Физика пәнінен деңгейлік тапсырмаларды бағалау
I деңгей
Бұл тапсырмалар: жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер, т.с.с. түсін өзгертпей естігенін жатқа айтып беруге арналған қарапайым тапсырмалар. Оларға оқушылардың барлығы міндетті түрде жазбаша жауап береді, барлығы 5 ұпай жинап, “зачет” алады.
II деңгей
Бұл тапсырмалар оқушылардың I деңгейден алған білімдеріне негізделіп құралады. Олардың барлығын дұрыс орындай алған бала алғашқы 5 ұпайына тағы 10 ұпай қосып, 15 ұпай жинайды. Ол осы тақырып көлеміндегі толық “4” деген бағаға сәйкес келеді деп қарастырылады.
III деңгей
Оқушы жаңа тақырып бойынша негізгі ойды қорытып, өз пікірін айта алатындай бір ғана тапсырма болуы тиіс. Дұрыс жауап бере алған оқушы I, II- деңгейлерден жиған 15 ұпайына тағы 15 ұпай қосып, 30 ұпай жинайды. Ол дәстүрлі оқытудағы “5” бағасына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |