Жазда күннен қорғайтын құралдар пайдалану қажет екендігін адамдардың көпшілігі біледі. Алайда тері УК-сәулелерден жыл бойына зардап шегеді. Бұл дегеніміз, теріні жыл бойы қорғау қажет деген сөз. Қалай екенін айтамыз.
1. КӨКТЕМДЕ
Көктем басталғанда УК-сәулелердің қарқындылығы жылдың басқа мезгілдеріндегіге қарағанда жылдамырақ артады. Сонымен бірге бұл кезде сенің терің меланин мөлшерін бәрінен де аз бөліп шығарады және күн сәулесінің әсеріне тез ұрынатын болады.
Не істеу керек?
Температура мен ылғалдылықтың артуына орай себумның табиғи жолмен бөлінуі ұлғаяды, ал тері көбірек терлейді. Сондықтан жеңіл текстуралы және қорғаныс факторы 15-тен кем болмайтын өнімдер пайдалан (сенің теріңнің типіне байланысты). Күндізгі крем немесе флюид жаққаннан кейін күннен қорғайтын құралдарды пайдалануды, немесе екі өнімді де бетке арналған NovAge Day Shield SPF30 Advanced Skin Protector креміне айырбастауды ұсынамыз, ол тек ылғалдандырып қана қоймай, УК-сәулелерден де қорғайды.
Сенің терің жаңа ауа-райына үйренгенше, кең жиекті қалпақ, жеңі ұзын жейде және ұзын шалбар ки. Кеңес: егер де матаның артынан жарық көрініп тұратын болса, онда ол сені ультракүлгін сәулелерден қорғай алмайды.
2. ЖАЗДА
Жаз – бұл ұзақ күн мен ультракүлгіннің ең көп мөлшері. Осы екі фактордың қосылысы сенің күнделікті алатын УК-сәулеленуіңнің мөлшері артық болуына әкеліп соқтырады. Жақсы жаңалық: меланин деңгейі көктем бойы ұлғаяды, бұл саған «кіріктірілген» қорғанысты қамтамасыз етеді. Бірақ та, фотоқартаю мен терінің зақымдануының, сонымен қатар пигменттік дақтардың пайда болуының, мимикалық әжімдердің, тері обырына шалдығу мүмкіндігінің алдын алу үшін күннен қорғайтын крем өмірлік қажетті нәрсе.
Не істеу керек?
Суға жүзгенде немесе ашық күннің астында көп уақыт өткізген кезде көпмақсатты суға төзімді күннен қорғайтын SPF 30 бар немесе одан да жоғары құралды пайдалан. Оны теріңнің ашық жерлеріне жақ, құлақтарыңды, мойныңды, қолың мен аяқтарыңды ұмытпа. Біз Sun Zone сериясының кез-келген өнімін және бетке арналған мультифункционалдық SPF 50 NovAge қорғаныс кремін ұсынамыз. Сонымен бірге еріннің нәзік терісін қорғауға SPF бар далап көмектеседі, мысалы ерінге арналған SPF 12 Giordani Gold қалпына келтіруші бальзамы.
Ультракүлгін сәулелерге тосқауыл қоятын күннен қорғайтын үлкен көзілдірік ки. Олар қабақты ғана емес, сонымен бірге көздің айналасындағы нәзік теріні де қорғауға көмектеседі.
Есіңде болсын, «қауіпсіз күнге күю» деген тәрізді түсінік болмайды. Тері түсінің қараюы, немесе күнге күю – бұл ультракүлгіннің жағымсыз әсеріне сенің ағзаңның берген жауабы.
Тіптен далада күн бұлтты болса да, теріңнің ашық жерлеріне күннен қорғайтын құрал жақ және шомылу киімінің сыртынан жейде немесе көйлек ки.
3. КҮЗДЕ
Күзде тері температураның төмендеуі мен орталықтан берілетін жылытудан зардап шегеді де, құрғап кетеді. Сонымен бірге, егер де ультракүлгін сәулелер көктем мен жазда теріні әлдеқайда қатты етсе, онда күзде ол іштен жеткіліксіз ылғалданатын болады.
Не істеу керек?
Оның қажеттілігіне орай, теріге күтім жасау керек. Егер де тері құрғап және қатайып кетсе, пилинг пен массаж жаса. Сонымен қатар ылғалдандыруды да ұмытпа, таңертең және кешке нәрлендіргіш құралдарды пайдалан. Күз мезгілінде теріге күтім жасау туралы толығырақ білгің келсе, біздің мақаламыздан оқы.
4. ҚЫСТА
Сенің терің қыста, басқа жыл мезгілдеріне қарағанда құрғауға әлдеқайда қабілетті болады. Бұл түрлі себептердің қатты жел, суық ауа және ғимараттың ішіндегі ауаны құрғатып жіберетін орталықтан жылыту әсерінен болады.
Ультракүлгін сәулелер қыста сенің теріңе әсер етпейді деп ойлауың мүмкін. Алайда бұл жалған. Қар мен мұз УК-сәулелерді шағылыстырады да, қосарланған – тікелей және жанама (шағылысқан) сәулеленуді туындатады. Қардың 80%-ға дейін, ал құм тек 25% УК-сәулелерді шағылыстыра алатындығы дәлелденген. Сондықтан күннен қорғайтын кремді жинап тастама!
Не істеу керек?
Егер де сен қыста уақытыңның көбін, негізінен, ғимаратта өткізетін болсаң, саған күннен қорғайтын құрал, праймер немесе SPF 20 факторы бар негіз жеткілікті болады.
Егер де сен ашық табиғат аясында жиі болатын болсаң, шаңғы немесе сноуборпен сырғанасаң, сен шағылысқан УК-сәулелерге тап келесің. Саған SPF-50 факторы бар құрал қажет. Біз SPF-50 жоғары қорғаныс дәрежесі бар бетке арналған Sun Zone күннен қорғайтын кремін ұсынамыз.
Суық жел еріндеріңнің нәзік терісін құрғатып жіберуі мүмкін, сондықтан SPF бар нәрлендіргіш бальзам туралы ұмытпа.
SPF факторы нені білдіреді?
Терінің табиғи қорғанысының ұзақтығы — бұл күннің астында теріде күю белгілерінің пайда болуынсыз жүрудегі әр адам үшін жеке уақыт мөлшері. Крем жақпай-ақ әрекет ететін терінің табиғи қорғанысының уақыт мөлшері терінің түріне байланысты, әдеттегідей, 5-тен 30 минутқа дейін өзгеріп отырады. Күннен қорғайтын кремнің факторына (SPF-фактор), егер табиғи қорғаныстың жеке ұзақтығын көбейтсек, күннің астында қатерсіз болатын уақыттың мөлшері шығады.
Күннен қорғайтын крем суға төзімді болуы қажет
NIVEA SUN күннен қорғайтын суға төзімді өнімдер қатары (COLIPA 2005) халықаралық стандарттарына сәйкес сынақтан өткен.
• Мысалға алсақ, екі рет 20 минуттық шомылудан кейін кремдер өзінің қорғаныс факторын кем дегенде 50% сақтайды.
• "Суға төзімділігі аса жоғары" белгісі бар өнімдердің суға төзімділігі қосарлы деңгейге ие (20 минуттан 4 рет шомылуға жарамды).
• Балаларға арналған Ойна да шомыл топтамасының "суға төзімділігі аса жоғары" белгісі бар өнімдері өзінің қорғаныш қасиетін 120 минут шомылғаннан кейін де кем дегенде 50 % сақтайды.
Күннен қорғайтын кремді дұрыс қолдану: жағу бойынша кеңестер
Күннен күюден қорғайтын SPF-факторлы кремнің дұрыс мөлшерін таңдау қорғанышты қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Бұл үшін NIVEA сарапшылары қарапайым саусақ ережелерін жасап шығарды:
3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған қажетті мөлшер: крем тектес құрал жолағының ұзындығы бір-бір жарым орта саусақтай (мысалы, NIVEA Sun балалар үшін күннен қорғайтын лосьоны) немесе 5-6 рет басылған NIVEA Sun балалар үшін күннен қорғайтын спрейі. NIVEA Sun балалар үшін күннен қорғайтын спрейі.
6-дан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған қажетті мөлшер: крем тектес құрал жолағының ұзындығы бір жарым-екі орта саусақтай немесе 7-10 рет басылған
Үлкен балаларға және үлкендерге арналған қажетті мөлшер: крем тектес құрал жолағының ұзындығы білектен орта саусақтың ұшына дейінгідей немесе спрейдің 15 рет басылуы.
Мұндай мөлшер қолға, кеудеге, мойын мен бетке жағылады. Арқа, іш пен аяққа құралдың екі есе үлесі қажет. 5 жасқа дейінгі балалардың бетіне, мойны мен кеудесіне 2 есе көп крем жағу керек, себебі, кішкентай балалардың бас аумағы үйлесімсіз үлкен. Назар аударыңыз!
Кремнің жаңа қабатын алдын ала жағу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |