылдығы көбейген.
Диагноз: Гастрит
Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмек жазып бердім.
Rp: Tab. Festali 0.5 D.S:1m+3рет # Rp : Succus gastricus notrirolis 100ml D.S: 1-2 ас қасық тамақ үстінде қабылдау. # Егу бөлмесінің медбикесімен бірге
стационар бөлімінде жатқан науқастарға салынатын дәрі -дәрмектерді енгіздім
Ең бірінші мен Молдахметов Ерғонысқа салынатын дәрі дәрмектерді салдым. Na Cl - 0,9 200.0 Эуфиллин 2,4 10,0 Инъекция бастамас бұрын алдымен қолымды таза ағынды суда сабындап жуып,антисептикпен өңдеп,стирильді резеңке қолғап кидім.
Ең бірінші дәрілердің жарамдылық мерзімін қарадым,
Na Cl-тің қақпағын ашып спиртпен сүртіп алдым, содан кейін сыртына салынатын науқастың аты-жөнін, палатасын, ішіне қосылған дәрісін жаздым.
Одан кейін Эуфиллинді 5 мл шприцке сорып алып, Na Clке қостым.
Na Clке система жалғадым, штатифке орнатып ауасын шығардым.
Шынтақ бүгісінің астына клеенкалы жастық төседім.
Шынтақ бүгісінен 10 см жоғары жерге жгут байладым.
Көк тамырдың толуын жақсарту үшін науқасқа бірнеше рет жудырығын жұмып ашуын сұрадым.
Шынтақ бүгісінін терісін 70% спиртке батырылған залалсыздандырылған мақтамен өңдедім, 2-3 рет бір бағытта жоғарыдан төмен қарай сүрттім.
Инені салу үшін неғұрлым толған жэне колайлылау көк тамырды таңдадым.
Қолыма инені алып алдымен теріні, содан кейін көк тамырдың кабырғасына жакындатып тестім.
Ине көк тамырда екендігіне көз жеткіздім.
Науқасқа жүдырыгын ашуды өтіндім де жгутты шештім..